Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж


 Салықтардың жоғарылауынан



Pdf көрінісі
бет97/309
Дата12.12.2023
өлшемі2.94 Mb.
#486256
түріОқулық
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   309
Макроэкономика

30. Салықтардың жоғарылауынан: 
а) еңбек ұсынысы төмендейді
ə) жинақтау мөлшері төмендейді
б) салықтық түсімдердің көлемі төмендейді
в) аталғандардың барлығы дұрыс


142
6-тақырып.
АҚША НАРЫҒЫ ЖƏНЕ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫ
Мақсаты: ақша рөлінің жəне макроэкономикалық қызмет-
терінің мəнін ашу, ақшаға сұраныстың негізгі теорияларын тал-
қылау, ақша ұсынысы, ақша мультипликаторы, ақша базасы 
сияқты мəселелерді қарастыру, Ақша нарығының тепе-теңдігін 
қарастыру. Ол үшін дəрістің төмендегідей сұрақтарын талқылау 
қажет.
Дəріс жоспары:
1. Ақшаның макроэкономикалық мəні, қызметтері, агрегат-
тары.
2. Ақшаға деген сұраныс жəне оның теориялары.
3. Ақша ұсынысы жəне ақша мультипликаторы. Ақша нары-
ғындағы тепе-теңдік.
Негізгі түсініктер: ақша; ақшаның қызметтері; ақша агре-
гаттары; атаулы пайыз мөлшерлемесі; нақты пайыз мөлшерлеме-
сі; нақты кассалық қалдықтар; ақшаның сандық теориясы; Фи-
шер теңдеуі; ақшаның бейтараптылығы; ақшаға деген сұраныс; 
ақшаға деген сұраныстың үлгілері; ақша ұсынысы; ақша на-
рығындағы тепе-теңдік; ақша базасы; ақша мультипликато-
ры; ақша ұсынысының қысқа жəне ұзақ мерзімдегі қисықтары 
жəне т.б.
Тақырыптың мазмұны. 
Ақшалар нарықтық экономикада аса маңызды элемент ретін-
де жұмыс істейді, ал ақша нарығы мен бағалы қағаздар қаржы 
нарығының құрамдас бөліктері ретінде игіліктер нарығы жəне 
еңбек нарықтарымен қатар, негізгі макроэкономикалық нарықтар 
болып табылады.
Ақшалар (ақша массасы) жəне бағалы қағаздар (ең алды-
мен, акциялар мен облигациялар) қоғамның қаржы активтерінің 
негізгі түрлері болып табылады.


143
Олай болса, макродеңгейде ақшаның түсінігі кеңейе түседі:
1) ақша – бұл келісімдер үшін қолданыла алатын қаржы 
активтерінің түрі;
2) ақша – бұл игіліктерді айырбастау кезінде жалпылама эк-
вивалент рөлін атқаратын ерекше тауар;
3) ақша – бұл бағалардың тұрақты деңгейінде табыс əкел-
мейтін мүліктің ерекше түрі;
4) ақша – бұл инфляциялық үдерістерді, циклдік толқуларды, 
экономиканың тепе-теңдікке жету механизмін, тауар жəне ақша 
нарықтарының тиімді жұмыс істеуін талдайтын аса маңызды 
макроэкономикалық категория.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   309




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет