Ғұмырнамалық тұтастану. Асылы, ғұмырнамалық тұтас
тану – елдің батырға, оның өміріне деген зор ықыласынан
пайда болған секілді. Халық өзінің қорғанышы болған сүйікті
батырдың қалай туып, қалай өскенін, қалай үйленгенін бі
лгісі келген. Тіпті оның балашағасына да мән берген, ал
атасы кім болған деген мәселеге айрықша көңіл бөлген. Тың
даушыларының осындай ықыласын білген жыршылар, сөз жоқ,
бар мүмкіндігінше, олардың талабына жауап беруге тырысқан.
Бұл мақсатын жүзеге асыру үшін олар фольклор поэтикасының
бар қуатын, ол аз болса көне мифология, ескі нанымдарды
пайдаланған, оған қоса дайын тұрған сюжеттерді, мотивтерді,
көркем құралдарды қолданған, сөйтіп, батырдың өмірін бір
жүйеге түсіріп, әдемілеп, әсірелеп, жыр шумақтарымен баян
дап берген. Соның нәжитесінде жыр батырдың өмірбаяны
емес, ол туралы поэзиялық ғұмырнама болып шыққан. Міне,
біз сол себепті тұтастанудың түрін «өмірбаяндық» деуден гөрі
«ғұмырнамалық» дегенді дұрыс көрдік. Біздің бұл ойымызды
ортағасырлық Шығыс пен Батыс елдерінің «халық романы»,
«рыцарьлық роман», «сират» деп аталатын эпостары да дә
лелдейді.
Ғұмырнамалық тұтастану бірнеше бөлшектен, яғни ке
зеңнен тұрады: перзентсіз атаана, болашақ батырдың ерекше
тууы, оның тез өсіпжетілуі, алғашқы ерлігі (ойыны), үйлену,
қаһармандық істері, қартаюы.
Бұл құрылым, жалпы, типологиялық сипатты болып еді,
ол көптеген халықтың классикалық эпосы мен ба шлык; ер
тегісіне тән. Рас, кейбір елдің эпосында жекелеген базбір
бөлшегі болмауы да мүмкін, айталық, перзентсіз ана Еуропа
жұртының классикалық эпосында ылғи кездесе бермейді.
Сол секілді кейіпкердің ғажайып жағдайда да біршама өзгеше
көрінеді. Бірақ қалай болғанда да ғұмырнамалық құрылым,
оның негізгі кезеңдері бар елдің фольклорында ұшырасады.
Бұл заңдылықты академик Ш. Жирмунский кезінде дұрыс
байқаған: «Көптеген ескі француз жырлары да (Гильом,
[
154
]
Оранжский, Ұлы Карл мен оның немере інісі Роланд тура
лы), – деп жазады ғалым, – әсіресе, кейінгі прозалық роман
түрінде әңгімеленген тұста ғүмырнамалық тұтастанудан
өткен. Армяндардың Давид Сасунскийі мен қырғыздың Манас
туралы жырлары да дәл осындай оймен дамыған»
19
.
Ғұмырнамалық тұтастанудың алғышарты – кейіпкердің
бірге келуі тарихын баяндау болып табылады (оны ғылымда
көбінесе «пролог» деп атайды). Фольклорлық шығармада
кейіпкердің туу тарихы, негізінен, екіүш түрлі баяндалады.
Біріншісінде – оның атаанасы ерте өліп, өзі жастайынан
жетімдік көріп өседі. Екіншісі бойынша – болашақ батыр көп
жыл бала көрмей, бір перзентке зар болған егде адамдардан
туып, ерекше болып өседі. Ендігі бірінде – болашақ алыптың
анасы перінің қызы болады немесе шешесі оған құрсақ
көтергенде бір жабайы күшті аңның етіне, бауырына жерік
болады, кейде анасы күн нұрынан, желден, тағы бір нәрседен
жүкті болып, бала ғайыптан туады. Осылардың қайсысы болса
да кейіпкер керемет жағдайда туатынын көрсетеді. Демек,
мұның өзі туатын баланың келешекте елден ерекше болатынын
білдіреді.
Ал енді осылардың кейбіреулеріне тоқталайық. Әрине,
кейіпкердің ғайыптан пайда болуы туралы мотив ең ежелгі
екені күмәнсіз, өйткені ол, негізінен, көне жанрларда кездеседі.
Мәселен, Шыңғыс ханның күн нұрынан жаралғаны туралы
миф, Едігенің пері қызынан туғаны жайлы хикая, сөз жоқ,
ойымызға дәлел бола алады. Рас, мұндай мотивтер қаһарманды
дәріптеудің ең биік үлгісі – батырлық жырлардың құрамында
пайдаланылады. Басқаша айтқанда, бұл мифологиялық мо
тивтер батырдың тууынан өлуіне дейінгі өмірін түгел қам
титын классикалық эпостарда қолданылады. Өйткені ол
шығармалар тұтастанудың бастыбасты түрлерінен өткен.
Ал ондай циклизацияға толық түспеген немесе циклдену
процесінде жүрген шығармаларда жоғарыдағыдай прологтар
мифтік (мифологиялық) қалыпта болмайды, қайта керісінше,
ол өмір болмысына жақынырақ болады. Мысалға «Едіге»
жырын алайық. Оның бір нұсқасында Едігенің өмірге келуі
толық мифологиялық сипатта әңгімеленеді:
[
155
]
«Ерте заманда Бабағұмар деген әулие бар екен. Он бесте әу
лиелік қылып кеткен екен. Сол уақытта бір қызға көзі тиген
екен. Көзі тиген сол қыз буаз болған екен. Буаз бол ған соң
ұл тапты. Ол ұлының атын Баба Түкті Шашты Әзіз қойды.
Жиырма бес жасқа келгенде әулиелік қылып жөнеледі. Ағұн
дариясына барды. Дария жағасында алтын шашын алдына
алып тарап отырған қызды көрді. Қыз сезіп қалады да, суға
сүңгіп кетеді. Баба Түкті Шашты Әзіз қыздың артынан шомып
кетті. Дарияның астында алпыс ақ отау тұр екен. Отауға кіріп
барды. Ішінде ай десе аузы бар, күн десе көзі бар, бұлғарыдай
бұлқыған, бұлұсы жұпар аңқыған ғажайып бір қыз отыр екен.
Қызды көрді де қайта шықты. Қыз етегінен ұстап: «Я, жі гіт, қай
да барасың?» – дейді. «Мен сенімен сөйлеспеймін, сөйлессем,
күнәһар боламын, мен сені іздегенім жоқ, жібер», – дейді. Қыз
айтты: «Егер мені алмай кетсең, он бестегі күнәм мойны
ңа», – дейді. Жігіт ақыл ойлады: «Мен сені алмай кетсем, күнәм
жоқ болар деп едім, алмай кетсем, күнәм көп болады екен,
алайын», – деп ой қылды, некелеп алды. Қыз айтты: «Әбден
менікі болдың ба?» «Я, болдым», – дейді.
«Олай болса, мен етігімді шешкенде аяғыма қарама,
көйлегімді шешкенде қолтығыма қарама, басымды жуғанда,
шашыма қарама», – дейді. Күндерде етігін шешеді: аяғы еш
кінің аяғындай, оны жігіт көрді. Бір күні көйлегін шешті:
қолтығынан өкпесі көрініп тұр. Жігіт тағы да көрді. Қыз көр
генін білді. Аспанға ұшып кетті. Қайтадан: «Кет, Құдайым», –
деп қайтып түсті. Тағы күндерде бір күн қыз шашын жуады.
Бас терісін алдына алып тарап отыр. Жігіт тағы көрді. Қыз
аспанға ұшып жөнеледі. «Ей, жігіт, – дейді, – ішімде алты
айлық балаң кетіп барады, Ніл дариясының басында, Құмкент
шаһарының қасына балаңды тастап кетермін, өзің іздеп
тауып ал», – дейді. Сонымен қыз кетті. Баба Түкті Шашты
Әзіз баланы іздеп, Ніл дариясын қыдырды. Ніл дариясының
басында, Құмкент шаһарының қасында жібек орамалға ораулы
жатқан баласын тауып алды. Елсіз, күнсіз жерде туды деп
атын Едіге қойды да, жауырынына таңды. Тоқтамыс ханның
ауыл жұртына алып келді. Ноғайлының жұрты екен. Үш
жасқа келгенде қолынан ұстап молдаға берді. Баласының бар
[
156
]
парызынан кұтылған соң Шашты Әзіз ғайып болды, ұшып
кетті».
20
Міне, мұнда Едігенің өмірге келу тарихы таза мифологиялық
әңгіме, дәл айтқанда, хикая түрінде баяндалады. Ол адамнан
жаралмаған. Әкесі Баба Түкті Шашты Әзіздің өзі – ерекше
жағдайда туған. Шешесі оған Бабағұмар деген әулиенің көзінен
жүкті болады. Яғни ол ғайыптан туады. Оның кереметтігінің
тағы бір дәлелі – баласы Едігені молдаға берген соң ғайып
болып, ұшып кетуі.
Ал Едігенің анасы – су перісінің қызы. Оның Шашты
Әзізге тиюінің өзі – біріншіден, Әзіздің кереметтігін білдірсе,
екіншіден, бұл некенің өзі ерекше екенін көрсетеді. Демек,
осындай екі ғажайып кереметтен туар бала да тегін болмауы
тиіс. Эпостың өз кейіпкерін дәріптеудің басы осы. Бұл
мақсатта эпос Едігенің атасын да жай адам емес, әулие кісі
етіп суреттейді. Сөйтіп барып, Едіге туралы жыр шежірелік те
сипатқа ие бола бастайды, яғни оны дәріптеу үшін жыр Едігенің
өзін ғана емес, оның әкесін, атасын сөз етеді. Айтылмыш
шежірелік тұтастану процесі Едіге батырды «Аңшыбай батыр
және оның ұрпақтары» атты циклге енгізеді. Мұнда оның арғы
аталары мен кейінгі ұрпақтары жайында жырланып, үлкен бір
эпопея жасалады.
Осы эпопеяға кірген «Едігеде» оның туу тарихы жоғарыда
айтылған «Ер Едігеден» басқаша, ешбір мифологиялық қос
пасыз баяндалады:
«Тоқтамыс деген хан болған, өзі қаһарлықты хан еді, оның
Қуқанат деген жақсы құсы бар еді, оны жеті кісі аңдушы
еді. Біреу сол құсқа жем берсе, артынан тағы біреуі аңдушы
еді, бір жамандық істемесін деп. Сөйтіп, жеті кісі бірінбірі
аңдушы еді. Алдыңғы жем беріп жүрген біреу өліп қалады,
сосын оның орнына Тоқтамыс хан осы ноғайдың ішінен біреуді
тауып беріңдер деп бұйрық берді, өзі құсымды жем беріп
жақсы бағатын кісі болсын деді. Үш жаққа үш адам жіберді,
біреуі де тауып келе алмады. Тоқтамыс хан: «Енді ноғайда
адам жоқ па?» – дегенде, біреуі тұрып айтты: «Бір, адам бар
еді, оған айтуға бетіміз шыдамады», – деді. «Кім?» – деген де,
«Құттықия деген бір бала, өзі жапанда жалғыз отыр, өзінің
жалғыз қарасы жоқ, өзі хан баласы болған соң, оған сен құс
[
157
]
бағасың ба деп айтуға шыдамадық», – деді. Сонда Тоқтамыс
хан: «Бар айтыңдар», – деген соң келіп, Құттықияға айтқанда,
Құттықия айтты: «Менің жалғыздығым мен жарлылығым
ғой, құс бақ дегендерің, шара жоқ, халім келгенше бағармын,
артыңнан көшіп барармын», – деді. Сонда Тоқтамыс ханның
жіберген кісілері Құттықия осылай деп айтады деп айтып
келді. Тоқтамыс хан айтты, қанша болса да, баласы еді ғой,
шарбақты тазалаңыз, сонда келіп қонсын деді. Тоқтамыс хан
ол құсты далаға терекке отырғызып, оның басына ұялатып,
жұмыртқалататын еді. Құттықия көшті де, тап сол теректің
қасына отырды, ханның шарбағына қонбады. Сонда Сәтемір
деген бір қалмақ бар еді, ол Құттықияның әкесі Парпариямен
дос еді. Құттықия Қуқанаттың қасына келіп отырғасын Сәте
мір оны естіп, Құттықияға бір кемпір жібереді, бір балапанын
маған беріп жіберсін деді. Құттықия оны адамға көрсетпеді,
(құсқа жем берейін деп шыққанда қасындағы басқа бағушылар
үстін қарап жіберуші еді, бір жамандық істемесін деп),
басындағы телпегінің төбесіне бір тауықтың жұмыртқасын
салып барып оны ауыстырып алып келіп, кемпірге жасырын
Сәтемірге бер деп жібереді. Телпектің төбесі содан шұқыр
болып қалған еді. Бір күндері Тоқтамыс ханның әр елге
жіберіп тұратын жансыздары бар еді, сонда Сәтемір ханның
еліне барған бір жансыз Сәтемірдің үйінде Қуқанатты көріп
келіп Тоқтамысқа: «Мен Сәтемірдің үйінде Қуқанат құс
көрдім», – деді. Сонда, Тоқтамыс: «Алда, қан жауғырай, Сә
темір Парпарияның досы еді, оны мына Құттықия беріп жі
берген екен ғой. Бар, Құттықияны мұнда шақырыңыз», – деді.
Тоқтамыс ханның алмасы өзі отырған төсегінің астында тұрады
екен, сонда Құттықия үйге кірісімен еш нәрсе айтпастан басын
кесіп тастаған. Сосын Құттықияның үйіне кісі жіберген:
«Бар, тез біліп келіңіз, үйінде қатыны буаз ба екен?» – деп,
барған кісілер айтып келді: «Қатыны буаз екен», – деп. Сосын
Тоқтамыс екі кісіні қарауылға қойды, баласы түскен кезде ұл,
қыз демей осында алып келіңіз деп. Бұл екі кісі қатын қашан
туар екен деп бағып жүрді. Сонда сол үйдің қасындағы бір үйде
той болып жатыр еді, сол той болған үйдің қара қаншығы буаз
екен. Сонда Құттықияның қатыны толғатқанда, бағып жүрген
екеуі ана үйде тойда отырғанда Құттықияның қатыны бала сын
[
158
]
тауып, бір адамнан Жылқыбайдың үйінің сыртына апарып
таста деп беріп жіберіп, өзі көршідегі той болып жатқан үйдің
қарала қаншығының күшігін әкеліп, астына сала салды. Оны
ана бағып жүрген екі адам білмей қалады.
Сосын қатынның қасындағы күшік баласын Тоқтамыс ханға
әкеліп береді. Тоқтамыс Құдайдың құдіреті деді де отыра берді.
Бір күні Жылқыбай далаға шықса, бір бала жылап жатыр
екен, оны үйге әкеліп қараса, ұл бала екен. Қатынына айтты:
«Осы баланы емізіп, өз балаңмен бірге бақ, бұны Құдай берді,
бұл елден келген бала, соның үшін Едіге қояйық», – деді
21
.
Келтірілген үзіндіден байқайтынымыз – ғұмырнамалық
тұ
тастанудың бұл бөлшегі Едігенің әкесі жайлы көбірек
сөз ететіндігі. Бірақ солай бола тұрса да болашақ батырдың
керемет жағдайда туатын әдеті мұнда да бар, ол – Едігенің өз
тегіне лайық тумауы, яғни әкесін өлтіргеннен кейін тууы. Бұл
оның әлеуметтік статусын күрт өзгертіп жіберіп отыр. Соның
өзінде де Едігенің келешегі ерекше болатынын сезуге болады,
өйткені ол әдеттегіден басқаша, тіпті оғаштау көрінетін жағ
дайда дүниеге келеді: әкесінің басы шабылады, шешесі аңдуға
түседі, сонда оны қаншықтың күшігімен ауыстырып, аман
алып қалады. Сөйтіп тумай жатып қуғынға ұшыраған Едіге
жетім боп өседі. Міне, бұл да бас қаһарманды дәріптеу әдісі.
Себебі іште жатқанда ханның қаһар төгуі дүниеге келетін
нәрестенің жай адам емес екенін көрсетеді. Болашақ батырдың
әрі қарайғы өмірі осыны дәлелдейді, ал оның жетімдік көруі –
фольклорлық эстетика
22
.
Сонымен Едіге жайлы екі жырдың екі түрлі басталатынын
көріп отырмыз. Бұл айырмашылық емес. Мұнда мазмұн
жағынан екі түрлі пролог қиялғажайып ертегісінде болатын
оқиға түрінде баяндалады, екіншісі жай ауызекі әңгіме, онда
оқиғаның желісі тұрмыссалт ертегісіндей, еш мифологиялық
немесе қиялғажайып қоспа жоқ.
Бұл бастамалар мазмұн жағынан екі түрлі болғанмен
бір қызмет атқарып тұр. Ол – кейіпкерді дәріптеу. Ал енді
айрықша көңіл бөлетін бір мәселе – не себепті бұл екі про
логтың мазмұны, кейіпкерлері, оқиғасы екі түрлі. Әрине,
бұл сұраққа дәстүрлі түрде, яғни фольклорда солай болады,
себебі варианттылық бар деп жауап беруге болады. Солай екені
[
159
]
рас. Алайда, бұл ғұмырнамалық және шежірелік тұтастануға
түскен жыр ғой. Демек, қаһарманның туу тарихы мен ата
бабасы барлық вариантта бірдей болмаса да, ұқсас болып келеді
емес пе? Айталық, «Алпамыста», «Қобыландыда», «Қозы
Көрпеш – Баян Сұлуда», «Қыз Жібекте» рас қаһармандардың
атаанасының халжағдайы, олардың дүниеге келу жайы
ол шығармалардың барлық варианттарында бірыңғай. Рас,
кейбір нұсқаларда атааналардың есімі өзгеріп, олардың орны
ауысып жүреді, бірақ бәрібір оқиғалары ұқсас болады. Ал
Едіге туралы эпостың варианттарында оның атаанасы әр басқа
және дүниеге келу тарихы да әр түрлі. Тіпті бір нұсқасында
батырдың қалай туғаны, әкешешесі кім болғаны жайлы
толық түрде айтылмай, жай ғана әңгімеленеді. Мұндай ала
құлалық нені көрсетеді? Біздіңше, мұның бірнеше себебі бар.
Ең алдымен, ол – Едіге туралы жырлардың фольклорлық
айналымға кештеу түскендігі. Сол себепті басқа эпостарға
қарағанда мұнда тарихи белгілер көбірек сақталған. Ендігі
бір себеп – Едіге туралы жырлар ғұмырнамалық тұтастануға
да кеш түскен, оның айғағы – батырдың атаанасы мен тууы
туралы бастамалардың бір ізге түспегендігі. Осындай пікірді
өзінің Едіге батыр жайындағы зерттеуінде В. Жирмунский де
айтқан: «Батырдың балалық шағын баяндайтын әңгімелер ең
кейін пайда болуы мүмкін және олар аңыздық сипатта болып
келеді»
23
, – деп жазған ғалым.
Жалпы ғұмырнамалық тұтастанудың алғашқы бөлігі –
ба
тырлық ертегілер мен қаһармандық эпостарда көбінесе
кейіпкер тумай тұрғандағы жағдайды баяндау болса, соның
мол тараған түрі – қартайғанша бала көрмей шерменде болған
қариялардың тағдыры. Енді осы бөлшекке тоқталайық.
Достарыңызбен бөлісу: |