Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж



Pdf көрінісі
бет226/309
Дата12.12.2023
өлшемі2.94 Mb.
#486256
түріОқулық
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   309
Макроэкономика

13.5-сурет 


315
Капиталдың келуі ұлттық валютаға сұранысты молайтады да, 
ақша ревальвациясына əкеледі. ВР қисығы солға жоғары BP׳-қа 
жылжиды. Бұл импорттың өсіп, экспорттың қысқаруына əкеледі. 
Нəтижесінде жиынтық сұраныс қысқарады. Тауар нарығының 
қисығы IS׳ қисығына солға-төмен жылжиды. Үш қисықтың 
ІS, LМ жəне ВР қиылысу нүктесінде (Е
2
) бір мезгілдегі тепе-
теңдік орнайды (13.6-сурет). Өндірістің нақты көлемі мен пайыз 
мөлшерлемесі бастапқыдан төмен болады (Ү
2

1
, R
2
1
).
13.6-сурет 
Жоғарыда сипатталған валюта бағамы өзгерісінің бір мезгіл-
де «ішкі» жəне «сыртқы» тепе-теңдіктің орнауына əсері импорт 
пен экспорттың жылдам өзгеруін болжайды. Өйткені кейнстің 
«ашық» экономика үлгісі қысқа мерзімге арналған.
Манделл-Флеминг үлгісі – тұрақты жəне құбылмалы айыр-
бас бағамы жағдайларында жүргізілетін экономикалық саясат 
нəтижелерін бағалау мақсатында қолданылатын шағын ашық 
экономика үлгісі.
Манделл-Флеминг үлгісі бойынша шағын ашық экономика 
əлемдік экономиканың тек аз ғана бөлігін құрайды, сондықтан 
оның дамуы үшін барлық параметрлер əлемдік рыноктан, яғни 
сырттан беріледі.
Ашық экономика үшін Манделл-Флеминг үлгісі ең алғаш рет 


316
ХХ ғасырдың 60-жылдарында қалыптасты жəне ІS-LМ үлгісінің 
жетілдірілген нысаны болады. Екі үлгі де қысқа мерзім кезеңін 
жəне бағаның тұрақтылығы мен өндіріс көлемінің (жиынтық 
табыстың) өзгеруін қарастырады. Олардың айырмашылықтары 
ІS-LМ жабық экономиканы, Манделл-Флеминг ашық шағын эко-
номиканы қарастырады. Манделл-Флеминг үлгісі үш теңдеуді 
қарастырады:
Ү = С(Ү-Т) + І(R) + G + Хn(е), ІS;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   309




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет