Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж



Pdf көрінісі
бет77/309
Дата12.12.2023
өлшемі2.94 Mb.
#486256
түріОқулық
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   309
Макроэкономика

Тақырыптың мазмұны. 
Макроэкономикада негізгі мəселелерді шешу мен негізгі 
мақ саттарды орындау үшін үкімет өз қарамағында макроэ ко-
номикалық саясат құралдарын қолданады. Солардың ішінде, 
үкімет жүргізетін ең басты макроэкономикалық құрал – ол бюд-
жет-салық саясаты. Мемлекет бюджет-салық саясатын жүр гізе 


115
отырып, игіліктер нарығында басты макроэкономикалық субъект 
ретінде жұмыс істейді.
Бюджет-салық (фискалдық) саясатыбұл макроэ ко-
номикалық саясаттың негізгі бір құралы ретінде макроэ ко но-
микалық тұрақсыздық пен макроэкономикалық мəселелерді рет-
теу үшін мемлекеттің шығындары мен салық салу механизмдерін 
өзгерту арқылы экономиканың іскерлік белсенділік деңгейіне 
саналы түрде əсер ету шаралары. Бюджет-салық саясаты ұлттық 
табыс деңгейіне, өндіріс көлемі мен жұмысбастылық деңгейіне 
жəне бағаның жалпы деңгейіне əсер ете отырып, жұмыссыздық 
пен инфляция сияқты макроэкономикалық мəселелерді шешуге 
бағытталған.
Бюджет-салық саясатының мынадай бірнеше мақсаттары 
бар:
1. Экономикалық циклдің ауытқуларын қалпына келтіріп 
отыру.
2. Тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету.
3. Инфляцияның қалыпты жағдайында жұмысбастылықтың 
жоғары деңгейіне қол жеткізу.
Қалыптастып отырған экономикалық жағдаятқа (коньюнкту-
ра) байланысты бюджет-салық саясатын жүргізудің екі түрі бар:
1. Дискрециялық бюджет-салық саясаты.
2. Дискрециялық емес бюджет-салық саясаты.
Дискрециялық бюджет-салық саясаты – бұл үкіметтің 
арнайы шешімдері бойынша салық салуды, мемлекеттік бюд-
жет сальдосын жəне мемлекеттік шығындар көлемін мақсатты 
бағытта өзгерту шараларынан тұратын іс-қимылдар. Саясаттың 
бұл түрін жүргізу барысында үкімет арнайы заңдар қабылдап
инфляция қарқынын, жұмысбастылық деңгейін, өнім көлемі 
мен төлем балансы жағдайын мақсатты түрде өзгертіп отыра-
ды. Дискрециялық саясат экономикалық құлдырау кезеңінде 
жиынтық сұранысты ынталандыру мақсатында мақсатты түрде 
мемлекеттік шығындарды арттырып немесе салық салу деңге-
йін қысқартып, бюджет тапшылығын тудырады жəне, керісінше, 
экономикалық өрлеу кезеңдерінде бюджет артықшылығын қа-
лыптастырады. Соған байланысты, дискрециялық бюджет-салық 
саясатының өзі екіге бөлінеді:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   309




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет