Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж


Ақшаның негізгі қызметтері бар



Pdf көрінісі
бет98/309
Дата12.12.2023
өлшемі2.94 Mb.
#486256
түріОқулық
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   309
Макроэкономика

Ақшаның негізгі қызметтері бар:
• құн өлшеу құралы ретінде – тауарлардың бағалар түріндегі 
құндарын өлшеу жəне салыстыру үшін қызмет атқарады; 
• айналым құралы немесе жалпылама айырбастау құралы 
ретінде – айырбас кезінде делдалдық қызмет атқарады; 
• жинақтау (құнды сақтау) құралы ретінде – болашақта са-
тып алушылық қабілетті қамтамасыз ету қызметін атқарады; 
• төлем құралы ретінде – несиелік төлемдерді қайтару үшін 
қызмет атқарады; 
• əлемдік ақшалар ретінде – əлемдік нарыққа қызмет көрсету 
үшін қолданылады.
Өтімділік (ликвидность) деген аса маңызды макроэко но-
микалық категория ақшалармен тығыз байланысты, ол ақша ның 
ерекше қасиетін жəне белгісін білдіреді. Активтің немесе мүліктің 
барлық түрлері үшін өтімділік олардың өз құнын еш жоғалтпай 
ақшалай формаға тез айнала алу қабілетінің болуын сипаттай-
ды. Өз кезегінде, ақшалар абсолютті өтімділікке ие: əртүрлі тең 
жағдайларда олар тауардың кез келген түріне айырбастала ала-
тындай қабілетке ие болады. 
Өзінің тарихи даму қадамында ақшалар натуралдық ақша-
лардан (мал, аң терілері, ұлу қабыршақтары жəне т.б.) бастап 
қазіргі заманғы электрондық «виртуалдық» ақшаларға дейін 
əртүрлі формалардан өтті. Ұзақ уақыт бойы ақша материалы 
ретінде бағалы металдар – алтын мен күміс қолданылып келді. 
Ал қазіргі уақытта, ақшалар мынадай формаларда көрініс та-
бады: 


144
• қолма-қол нысандағы қағаз ақшалар; 
• айырбастау (айыру) монеталары; 
• қолма-қолсыз нысандағы қаржы-несие институттарындағы 
есепшоттардың жазулары. 
Ақша айналымы – бұл өз қызметтерін орындайтын жəне 
тауарлардың сату-сатып алынуына қызмет көрсететін, сонымен 
қатар, тауарлық емес төлемдер мен есеп-айырысуларды атқа-
ратын ақшалар қозғалысы.
Ақша айналымы қолма-қол жəне қолма-қолсыз нысандар да 
жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта, дамыған елдерде ақша айна-
лысының басым бөлігі қолма-қолсыз нысанда ұйым дастырылады.
Ақша жүйесі – бұл қоғамда тарихи түрде қалыптасқан жəне 
мемлекеттің заңдық тəртіппен бекіткен ақша айналысын ұйым-
дастырудың ерекше формасы.
Ақша айналысының аса маңызды түрдегі көрсеткіші болып 
ақша массасы (жиыны) табылады.
Ақша массасы – бұл экономиканың шаруашылық айналы-
мына қызмет көрсететін жəне жекелеген тұлғаларға, фирмаларға 
жəне мемлекетке тиесілі қолма-қолды жəне қолма-қолсыз түрдегі 
төлем құралдарының жиынтығы. 
Ақша массасы экономикада біртекті (стандартты) болып та-
былмайды. Оның құрамына сатып алушылық жəне төлем дік 
құралдармен қатар, депозиттік сертификаттар, чектер, жинақтау-
шылық шоттар жəне басқа да құралдар ретіндегі компонент-
тер кіреді. Бұларды «квази-ақшалар» (ақша сыңайлы) немесе 
өтімділігі бар активтер деп атайды. 
Бір-бірінен өтімділік дəрежелері бойынша ерекшеленетін ақ-
ша массасының құрылымдық элементтерін ақша агрегаттары 
деп атайды. 
Ақша агрегаттарының мынадай түрлері бар: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   309




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет