Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж



Pdf көрінісі
бет284/309
Дата12.12.2023
өлшемі2.94 Mb.
#486256
түріОқулық
1   ...   280   281   282   283   284   285   286   287   ...   309
Макроэкономика

Ақша жүйесі – қоғамда тарихи түрде қалыптасқан жəне мемлекеттің 
заңдық тəртіппен бекіткен ақша айналысын ұйымдастырудың ерекше 
формасы.
Ақша массасы – экономиканың шаруашылық айналымына қызмет 
көрсететін жəне жекелеген тұлғаларға, фирмаларға жəне мемлекетке 
тиесілі қолма-қолды жəне қолма-қолсыз түрдегі төлем құралдарының 
жиынтығы.
Ақша массасын таргеттеу (нысаналау немесе шектеу) – ақша мас-
сасы өсуінің жоғарғы жəне төменгі шегін белгілеу əдісі.
Ақша мультипликаторы (m) – ақша ұсынысының ақша базасына 
қатынасын сипаттайтын сандық коэффициент.
Ақша нарығындағы тепе-теңдікұсынылатын ақша көлемі 
жəне жеке тұлғалар мен кəсіпкерлер қолдарында ұстағысы келетін 
ақша көлемінің теңесуі. Ақша нарығындағы тепе-теңдікті Орталық 
банк реттейді.
Ақшаға деген сұраныс (М
d
) – тұрғындар мен фирмалардың беріл- 
ген уақыт мезетінде белгілі бір төлем операцияларын жүргізу үшін 
нақты қаражаттар көлемін өз қолдарында ұстағысы келетінін білдіретін 
қалаулары; нарықтың ақша қаражаттарына деген жалпы қажеттіліктері.
Ақша ұсынысы (M
S
) – банктен тыс айналымдағы ақша көлемі. Ол 
қолма-қол ақшалар (С) мен экономикалық агенттердің талап еткенге 


394
дейінгі депозиттерінен (D) құралады немесе ақша ұсынысын M
1
ақша 
агрегаты деп қарастыруға болады.
Ақша-несие (монетарлық) саясаты – мемлекеттің елдің ақша, не-
сие жəне банк жүйелері жолымен экономикаға əсер етуі.
Ақша-несие саясаты – ақша айналымы мен несие жүйесі саласын-
дағы мемлекеттік іс-шараларды жүзеге асырумен байланысты бірқатар 
жалпы экономикалық міндеттерді орындауға бағытталған макроэкономи-
калық саясаттың аса маңызды құрамдас бөлігі.
Аралық өнім – өңдеуге жəне қайта қымбатқа сатуға арналған өнім-
дер. Мысалы, машинаның дөңгелегі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   280   281   282   283   284   285   286   287   ...   309




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет