[
207
]
Жәнібекке арнап айтқан толғауларында
Асан өзі қанша
жақсы көріп, колдап жүрсе де, әміршісіне қатал сыншы
ретінде сөйлеп, оның кейбір ісәрекетін жақтамайтынын ашық
көрсетеді. Ақиқатына жүгінсек, Асан жырау Жәнібек ханға
оппозициялық сыңай білдіреді. Ол Ноғайлы дәуіріндегі өмірді
елге жағымды, халықтың бақытты тұрмыс кешкен заманы етіп
суреттейді, ол уақыт пен қоғамды өзінің мезгілі мен қауымына
қарсы қоя
бейнелеп, қазақ пен ноғайлардың бірге жасаған
тұсын «алтын шақ» еді деп, дәріптей жырлайды:
Қырыңда киік жайлаған.
Суыңда балық ойнаған.
Оймауыттай тоғай, егіннің
Ойына келген асын жейтұғын ...
Еділ менен Жайықтың
Бірін жазға жайласаң,
Бірін қыста қыстасаң,
Ал, қолыңды маларсың
Алтын менен күміске
3
.
Асан Сәбитұлының жырау ретінде Жәнібек ханға сын көзбен
қарағандығы ел арасында Асан туралы, оның Жәнібекке
наразы болғандығы жөнінде, сөйтіп, елжұрт үшін «құтты
қоныс» іздегендігі жайында әлеуметтікутопиялық аңыздар
мен әпсаналар тууына үлкен себеп әрі негіз болған. Бұл әп
саналар Асанның Жерұйықты іздеп, жер жүзін шарлағаны,
бірақ өзі ойлағандай елге жайлы
есіміне мекенді таба алмай,
өмірден қайғырып, өткені туралы әңгімелеп, Асанға «қайғы»
сөзінің қосылуын, сөйтіп, ол «Асан Қайғы» аталуының себебін
өзінше түсіндіреді.
Ал жырау Асанның өмірі де, поэзиясы да
сол тұстағы
ДештіҚыпшақ даласында өткен әрі жасалған. Оның поэзия
сы – өз дәуірінің айнасы іспетті, сол кезеңнің тынысын айқын
сездіреді. Асанның толғауларындағы ең басты ерекшелік
әміршіні дәріптеудің жоқтыгы, панегирика сипатының бол
мауды. Асанның бұл ерекшелігі кейінгі жырауларда да басты
белгіге айналады, алайда ХVІХVІІ ғасырлардағы жыраулар
поэзиясы панегирикадан құралақан да емес.
[
208
]
Асан толғауларында хас поэзияға тән дыбыс үндестігі (ас
сонанс пен аллитерация), синтаксистік
және психологиялық
параллелизмдер, тұспалдау, шендестіру, анафора, эпи
фора
ұйқастары сияқты көркемдеу мен бейнелеу құралдары, әдістері
аз емес. Мысалы:
Достарыңызбен бөлісу: