125
5.2-кесте. 2011-2013 жылдарға арналған Қазақстан республи калық
бюджетінің түсімдері, шығыстары жəне тапшылығы туралы деректер
Жылдар Бюджет түсімдері
Бюджет
шығыстары
Бюджет
тапшылығы
2011
4 041,3 млрд. теңге 4 643,8 млрд. теңге 602,5 млрд. теңге
2012
4 365,1 млрд. теңге 4 947,0 млрд. теңге 581,9 млрд. теңге
2013
4 770,1 млрд. теңге 5 152,4 млрд. теңге 382,3 млрд. теңге
Дерек көзі: www.minplan.kz
Кестеден көріп отырғанымыздай, болжам бойынша осы жыл-
дары экономиканың дамуымен қатар Қазақстан республикалық
бюджетінің кірістері мен шығыстары да өсе түседі. Ал бюджет
тапшылығы кемімелі сипатта болады, оның ЖІӨ-гі пайыздық
үлесі азая береді. Яғни, бюджет тапшылығы 2011 жылға жал-
пы ішкі өнімнің 2,8%-н, 2012 жылға жалпы ішкі өнімнің
2,5%-н жəне 2013 жылға жалпы ішкі өнімнің 1,5%-н құрайтын
болады.
Экономиканың циклдік сипаты мемлекеттік бюджеттің ба-
ланс тылығын тұрақты түрде қолдап отыруға мүмкіндік бер-
мейді. Экономикалық құлдырау кезінде бюджет тапшылықты,
ал өрлеу фазаларында артықшылықты болып табылады. Өз
ке зегінде, мемлекеттің бюджет тапшылығы немесе артық-
шылығы экономиканың циклдік ауытқуларын жұмсартып от-
ыру механизміне үнемі қатысып отырады. Дискрециялық бюд-
жет-салық саясатының нəтижелерін экономиканың циклдік
тол қуларының нəтижелерінен айырмашылығын көрсету үшін
то лық жұмысбастылық бюджетін есептеу қажет. Толық жұмыс-
бастылық кезіндегі бюджеттің негізінде бюджет тапшы лығының
мынадай түрлері ажыратылады:
1) құрылымдық бюджет тапшылығы – толық жұмыс-
бастылық пен нақты жұмысбастылық кезіндегі бюджет тапшы-
лықтарының арасындағы айырмашылық, яғни ол толық жұ мыс-
бастылық пен нақты салық салу жағдайындағы мемлекеттік
бюджеттің кірістері мен шығыстары арасындағы айырмашылық
ретінде анықталады.
|