392
ГЛОССАРИЙ
Автоматты (кіріктірме) тұрақтандырғыштар – үкіметтің сая-
сатын
жиі өзгертпей-ақ, өнім көлемі мен жұмысбастылық деңгейінің
циклдік ауытқуларын төмендетуге мүмкіндік
беретін экономикалық
тетіктер жүйесі.
Автономды (тəуелсіз) инвестициялар – ұлттық табыстың өсіміне
байланысты емес тұрақты инвестициялар. Автономды инвестициялар
техникалық прогрестің құбылмалы болуы, халық санының өсуі, сыртқы
нарықтардың кеңеюі, адамдар талғамының өзгеруі сияқты себептер-
ге байланысты пайда болады. Мұндай
инвестициялардың көзі болып
əдетте, мемлекет бюджет табылады.
Автономды шығындар мультипликаторы – ұлттық табыс немесе
тепе-теңдікті ЖІӨ өзгерісінің жиынтық сұраныстағы автономды шы-
ғындардың кез келген құрауышының өзгерісіне
қатынасын сипаттай-
тын сандық коэффициент.
«АD-АS» үлгісі – шығарылым көлемі мен баға деңгейінің
ауытқуларын, олардың өзгеруінің себептері
мен салдарларын жалпы
түрде зерттеу үшін қажетті базалық модель.
AD-ның бағалық емес факторлары –
сол AD-ның негізгі құ-
рауыштарына, яғни тұтыну шығындарына,
инвестициялық шығын-
дарға, мемлекеттік шығындарға жəне таза экспортқа əсер ететін барлық
факторлар.
Агрегаттау – берілген экономикалық құбылыстар мен үрдістерді
біртұтас жиынтық ретінде жалпылама түрде көрсету жəне біріктіру.
Аг регатталған өлшемдер нарықтық жағдаятты жəне оның өзгерісін си-
паттайды (пайыз мөлшерлемесінің деңгейі, жалпы ұлттық өнім, жалпы
ішкі өнім, бағалардың жалпы деңгейі, инфляция деңгейі, жұмыссыздық
деңгейі, т.б.).
Достарыңызбен бөлісу: