Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж


-сурет.  Ұзақ мерзімдегі жиынтық ұсыныс қисығы 63



Pdf көрінісі
бет42/309
Дата12.12.2023
өлшемі2.94 Mb.
#486256
түріОқулық
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   309
Макроэкономика

3.3-сурет Ұзақ мерзімдегі жиынтық ұсыныс қисығы


63
Қысқа мерзімді кезеңде мұндай үлгі қолданылмайды.
Кейнстік үлгі экономиканы қысқа мерзімді кезеңде қарас-
тырады жəне ол келесі алғышарттарға негізделеді:
• экономика өндіріс факторларының толық қамтылмаған 
жағдайында жұмыс істейді;
• тауар бағалары, атаулы жалақы жəне басқа да атаулы шама-
лар тұрақты, яғни икемсіз, оларға нақты өзгерістер өте баяу əсер 
етеді;
• нақты шамалар (өнім көлемі, нақты жалақы, жұмысбасты-
лық) нарықтық өзгерістерге өте сезімтал болып келеді.
Кейнстік үлгіде AS қисығы көлденең сызық түрінде болады 
(3.5-сурет). 
Жиынтық сұраныс тарапынан болатын өзгерістер өндіріс 
көлеміне əсер етеді, ал бағалар деңгейі өзгеріссіз қалады. Мы-
салы, ақша ұсынысының төмендеуі AD
1
қисығын AD
2
қисығына 
3.4-сурет.  Ұзақ мерзімдегі жиынтық сұраныс қисығының өзгеруі
3.5-сурет.  Қысқа мерзімдегі жиынтық ұсыныс қисығы


64
қарай ығыстырады. Экономикалық тепе-теңдік E
1
нүктесінен E
2
нүктесіне, ал өндіріс көлемі Y
1
нүктесінен Y
2
нүктесіне ауысады 
(3.6-сурет).
3.6-сурет. Қысқа мерзімдегі жиынтық сұраныс қисығының өзгеруі
Сонымен, жиынтық ұсыныс қисығы үш кесіндіден тұрады 
(3.7-сурет). 
3.7-сурет. Жиынтық ұсыныс қисығының кесінділері
Көлденең кейнстік кесіндіде өндіріс факторлары өндірістік 
үдеріске толық тартылмаған болып табылады, бағаның тұрақты 
деңгейінде жұмыссыздық орын алады. Көлденең кесінді төтенше 
кейнстік жағдай деп аталады.
Аралық кесіндіде бос факторлардың өндіріске біртіндеп тарты-


65
луы өнім көлемін арттырады. Өнім көлемі шығындардың өсуіне 
əкеледі де, баға көтеріле бастайды. Аралық кесінді қалыпты 
кейнстік жағдай деп аталады.
Тік классикалық кесіндіде экономика толық жұмыспен қам-
тылған жағдайда өндіріс көлемі ең жоғары деңгейде болады. Бос 
ресурстар болмағандықтан, өндіріс көлемін одан ары арттыру 
мүмкін емес. Сондықтан ресурстарға баға өседі де ол жалпы баға 
деңгейінің өсуіне алып келеді. Нəтижесінде жиынтық ұсыныс 
қисығы тік сызық түріне айналады.
Жиынтық ұсынысқа бағадан тыс факторлар да əсер етеді:
• шикізат бағаларының өзгерісі;
• салықтар мен дотациялар;
• технологиялық өзгерістер;
• ауа райы жағдайлары;
• басқа да факторлар.
Осындай факторлардың əсерінен AS қисығы оңға немесе солға 
жылжиды. Мысалы, технологиядағы оң өзгерістер AS қисығын 
оңға жылжытады, керісінше, өндірістің технологиялық жағы-
нан артта қалуы AS қисығын солға жылжытады. Сонымен қатар, 
AS қисығы жұмыс күшіне, капитал мен жерге деген бағалардың 
өзгеруіне байланысты да оңға немесе солға жылжиды.
AD мен AS қисықтары қисықтары қиылысқан жағдайда эко-
номикадағы өндірілген өнім көлемі берілген баға деңгейінде 
сатылады жəне сатып алынады, олай макроэкономикалық тепе-
теңдік орнайды.
Қысқа жəне ұзақ мерзім кезеңдеріндегі макроэкономикалық 
тепе-теңдікті қарастыратын болсақ, мысалы, ақша ұсынысының 
ұлғаюы жағдайында жиынтық сұраныс AD
1
-ден AD
2
-ге артады. 
Қысқа мерзімдегі тепе-теңдік А нүктесінен В нүктесіне ауыса-
ды, ал баға деңгейі өзгермейді, өнім көлемі Y
1
-ден Y
2
-ге көбейеді 
(3.8-сурет).
Сұраныс өте жоғары болғандықтан, тауарлар ескі бағамен 
сатыла береді. Бірақ біртіндеп шығындар өсе бастайды, өйткені 
өндіріс ресурстары (жұмыс күші) аз. Ал ресурстарға сұраныс 
өскендіктен (мысалы, жалақы өседі) дайын өнімге де баға 
өседі. Сөйтіп жиынтық сұраныс көлемі қысқара бастайды, яғни 
5–533


66
тепе-теңдік В нүктесінен С нүктесіне ауысады. Нəтижесінде 
экономика бұрынғы қалпына қайтып келеді, алайда бағаның 
жоғары деңгейі сақталып қалады (Р
1
). Ұзақ мерзімді кезеңдегі 
макроэкономикалық тепе-теңдік С нүктесінде орнайды.
Біз жоғарыда жиынтық сұраныс ұлғайған жағдайда эконо-
микада қандай өзгерістер болатынын қарастырдық. Енді жиын-
тық сұраныс қысқарғанда экономикада қандай өзгерістер орын 
алатындығын қарастырамыз. Бұл жағдайда «тегеріш» («храпо-
вик») əсері пайда болады (3.9-сурет). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   309




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет