[
151
]
Сол уақытта жолбарыс
Түгінің бәрін жатқызды,
Құлағын жымып жасырды,
Керендей ашып ауызын,
Арыстан жаман ақырды.
Дауысы жерді көшіріп,
Нар маядай бақырды.
Бүркіттей жазып тырнағын
Тұлпарға барып асылды.
Қамбар да қайтпай ұмтылып,
Бар қайратын шақырды.
Құйрығынан көтеріп,
Айналдырып басынан
Лақтырып жіберіп
Қырық қадам жерден асырды.
Құлаған жардай гүрс етіп,
Ырылдауға өлі жоқ,
Демінен түсіп басылды.
Тоқсан үйді тобырдың
Қабыл болып тобасы
Сақтады құдай батырды.
17
Батырдың жолбарыспен шайқасатыны туралы сюжет
«Қам
бар» жырының кейбір варианттарында кездеспейді.
Біз
діңше, бұл – талдап отырған эпосымыздың сюжеттік
тұтас тану процесін көрсететін тағы бір айғақ.
Екінші сөзбен
айтқанда, қаһарманның жолбарыспен айқасатыны жайлы
сюжет эпостың біртұтас көлемді шығармаға айналу барысында
тұрақты түрде жырдың құрамына енбеген. Сондықтан да біраз
вариантта Қамбар жолбарыспен кездеспейді, ол бірден жауға
қарсы аттанады, ондағы мақсаты – Назым қызды қалмақтың
тырнағынан құтқару.
Жалпы, осы жерде айтатын бір нәрсе: «Қамбар батыр»
жырының негізгі сюжеті, түптеп келгенде, тұтқынға түскен
қалыңдықты босату. Бұл сюжет ертегіде де, эпоста кездеседі,
айырмашылығы сол – ертегіде көп жағдайда кейіпкердің қа
лыңдығын біреу ұрлап әкетеді де, эпоста жаудың ханы қыздың
ауылын қоршап алып, оны зорлықпен алмақ болады. Ертегіде
[
152
]
кейіпкер қалыңдығын іздеп дүниені шарлайды, ал эпоста
батыр жаумен жалғыз алысып,
қызды құтқарып
алады. Дәл
осы жағдайды «Қыз Жібектен» де кездестіруге болады.
«Қыз Жібек» жыры да екі үлкен бөлімнен тұрады. Бірі
Тө
леген мен Жібектің ғашықтық тарихы да, екіншісі –
Сансызбайдың Жібекті тұтқыннан, зорлықшы қалмақ ханнан
азат етуі. Демек, мұнда да сюжеттік тұтастану арқылы жүйелі
де көлемді жыр пайда болған
18
.
Ал енді «Қамбар батыр» жырындағы қыздың күйеу таң
дағаны жайындағы сюжетке келетін болсақ, бұл да ең ескі
сюжеттердің бірі, ол ежелгі аналық ру дәуіріне меңзейді. Бірақ,
әрине, кейінгі аталық ру уақытында басқа мәнге ие болған да,
қыздың күйеу таңдауы – әкесінің ісі болып көрінеді. Сөйтіп, қыз
әкесінің бұйыруы бойынша елдегі бүкіл еркекті шолып, Назым
өзіне күйеу таңдауға мәжбүр болады. Рас,
кейбір ертегілерде
патшаның қызы өз еркінше күйеу таңдайды, алайда оның бұл
қылығы, көп жағдайда, тәлпіштік, еріккендік, хан қызының
ойына келгенін істегендік деп бағаланады.
Осы «жар таңдау» сюжеті «Қыз Жібекте» де бар. Бірақ онда
өзіне лайық сұлуды жігіт іздейді. Солай болса да, Жібек те өзіне
теңдес жар таңдайды. Міне, бұл жырда да «Қамбар батырдағы»
«жар таңдау» сюжеті эпостың фольклорлық көркем шығармаға
айналуына, яғни тұтастануына қызмет етіп тұр.
«Қамбар батырда» да, «Қыз Жібекте» де сюжеттік тұтас
тануға араласып тұрған тағы бір сюжет бар. Ол – жау
қолына
түс
кен қалыңдықты тұтқыннан азат ету. Егер ертегіде
кейіпкердің сүйгенін айдаһар немесе басқа бір зұлым күш ұр
лап әкететін болса, мұнда эпос жанрының тарихилық шарты
жұмыс істеп, батырдың қалыңдығын қалмақ ханы тұтқынға
алып, зорлап өзіне әйел етуге тырысады. Бұл жерде ежелгі
ертегілік сюжеттің кейінгі заманда, жаугершілік уақытта
эпосқа жаңаша сипатта еніп, екі бірдей – сюжеттік әрі тарихи
тұтастануға әкеліп отыр. Яғни мифологиялық жау эпоста қал
маққа айналады. Бұл – бір. Екіншісі – қалмақпен соғысып,
ерлік көрсету сюжеті көне сюжеттермен бірігіп,
біртұтас көркем
дүние құрайды. Үшінші – эпикалық шығарма енді кейіпкердің
үйлену тарихын ғана емес, сонымен қатар оның қалай туғанын
да баяндауы керек, сөйтіп батырдың бүкіл өмірін көрсететін
[
153
]
жүйелі жыр болуға тиіс. Бұл ғұмырнамалық тұтастану арқылы
жүзеге аспақ. Оның үлгісі «Алпамыс батырда», «Қыз Жібекте»,
«Қозы Көрпеш – Баян Сұлуда», «Едіге батырда», т.б. эпикалық
жырларда молынан көрінеді.
Достарыңызбен бөлісу: