393
жет тапшылығы, табыс, елдегі халық саны, күн сайынғы еңбекке жарам-
ды жасқа кіретін жəне одан шығатын азаматтардың саны, жұмысынан
айырылған жəне жұмыс тапқан азаматтардың саны, т.б.).
Акселератор – белгілі жылда дайын
тауарға сұраныстың өсуіне
байланысты немесе табыстың артуына
орай кейінгі жылдары соған
жауап ре тінде туынды инвестициялардың бірнеше реттік өсуін сипат-
тайтын сандық коэффициент.
Ақша – инфляциялық үрдістерді, циклдік толқуларды, экономика-
ның
тепе-теңдікке жету механизмін, тауар жəне
ақша нарықтарының
тиімді жұмыс істеуін талдайтын аса маңызды макроэкономикалық ка-
тегория.
Ақша агрегаттары – бір-бірінен өтімділік дəрежелері
бойынша
ерек шеленетін ақша массасының құрылымдық элементтері.
Ақша айналымы – өз қызметтерін орындайтын жəне тауарлардың
сату-сатып алынуына қызмет көрсететін, сонымен қатар, тауарлық емес
төлемдер мен есеп-айырысуларды атқаратын ақшалар қозғалысы.
Ақша базасы (МВ) – банк жүйесінен тыс қолма-қол ақшалар (С)
мен Орталық банкте коммерциялық банктердің міндетті түрде сақ-
тайтын резервтерінің (R) қосындысы.
Достарыңызбен бөлісу: