Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж


-кесте. 2005-2010 жылдар аралығындағы Қазақстанның сырт-



Pdf көрінісі
бет88/309
Дата12.12.2023
өлшемі2.94 Mb.
#486256
түріОқулық
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   309
Макроэкономика

5.4-кесте2005-2010 жылдар аралығындағы Қазақстанның сырт-
қы қарызының абсолютті жəне салыстырмалы параметрлері
Көрсеткіштер атауы
2005
2006
2007
2008
2009
2010
А. Абсолютті параметрлер (млн. АҚШ долларымен)
1. Жиынтық сыртқы 
қарыз
43 
428,5
74 
014,1
96 
893,0
107 
933,4
113 
239,3
119 
242,5
2. Мемлекеттік қарызды 
жабу бойынша төлемдер
11 
053,8
11 
847,5
25 
445,3
31 
830,5
30 
426,9
21 
831,1
Ə. Салыстырмалы параметрлер 
1. Жан басына 
шаққандағы жиынтық 
сыртқы қарыз 
(АҚШ долларымен)

590,3

150,5

292,3

293,4

930,3

015,9
2. Жиынтық сыртқы 
қарыздың ЖІӨ-ге 
қатынасы (%, пайызбен)
76,0
91,4
92,4
80,9
98,6
81,7
Б. Қосымша параметрлер
Халық саны (мың адам)
15 
217,7
15 
394,6
15 
565,6
15 
776,5
16 
036,1
16 
433,8
Жалпы ішкі өнім (млрд. 
тенге)

591,0
10 
213,6
12 
849,8
16 
052,9
17 
007,6
21 
513,5
Жалпы ішкі өнім 
(млрд. АҚШ доллары-
мен)
57,1
81,0
104,9 133,5 114,8 146,0
Дерек көзі: www.nationalbank.kz, www.stat.kz
Қорытынды
1. Бюджет-салық саясаты – макроэкономикалық саясаттың негізгі 
бір құралы ретінде макроэкономикалық тұрақсыздық пен макроэ-
кономикалық проблемаларды реттеу үшін мемлекеттің шығындар мен 


131
салық салу механизмдерін өзгерту арқылы экономиканың іскерлік 
белсенділік деңгейіне саналы түрде əсер ету шаралары. Бюджет-салық 
саясаты ұлттық табыс деңгейіне, өндіріс көлемі мен жұмысбастылық 
деңгейіне жəне бағаның жалпы деңгейіне əсер ете отырып, жұмыссыздық 
пен инфляция сияқты макроэкономикалық проблемаларды шешуге 
бағытталған.
2. Бюджет-салық саясатының дискрециялық жəне дискрециялық 
емес деген түрлері бар. Дискрециялық бюджет-салық саясаты елдің 
эко номикалық белсенділігін өзгертуге бағытталады жəне ол ынталан-
дырушы жəне тежеуші болып бөлінеді. Дискрециялық емес бюджет-
салық саясаты үкіметтік арнайы шешімдерін талап етпей-ақ автоматты 
тұрақтандырғыштарға негізделеді.
3. Үкімет дискрециялық бюджет-салық саясатын жүргізу кезінде 
жиынтық сұранысқа да, жиынтық ұсынысқа да бірдей əсер етеді. 
Кейнстік бағыт шеңберінде бюджет (мемлекеттік шығындар) мульти-
пликаторы, салық мультипликаторы жəне баланстанған бюджет мульти-
пликаторы сияқты үшін мультипликатордың іске қосылуы есепке алы-
нады. Ал ұсыныс теориясы шеңберінде «Лаффер əсері» қарастырылады.
4. Бюджет-салық саясатының мəн-мағынасын жете түсіну үшін 
мемлекеттік бюджет туралы қарастыруымыз қажет. Мемлекеттік бюд-
жет – мемлекеттің міндеттері мен қызметтерін қаржыландыруға арнал-
ған ақша-қаражаттарын қалыптастырудың жəне шығындаудың нысаны; 
заңдылық тəртіппен бекітілген мемлекеттің кірістері мен шығыстары-
ның құрылымы. Мемлекеттік бюджеттің атқарылуын талдауда мем-
лекеттік шығындардың орны ерекше болып табылады.
5. Толық жұмысбастылық кезіндегі бюджеттің негізінде бюд жет 
тапшылығының мынадай түрлері ажыратылады: 1) құрылымдық бюд-
жет тапшылығы – толық жұмысбастылық пен нақты жұмысбасты-
лық кезіндегі бюджет тапшылықтарының арасындағы айырмашылық; 
2) циклдік бюджет тапшылығы – нақты бюджет тапшылығы мен құ-
рылымдық бюджет тапшылығы арасында айырмашылық ретіндегі 
бюд жет тапшылығының бір түрі. Циклдік тапшылық экономикалық 
белсенділіктің ауытқу себептерімен түсіндіріледі.
6. Бюджет тапшылығын қаржыландырудың бірнеше əдістері бар: 
1) ақша эмиссиясы; 2) Орталық банктен қарыз алу; 3) жеке сектордан 
жəне сыртқы көздерден қарыз алу. Бюджет тапшылықтарының ел эко-
номикасына əсер етуі көбінесе, сол елдің тапшылықты жоюда таңдап 
алған əдісімен анықталады.
7. Мемлекеттік қарыз – мемлекеттің алдында тұрған физикалық 
жəне заңды тұлғаларға, шетел мемлекеттеріне, халықаралық ұйымдар 


132
мен субъектілерге деген қарыздық міндеттемелері. Мемлекеттің ішкі 
жəне сыртқы қарыздары болады. Ішкі қарыз – мемлекеттік бюджет 
тапшылығын жабу үшін ел ішіндегі резиденттерден алған қарыз со-
малары. Сыртқы қарыз – мемлекеттік бюджет тапшылығын жабу үшін 
шетелдердегі резидент емес тұлғалардан (үкіметтен, ұйымдардан, аза-
маттардан) алған қарыз сомалары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   309




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет