Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж



Pdf көрінісі
бет245/309
Дата12.12.2023
өлшемі2.94 Mb.
#486256
түріОқулық
1   ...   241   242   243   244   245   246   247   248   ...   309
Макроэкономика

Леонтьев оғаштығы – бұл АҚШ елі капитал артықшылы-
ғына ие бола отырып, капитал интенсивтілігімен өндірілген 
тауарларды экспорттаудың орнына оны импорттап, ал еңбекті 
көп қажет ететін тауарларды, осы фактордың сол елде тап-
шы болуына қарамастан, экспорттауы орын алған тəжірибелік 
қайшылық. Тəжірибе жүзінде, АҚШ-та 1940-жылдары капитал 
факторы артық жəне еңбек факторы тапшы болғанымен Хекшер-
Олин теориясын жоққа шығаратындай осындай ерекше құбылыс 
орын алған. Сонымен, бұл парадокс қалайша туындады?
Шын мəнінде, капитал мен еңбек өндірістің аса іріленген 
факторлары ретінде қарастырылады. Леонтьевтің көңіл ау-
даруы бойынша, өндірісте арнайы мамандандырылған ерек-
ше факторларды бөліп көрсету керек. Ондай фактор ретінде 
өзіне менеджменттің жетістіктерін жəне «адам капиталының» 
шығындарын сіңірген ерекше факторлар болуы мүмкін. Де-
мек, өндіріс факторларын ірілендірудің жаңа бағытын осылай 
сипаттауда, АҚШ өндірісте біліктілігі аса жоғары жұмыс күші 
көптеп қолданылатын ғылыми сиымдылықты (наукоемкие) 
тауарларды экспорттаған. Олай болса, АҚШ шындығында да, 
сол уақытта, еңбек факторының артықшылығына ие мемлекет 
ретінде саналған, яғни ол басқа елдерге қарағанда біліктілігі 
жоғары американдық жұмыскерлермен салыстырмалы түрде 
көп қамтылған. Сондықтанда, Леонтьев 1970-жылдары пара-
докстың мəнін өзі осылай шешіп Хекшер-Олин теоремасы тə-
жірибе жүзінде толыққанды орындалады деген қорытындыға 
келеді. 
Леонтьев оғаштығы теориясына сəйкес «жұмыс күшінің 
біліктілігі» үлгісі пайда болды. Енді осы үлгі шеңберінде
өндірісте төрт негізгі фактор – біліктілігі жоғары еңбек, білікті-
лігі төмен еңбек, капитал жəне жер факторлары қолданы-
лады деген тұжырым алға қойылды. Сонымен қатар, Леонтьев 
оғаштығын түсіндіру «капитал» ұғымын да кеңейтті, яғни адам 


342
капиталы, физикалық капитал, білім капиталы, қаржылық капи-
тал деген терминдер өмірге келді.
Сыртқы сауданың факторлық теориялары ары қарай дами 
түсті. Соның бірі болып Рыбчинский теорамасы табылды. 
Тегі поляк ағылшын экономисі Т. М. Рыбчинский 1955 жылы өз 
теориясында экономикалық өсудің сыртқы саудаға деген əсерін 
зерттеп, өнеркəсіптің кейбір салаларының тез қарқынмен дамуы 
басқа бір салалардың құлдырауына алып келетіндігін байқаған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   241   242   243   244   245   246   247   248   ...   309




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет