Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж


Экономикалық өсуді өлшеудің тəсілдерін екіге бөлуге бо-



Pdf көрінісі
бет202/309
Дата12.12.2023
өлшемі2.94 Mb.
#486256
түріОқулық
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   309
Макроэкономика

Экономикалық өсуді өлшеудің тəсілдерін екіге бөлуге бо-
лады:
1. Нақты жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) өсуі. Бұл əдіс эконо-
мика мүмкіншілігінің молаю шапшаңдығын бағалау үшін қол-
данылады.
2. Жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) бір адамға шаққандағы өсуі. 
Халықтың əл-ауқатының дамуын талдағанда немесе елдер мен 
аймақтардағы тұрмыс дəрежесін салыстырғанда қолданылады.
Қоғамдық өндірістің типіне байланысты, өнімнің өсу ша-
шаңдығы мен өндіріс факторлары көлемі өзгерістерінің арасын-
дағы сəйкестік əртүрлі болуы мүмкін, сондықтан экономика лық 
өсу де бірнеше типке бөлінеді.
Экономикалық өсу қарқыны – пайыздық көрсеткішпен 
əдетте бір жылға есептелетін нақты ЖІӨ-нің өсім қарқынының 
көрсеткіші. Бірақ, бұл көрсеткіш зерттелу сипатына қарай бір 
айға, кварталға, жартыжылдыққа, онжылдыққа, яғни уақыттың 
қандай да бір қолайлы кезеңіне сəйкес есептелуі мүмкін. 
Экономикалық өсуді өлшеудің мынадай негізгі көрсеткіштері бар:
1. Өсу коэффициенті – бұл қарастырылып отырған ағым-
дық кезеңдегі өсу көрсеткішінің базистік кезеңдегі өсу көр-
сеткішіне қатынасы:


285
Y
t
 = Y
t
 - Y
t -1
 / Y
t -1
, немесе, ΔY
t
 = Y
t
 - Y
t -1 
2. Өсу қарқыны – 100%-ға көбейтілген өсу коэффициенті;
3. Өсім қарқыны – өсу қарқыны минус 100%.
Экономикалық өсу жиынтық динамикалық көрсеткіш бо-
лып табылады жəне ұлттық экономиканың жағдайын белгілі 
бір уақыт аралығында жалпы сипаттайды. Алайда, жоғарыда 
аталып өткендей, экономикалық өсудің көрсеткіші əрқашанда 
оң шама бола бермейді. Көптеген статистикалық деректерден 
экономикалық өсудің нөлдік немесе теріс шамаларын да көруге 
болады. Мəселен, Қазақстанда 1991-1998 жылдар аралығында 
экономикалық өсудің оң нəтижелері байқалмады. Себебі, тəуел-
сіздік жылдары еліміз өтпелі экономика жағдайында нарық тық 
қатынастардың бірнеше кезеңінен өте отырып экономикалық жү-
йенің жаңа құрылымын жасаумен болды. Осы кезде, 1997 жылы 
қабылданған «Қазақстан-2030» Стратегиясы елдің экономика- 
лық өсуіне мұрындық болды. Сөйтіп, 1999 жылдың екінші жар-
тысында экономикалық өсу орын алды жəне 2,7%-ды құрады. 
Əріқарай, Қазақстанның экономикалық өсу қарқынын жəне 
жан басына шаққандағы ЖІӨ-ді төмендегі кестелерден көруге 
болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   309




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет