Тіленшіұлы болды. Ол 1465 жылдар шамасында Жайық
өзені
нің шығыс жағында, аса ірі ақсүйектер тұқымынан
тараған, текті феодалдың үйінде дүниеге келеді. Оның
нағашы жұрты да өте беделді, елді билеген адамдар болған.
Шалкиіз анасынан сәби кезінде айырылып, нағашыларының
қолында тәрбиеленеді. Екі жағы да текті тұқым болған соң,
әрі мұсылманша терең білім алған Шалкиіз биік парасатты,
тәкаппар мінезді болып өседі. Ол ұзақ, бір ғасырға жуық
тіршілігінде алуан түрлі тағдырды бастан кешіреді, Ноғай
лының әміршісі Би Темірдің ардақтаған жырауы болады, содан
кейін оның қаһарына ұшырайды. Өмірінің соңғы жылдарын
Шалкиіз жырау Қазақ хандығында өткізіп, шамамен 1560
жылдарда қайтыс болған деп саналады.
Шалкиіздің әдеби мұрасы сол дәуірдегі басқа жыраулардан
гөрі молырақ сақталған (оның 30ға жуық толғаужырлары
жарық көрді). Оның бізге жеткен толғаулары Шалкиіздің
кең тынысты, әрі сөзге ұста, аса дарынды жы рау екенін және
оның шығармашылығы өз заманындағы жыраулық поэзияға
тән барлық қасиеттерді бойына сіңіргенін айғақтайды. Атап
айтқанда, мұнда әміршіге тікелей сөз арнап, оны мадақтау,
қоғам мен дәуір, билеуші мен жырау туралы пәлсапалық
ойланыстар, жақсылық пен зұлымдық, достық пен қастық,
әділдік пен арамдық жөніндегі ғақлиялық тұжырымдар,
дидактикалық толғаныстар, яғни жырау көтеретін мәселелер
мен тақырыптар түгел бар деуге бола ды. Мұның бәрі жоғары
көркем поэзия тілімен, әр алуан теңеулер, метафора мен
синтаксистік, психологиялық параллелизмдер арқылы айты
лады.
Шалкиіздің толғаулары әрі лирикалық, әрі эпикалық са
рында болып келеді. Лирикалық сарындағылары этика,
мораль, дидактика, жалпы адамгершілік мәселелерін сөз етсе,
эпикалық сарындағылары мемлекеттік, халықтық, елдік проб
лемаларына арналып, қаһармандық мәнге ие. Лирикалық
[
214
]
толғаулардың басым көпшілігі адам туралы, оның қасиеттері
жөнінде, адамдардың өзара қатынасы мен олардың өмір,
достық, имандылық жайындағы түсінік пайымы, адамның
қоғамдағы орны жөнінде сөз қозғайды. Жаугершілік пен
жорықтар заманында өмір сүрген Шалкиіздің жас шағындағы
идеалы арғымақ атқа мінген, үстіне сауыт, басына дулыға
киген, қолына алдаспан ұстаған, сұлу жарды құшақтаған
ержүрек батыр. Өзі талай ұрысқа қатысып, жолдастарын
қарумен де, жалынды жыртолғаумен де жігерлендіре білген
Шалкиізге «батыршылық сүру» – басты мұрат, сондықтан да
ол:
Батыр болмақ сойдан-дүр,
Жалаңаш барып жауға ти.
Тәңірі өзі біледі
Ажалымыз қайдан-дүр!
12
–
деп айтады.
Жалпы, Шалкиіз толғауларының мазмұнына қараған
да,
оның өмірінің үш кезеңі аңғарылады:
а) арманға толы, албырт жастық шақ;
ә) атақдаңқы артып, үлкен жырау деңгейіне көтерілген тұс;
б) содан кейін бағы тайып, әміршіден де, сарайдан да алас
талған кезең.
Алғашқы, келешегіне сенімі мол, тауы шағылмаған Шал
киіздің шығармалары өте аз жеткен, бірақ сол бізге мәлім
дерінің өзі жас жігіттің ақындық қүдіретін таныта алады.
Жастыққа тән өрмінездік, алдына жоғары мақсат қою, биік
талаптың мүддесінен шығу, әйтпесе өмір сүрудің қажеті жоқ
деп кесіптүю ашық айтылады:
Алаштан байтақ озбаса,
Арабыдан ат та сайлап мінбен-ді!
Күлікке тастай болып тимесе,
Үстіме көбе салып кимен-ді!
Күмістен екі қолтық жоқ болса,
Сыпайшылық сүрмен-ді!
Алғаным ару болмаса,
[
215
]
Алдыма алып сүймен-ді!
Дулығамның төбесі
Туған айдай болмаса,
Батыршылық сүрмен-ді!
13
Шалкиіз поэзиясының ішінде нағыз жыраулық үлгіде ту
ғандары, негізінен, пәлсапалы мазмұнда болып келеді де, эпи
калық толғау түрінде айтылады. Бұл, көбінесе, Шалкиіздің
мол тәжірибе жинақтап, елге дүлдүл жырау ретінде танылып,
хан ордасында ақылгөй, кеңесші болып жүргенде және
содан кейін қарт абызға айналып, тіршілікке өзінің ұзақ та
қызықты, әрі мағыналы өмірінің биігінен қарап, өткенкет
кенді ойлап, келешекті болжай алатын шақта шығарылған
жыртолғауларында анық көрінеді.
Жұлдызы жанып, Би Темірдің жанында жүрген кезде
айтылған толғаулардың дені елдік, ерлік мәселеге бағыш
талған, өзінің әміршісін дәріптеуге арналған. Мысалы, осын
дай шығармалар қатарына «Арық хан», «Көгерген көк сынулар
жайқалса», «Жел, жел есер, жел есер», «Көктеп мінген еріңіз»,
«Шағырмақ бұлт жайтастар», «Жапалақ ұшпас жасыл тау»,
«Айырдан туған жампоз бар», «Ағынды сулар, аймақ көл»,
«Жайыңды білген қарындас», «Асқар, асқар, асқар тау»,
«Қатынасы биік көлдерден» атты өлеңтолғауларды жатқызуға
болады.
Шалкиіздің біраз толғауы оның әмірші қаһарына ұшырап,
ордадан қуылып, өмірдің, әсіресе қуғындықтың кермек дәмін
татып, жалғыздық көрген тұсында шығарылғаны аңғарылады.
Кеше ғана Би Темірдің ақылшысы болып, айтқаны іске асып
тұрған жырау бүгін ешкімге қажет болмай, бұрын қасында
жүрген серіктерінің де сатқындығын көріп, адамдардың іштар
лығын, күншілдігін басынан кешіріп, ашына да, ойлана да,
күңірене де, түңіле де толғайды. Дүниеде жақсылықтың бәрі
өтпелі екенін ашық айтып, тіршілікте адам тәрізді өмір сүріп,
қызықты қызықтап, жоқты жоқтап өту қажет екенін ескертеді:
Мынау жалған дүние
Кімдерден кейін қалмаған!
14
–
[
216
]
деп үлкен түйін жасайды. Орда мен хан маңайынан алшақ
жүрген кезде туған толғауларында Шалкиіз көпті көрген,
небір нәрсені басы нан өткерген, мол тәжірибе жинақтаған дана
болып көрінеді. Бұл тұста ол өмірдің мәні неде, адамға дүниеде
не керек, жақсылық деген не сияқты аса маңызды сауалдарға
жауап береді, тіпті «тұлға мен тобыр» секілді философиялық
мәндегі мәселені де көтереді:
Көрінгеннің бәрін де кісі демеңіз,
Күпе-күндіз тал түсте
Тарандап түзге жетер кісі бар.
Ау, бөрілер, бөрілер,
Бөрімін деп жүрерлер.
һәр бірінің баласы
Алтау болар, бес болар,
Ішінде абаданы бір болар.
Абаданынан айырылса,
Олардың һәр бірлеуі
Һәрбір итке жем болар
15
.
Шалкиіз шығармаларының ішінде оны нағыз жырау етіп
көрсететін екі толғауы бар: «Би Темірге бірінші толғау» және
«Би Темірді хаж сапарынан тоқтатуға айтқаны». Екі толғау
да Шалкиіздің атақты жырау болып, халыққа, елге беделі,
бірақ әміршінің қасынан аласталған шақта айтылған керек
деп есептеледі. Сол себепті бірінші толғауында жырау үлкен
шеберлік көрсетіп, алдымен Би Темірді мақтап алады да,
содан соң өзін қорлағанын ашық айтып салады және оның
кейбір кемшілігін көрсетіп, оған жырау дәстүріне сай нақыл
айтады, кеңес береді. Ал екінші толғауда Шалкиіз басқа бір
қырынан көрінеді. Мұнда ол жеке басының өкпесін емес, елдің
жағдайын сөз етеді, сөйтіп, Би Темірді қажыға барудан бас
тартуға шақырады. Меккеге барудан бас тартудың қажеттігін
жырау ұтымды әдісті пайдаланып дәлелдейді: әміршісін
дәріптеп, оны өте әділ төре етіп суреттейді де, содан кейін оған:
«Егер кетер болсаң, мына халқың бассыз, иесіз қалады», – деп
айтады және имандылықтың шарттарын алға тартады:
[
217
]
Жығылғанды тұрғызсаң,
Жылағанды уатсаң,
Қисайғанды түзетсең,
Тәңірінің үйі бәйтолла,
Сұлтан ием, қарсы алдында жасапты
16
.
Жалпы, Би Темірге қарата айтылған осы екі толғауда өте
дарынды жыраудың қайсар бейнесі мен текті батырдың алып
тұлғасы айқын көрінеді. Шалкиіздің ақындық талантты
қайтпас батыржыраудың образын айшықтаған. Мұндағы ба
тыржырау өзінің тектілігі мен кемеңгерлігі жағынан әмір
шіден асып түспесе, кем түспейді, ол ержүректілік пен қа
һармандылықтың, парасаттылықтың эталоны, көркемделген
шыңы болып көрінеді. Сырттай қарағанда Би Темірді мақтап
марапаттаған болып көрінетін жолдар, шынтуайтына үңілсек,
әміршіні дәріптеуден гөрі жыраудың өз бейнесін аша түседі,
оны толығырақ сипаттайды. Бұл жолдарда әмірші қаншалықты
жоғары көтеріле көрсетілсе, жырау да өзін соншалықты
биіктете түседі, сөйтіп, жасырын тұрған «әмірші мен жырау»
деген оппозициялық ой өте шебер, көркем, әрі нәзік айтылады.
Алайда, осының бәріне қарамастан, Шалкиіз өз заманының
перзенті, сол дәуірдің жырауы ретінде өз уақытында үстем
болған этатикалық көзқарасты ұстанған да, мемлекет күшті
болу үшін елді әділ басқаратын, иманжүзді әмірші керек деп
ойлаған, сондай әмірші болады деп сенген. Міне, осы сенім оған
«Би Темірге адалмын» деген сөзді айтқызған.
XVI ғасырда өмір сүрген аса талантты жыраудың бірі –
Достарыңызбен бөлісу: |