350
- экспортталатын өнім көлемін көбейту үшін
салық жеңіл-
діктерін беру.
Экспорттық субсидиялар экономиканың экспорттық салала-
рының дамуына жағдайлар жасайды жəне ұлттық өндірушілерге
əлемдік рынокта бəсекелік артықшылық тудырады.
ХХ ғасырдың отызыншы жылдары халықаралық саудада жаңа
кедергілер – тарифтік емес шектеулер пайда болды. Тарифтік емес
шектеулерге мыналар жатады: а) сапа стандарты; ə) санитарлық
шектеулер; б) құрал-жабдықтардың экологиялық талаптарға сəй-
кестігі; в) импортқа лицензия беруге шектеулер қою; г) нақты ел-
дерде кейбір тауарлар түрін сатуға əкімшілік тиым салу.
Ең кең тараған тарифтік емес шектеулердің бірі – импорт пен
экспортқа квота енгізу.
Импорттық квота – импорттық тауарлардың көлемін сандық
шектеу. Импорттық квотаның екі түрі ажыратады: а) абсолюттік
квота – берілген елге əкелуге
рұқсат етілген тауарлар көлемі;
ə) тарифтік квота – төмен ставка бойынша белгілі уақыт ара-
лығында нақты тауар əкелуге рұқсат беру.
Экспорттық квота – экспорттық
тауарлар көлемін сан жа-
ғынан шектейтін əдіс. Экспорттық квота ел экономикасы үшін
экспорттың алатын рөлін көрсету үшін қолданылады. Мысалы,
соңғы ХХ ғасырдың он жылдығында ЖІӨ-гі экспорт үлесі АҚШ
пен Жапонияда 10%-ды, Англия мен Францияда - 24%-ды, Герма-
нияда - 34%, Бельгияда - 70%-ды құрады.
Тарифтік емес шектеулерге сондай-ақ, демпинг пен сауда эм-
баргосы жатады.
Демпинг – экспортер-өндірушілердің сыртқы рынок-
та тауарларын ішкі бағадан төмен бағамен сатуы. Демпингтің
тұрақты жəне уақытша түрлері болады.
Тұрақты демпинг-фир-
малардың сыртқы рынокта монополиялық пайда табуы үшін
ұзақ бойы тауарларын əлемдік рынокта төмен бағамен сату.
Уақытша демпинг – тауарларды сыртқы рынокта өзіндік құны-
нан төмен бағамен сату. Демпингтің бұл түрі бəсекелесін ры-
ноктан ығыстырып, монополиялық билік орнату үшін
уақытша
қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: