338
Бұл жерде, ең төменгі салыстырмалы баға 1 т. бидай = 1 т. мақта
арақатынасына тең болады.
Сонымен, əлемдік нарықта осындай тауарлар үшін бағалар
қалай қалыптасады? Бұл халықаралық сауда жағдайында бидай
мен мақтаға сұраныс пен ұсынысқа байланысты болып табыла-
ды. Мəселен, əлемдік баға 1 т. бидай = 1,5 т. мақта арақатынасы-
мен анықталады делік. Яғни, Қазақстан əлемдік нарықта 1 тон-
на бидай ұсына отырып, 1,5 тонна мақта сатып ала алады. Бұл
арақатынас Өзбекстан үшін де пайдалы, себебі ол 1 тонна бидай
үшін мақтаның тек 1,5 тоннасын ғана береді (жабық экономика
жағдайында 2 тонна мақтаның орнына).
Енді екі ел халықара-
лық айырбас пен мамандандырудың нəтижесінде
тұтынудың
жаңа
деңгейіне өтсе, халықаралық
саудадан тиімділік көреді
(14.2-сурет).
14.2-сурет. Сауда мүмкіндіктерінің сызығы: а – Қазақстан; ə – Өзбекстан
14.2-суретте сол елдердің өндірістік мүмкіндіктер
қисығы
(ӨМҚ) берілген. Бірақ əр елдің
сауда мүмкіндіктерінің сызығы
бұрынғы өндірістік мүмкіндіктер қисығынан жоғары орналасқан.
Олардың көлбеулігі екі ел үшін бірдей,
өйткені ол бидай мен
мақтаға қалыптасқан əлемдік баға деңгейімен анықталады жəне
Достарыңызбен бөлісу: