Арнайы мамандандырылған қаржы-несиелік мекемелер –
эконо миканың нақты салалары мен аяларын несиелеумен айналысатын
банктік емес ұйымдар.
Артық резервтер – күтпеген жағдайлардан сақтану үшін жəне өтім-
ділігі бар құралдарға қажеттіліктерін өсіру үшін сақтайтын міндетті ре-
зервтерден артылып қалған сомалар.
Атаулы валюта бағамы – екі ел валюталарының салыстырмалы
бағасы. Яғни, бір ел валютасының екінші ел валютасына шаққандағы
бағасы. Атаулы валюта бағамын белгілеу үшін «айырбас бағамы»
ұғымы қолданылады.
Атаулы жалпы ұлттық өнім – осы жылғы ағымдағы бағалармен
есептелген ЖҰӨ көлемі.
Атаулы пайыздық қойылым – банктің несиелік операциялар бо-
йынша тағайындаған ағымдағы нарықтық пайызы.
Ациклдік көрсеткіштер – қарқыны экономикалық циклдің фазала-
рына байланысты болмайтын экономикалық параметрлер. Яғни, ондай
параметрге бірқатар елдердің экспорт-импорт көлемі, ұлттық қорғаныс
пен іргелі зерттеулер жүргізу сияқты мемлекеттік шығындардың бір
бөлігі жатады.
Ашық нарықтағы операциялар – Орталық банктің мемлекеттік
бағалы қағаздарды (облигацияларды) сатып алуы мен сатуы.
Ашық экономика – əлем мемлекеттерінің бір-бірімен өзара та-
уарлар мен қызметтерді экспорттайтын жəне импорттайтын, əлемдік
қаржы нарығында несиелік алып-сату қатынастарын жүзеге асыруға
негізделген макроэкономиканың жүйелік қатынастары.
Əлеуетті жалпы ішкі өнім – экономикада барлық ресурстар толық
қамтылған жағдайдағы орындалатын өндірістің мүмкін болатын көлемі.
Əлеуетті экономикалық өсу – экономиканың белгілі бір жылдам-
дықпен немесе қарқынмен өсе алу мүмкіндігі мен дəрежесі.
Бағалы қағаздар – пайыз немесе дивиденд түрінде табыс көзін
395 төлеуді қарастыратын сол құнды қағазды шығарушы мен оның иесі
арасындағы қарым-қатынастармен анықталатын қарыз құралдарын
иемденумен байланысты қаржылық құжат.