141
25. Бюджет тапшылығын жоюдың бір əдісі:
а) жеке сектордан қарыз алу
ə) мемлекеттік шығындарды арттыру
б) тікелей салықтарды көтеру
в) сыртқы қарызды жою
26. Мемлекеттік трансферттерге не жатпайды?
а) жаңа емхананы салуға бағытталған мемлекеттік шығындар
ə) балаларға ай сайынғы жəрдемақылар беру
б) жұмыссыздық бойынша жəрдемақылар
в) дəрі-дəрмектер алуға дотациялар мен жеңілдіктер беру
27. Салық элементтеріне жатпайтын нұсқаны таңдаңыз?
а) салық объектісі
ə) салық субъектісі
б) салық жеңілдіктері
в) салық ауыртпашылықтары
28. Экономика тепе-теңдік жағдайда деп ұйғарайық. Бұл жер-
де жинақтауға шекті бейімділік 0,25-ке тең. Импорттауға шекті
бейімділік 0-ге тең. Егер үкімет салықтық түсімдерді өзгертпей
мемлекеттік шығындарды 2 млрд. теңгеге арттырса, онда өндірістің
тепе-теңдік деңгейі қалай өзгереді?
а) 6 млрд. теңгеге өседі
ə) 4 млрд. теңгеге өседі
б) 2 млрд. теңгеге өседі
в) 8 млрд. теңгеге өседі
29. Мемлекеттік бюджет тапшылығының осы уақытқа дейін
жиналып келген жиынтық сомасы:
а) тікелей салықтар
ə) мемлекеттік қарыз
б) мемлекеттік несие
в) мемлекеттік шығындар
Достарыңызбен бөлісу: