145
М
3
= М
2
+ ірі жедел салымдар, банктердің депозиттік серти-
фикаттары, мемлекеттік займ облигациялары.
Сонымен қатар, нарықтық экономикасы
дамыған елдерде L
деген агрегат та қолданылады, яғни,
L = M
3
+ қазыналық жинақ облигациялары,
коммерциялық
қағаздар, қысқа мерзімдік мемлекеттік міндеттемелер жəне т.б.
Қорыта айтқанда, əрбір келесі ақша агрегаты өзінен алдың-
ғылардың барлық элементтерін біріктіріп ақша массасының үл-
кен көлемін құрайды. Ақшаның өтімділігі мен табыстылығы
арасында кері байланыс бар, яғни ақша агрегаты іріленген сайын
оның табыстылығы жоғарылай береді жəне өтімділігі төмендей
береді,
керісінше, бастапқы кіші агрегаттардың (М
1
) өтімділігі
жоғары, ал табыстылығы мүлдем болмайды немесе төмен болып
табылады.
Макроэкономикалық талдауда М
1
жəне М
2
ақша агрегаттары
аса жиі қолданылады.
Нақты ақиқат ақшалар немесе
тар мағынадағы ақшалар бо-
лып макроэкономикада М
1
агрегаты табылады. Ал қалған агре-
гаттар (М
2
, M
3
, L) «квази-ақшалар» ретінде сипатталады. Сонда
M
1
мен «квази-ақшалардың»
қосындысы кең көлемді ақшалар
деп аталады. M
2
жəне M
3
ақша агрегаттары айналым құралы ре-
тіндегі қызметінен гөрі жинақтау
құралы қызметін атқаратын
қаржы активтерінің алуан түрлілігінен құралады.
Ақша агрегаттарының динамикасы нарықтағы пайыздық
қойылымның деңгейіне байланысты өзгеріп отырады. Ақшаның
нарығында
пайыздық қойылым (атаулы жəне нақты) ақшаның
альтернативтік құны ретінде көрінеді жəне жинақтарды ақшалай
формада сақтауға байланысты жіберіп алған балама табысты си-
паттайды.
Достарыңызбен бөлісу: