Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж


Р↑, → М/Р↓, → і↑, → І↓, → AD↓



Pdf көрінісі
бет40/309
Дата12.12.2023
өлшемі2.94 Mb.
#486256
түріОқулық
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   309
Макроэкономика

Р↑, → М/Р↓, → і↑, → І↓, → AD↓.
Пигу əсері (нақты кассалық қалдықтар əсері, немесе байлық 
əсері), бұл жағдайда бағалар деңгейінің өсуінен нақты байлық 
көлемі төмендейді, олай болса, тұтыну көлемі қысқарады, сəй-
кесінше, AD көлемі де қысқарады:
Р↑, → М/Р↓, → С↓, → AD↓.
Импорттық сатып алымдар əсері, бұл жағдайда импорт-
тық бағалардың өзгермеуі кезінде ел ішіндегі бағалардың өсуі 
экспорттың қысқаруына алып келеді, сəйкесінше, ұлттық эконо-
микада жиынтық сұраныс көлемі де қысқарады:
Р↑, → Е↓, → X
n
↓, → AD↓.
Осы аталған бағалық факторлардан басқа AD-ға бағалық емес 
факторлар да əсер етеді. Бұл факторлардың өзгеруі AD қисығын 


60
оңға немесе солға жылжытады. Оны төмендегі суреттен көруге 
болады.
3.2-сурет. Жиынтық сұраныстың өзгеруі
AD-ның бағалық емес факторлары дегеніміз – сол AD-
ның негізгі құрауыштарына, яғни тұтыну шығындарына, ин-
вестициялық шығындарға, мемлекеттік шығындарға жəне таза 
экспортқа əсер ететін барлық факторлар.
1) Тұтыну шығындарына тұтынушылардың табысы, əл-
ауқаттылығы, олардың болашақты күтуі, жеке табыс салық-
тарындағы өзгерістер сияқты факторлар əсер етеді. Мысалы, 
тұ тынушылардың ақшалай табыстары өскен кезде AD ұлғаяды 
жəне қисық оңға жылжиды, керісінше, табыстың азаюы AD 
қисығын солға жылжытады.
2) Инвестициялық шығындарға пайыз мөлшерлемелері, 
субсидиялар, бизнес салықтары, жеңілдетілген несиелер сияқты 
факторлар əсер етеді. Мəселен, бизнеске деген салықтың өсуі ин-
вестицияны қысқартады, олай болса, жоғарыдағы суретке сəйкес, 
AD қисығы солға AD
1
-ге қарай жылжиды. Керісінше, салықтың 
азаюы AD қисығын оңға AD
2
-ге жылжытады.
3) Мемлекеттік шығындарға мемлекеттік саясат əсер етеді. 
Мемлекеттік шығындардың өсуі AD-ны көбейтіп, қисықты оңға 
жылжытады, ал керісінше, олардың қысқаруы қисықтың солға 
жылжуына алып келеді.
4) Таза экспортқа валюта бағамдарының өзгеруі, сыртқы 
нарықтағы жағдайлар сияқты факторлар əсер етеді. Ұлттық ва-


61
люта бағамының өсуі импортты көбейтіп экспортты қысқартады, 
нəтижесінде жиынтық сұраныс қысқарып, AD қисығы солға жыл-
жиды. Ал егер ұлттық валюта бағамы төмендейтін болса, онда 
AD қисығы оңға жылжиды.
Сондай-ақ, AD-ның бағалық емес факторларына ақшаның 
сандық теориясына сəйкес, ақша ұсынысы жəне ақша айналы-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   309




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет