Қасқабасов С. Таңдамалы



Pdf көрінісі
бет50/85
Дата12.12.2023
өлшемі1.43 Mb.
#486299
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   85
kaskabasov s tandamaly tom 2 mifologiia folklor debiet zertt

Елбең-елбең жүгірген, 
Ебелек атқа семірген. 
Екі сезім қолға алып
Ерлер жортып күн көрген 
Еділ деген қиянға, 
Еңкейіп келдің тар жерге
4
...
«Ел» деген ұғымның, «ел» сөзінің қадірін түсіндіру мақса­
тында елдің қандай екенін айту үшін кілең «е» дыбысынан 
басталатын анықтауыш­айқындауыш тармақтар қатар келті­
ріп, шумаққа үлкен экспрессивтілік беріп тұр.
Асан поэзиясы, әсіресе, параллелизмге бай. Екі құбылысты, 
бір­біріне ұқсамайтын екі нәрсені қарама­қарсы қойып немесе 
салыстыра айтады да, бейнелеп отырған затты, яки адамды 
немесе өзінің ойын тұспалдап қана емес, сездіріп, айшықтай, 
айқындай баяндайды, суреттейді:
Құйрығы жоқ, жалы жоқ құлан қайтіп күн көрер? 
Аяғы жоқ, қолы жоқ жылан қайтіп күн көрер? –
деген екі жолда бір­біріне мүлде жанаспайтын құлан мен жы­
ланды ұйқастыра, ұқсастыра суреттейді де, нақ айтар ойы – 
жалғыз кісі, бауыры жоқ, туысы жоқ, яғни ең керектісі жоқ – 
бейшара адам қалай күн көреді деген ойды соңында келтіреді. 
Бұл тұспал – тағы да қазақ пен ноғайдың бірлігі қажет деген 
идея екені күмәнсіз.
Тіршілікте күн сайын кездесетін жайттар мен өмір тәжі­
рибесінен туған «мәңгілік» ақиқаттар ауыспалы мағынада 
қолданылған символдар арқылы айтылып, тұспал түрінде 
баяндалады. Мәселен:
Көлде жүрген қоңыр қаз 
Қыр қадірін не білсін? 


[
209
]
Қырда жүрген дуадақ 
Су қадірін не білсін? 
Ауылдағы жамандар 
Ел қадірін не білсін?
5
... –
деген шумақта көргені жоқ, білгені аз адамдарды мінездеу үшін 
жырау контраст әдісін пайдаланған, қыр мен суды, қаз бен 
дуадақты қарсы қою арқылы оң­солын танымаған, ешкіммен 
араласпаған, ел­жұртпен сыйласпаған адамды сипаттап отыр. 
Мұнда синтаксистік параллелизм де бар.
«Психологиялық, синтаксистік параллелизмдер Шығыс 
поэ зия сының дидактикалық, ғақлиялық дәстүріне, мазмұ ны­
на, жалпы тәлімдік мақсатына, өмірді бейнелеу мен білдіру 
ерекшеліктеріне жақын да үндес. Сол себепті де болу керек, 
Асаннан Абайға дейінгі қазақ поэзиясында параллелизм мен 
дидактиканың қатар өрбіп келгенін дәлелдейтін мысалдар көп.
Құладың құстың құлы еді
Тышқан жеп жүнін түледі. 
Аққу құстың төресі, 
Ен жайлап көлді жүреді, 
деген жолдар – Асан толғауларының негізгі көркемдік арқауы. 
Осылайша өмір көріністерін параллельдеу, салыстыру, ұқсату 
арқылы суреттеу, қорытындылар жасау кейінгі тұста жыраулар 
творчествосында ақындық дәстүрге айналып кең орын алды»
6
.
XV ғасырдағы қазақ поэзиясының аса көрнекті өкілдерінің 
бірі – Қазтуған Сүйінішұлы. Ол 1420­1430 жылдары осы күнгі 
Астрахан уәлаятында әскери ақсүйектер отбасында дүниеге 
келген. Ірі шонжарлар тұқымынан шыққан Қазтуған сол тұста 
Еділ салалары Ақтұба, Бозанды мекен еткен түркі рулары 
мен тайпаларының әскербасы, билеушісі болған. Алайда, 
сон шама беделді әрі ықпалды болғанымен, ол XV ғасырдың 
екінші жартысында өз елінен Қазақ хандығына алуға мәжбүр 
болады. Оның себебі – сол XV ғасырдағы Дешті­Қыпшақтағы 
таққа таласқан сұлтандардың өзара жанжал­айқасы болу 
керек. Қазтуғанның Қазақ хандығындағы ғұмыры туралы 
әзірше толық дерек жоқ. Дей тұрғанмен, хандықтың күшіне 
14­279


[
210
]
кіріп, осы күнгі Батыс және Орталық Қазақстанды қайтадан 
өзіне қаратып, иелік құрған дәуірінде өмір сүргені күмән 
туғызбайды. Бұл XV жүзжылдықтың 80­жылдары еді
7
.
Қазтуғанның да мұрасы бізге аз көлемде жеткен. Солай 
болса да, қолымыздағы толғаулар оның үлкен талант иесі, 
көркем сөзге ұста екенін көрсетеді. Оның поэзиясы өзіндік 
мазмұнмен, өзіндік стильмен ерекшеленеді. Онда классик 
жырауға тән дидактика мен сәуегейлік жоқ оның есесіне мол 
күш­қуат, бұлқыныс бар, жауынгерлік рух пен лирикалық 
көңіл­күй қатар кездеседі. Оның толғауларынан қаһармандық 
пен нәзіктік айқын аңғарылады, ол жорықшы, жауынгер 
болып көрінеді. Сол кездегі қазақ болмысы үшін, көшпелі өмір 
кешкен халыққа жортуыл кешу, жорыққа аттану, ұзақ сапар 
шегу – әдетті іс. «Ер азығы жолда» деген номадтың идеалы 
шаршамайтын, талмайтын, еш нәрседен таймайтын, қайсар 
жігіт, ер азамат. Міне, Қазтуған поэзиясында бұл қасиет 
айрықша көзге түседі:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет