[
211
]
Анамыз біздің Бозтуған
Келіншек болып түскен жұрт.
Қарғадай мынау Қазтуған батыр туған жұрт!
Кіндігімді кескен жұрт,
Кір-қоңымды жуған жұрт
9
...
Бізге жеткен толғауларда Қазтуғанның өз «мені» айқын,
ол туралы айтып қана қоймайды,
өзін поэтикалық тұрғыдан
сипаттайды, тіпті, өзінің портретін жасайды:
Бұдырайған екі шекелі,
Мұздай үлкен көбелі.
Қара ұнымы сұлтандайын жүрісті,
Адырнасы шайы жібек оққа кірісті.
Айдаса, қойдың көсемі,
Сөйлесе, қызыл тілдің шешені,
Ұстаса, қашағанның ұзын құрығы,
Қалайылаған қасты орданың сырығы.
Билер отты би соңы,
Би ұлының кенжесі
10
...
Бұл толғауда автор өзін мінездейді,
өзі туралы мәлімет те
береді. Сырт қарағанда, шартты бейне боп көрінетін «уытты
билердің соңғы биі», «би ұлының кенжесі» деген сөздер бөлім
Қазтуғанның әкесі де, өзі де беделді би болғанын аңғартады.
Ал осы өзін таныстыру, өзін бейнелеу барысында жырау нағыз
көркем поэзияда қолданылатын өрнектерді пайдаланады. Ол
бақташылық өмір кешетін елге өте жақсы таныс образдар мен
символдарды ұтымды қолданып,
кей жерлерде метафоралық
бейнелер жасайды. Өзін елдің серкесі, биі әрі шешені, асауды
ауыздықтайтын құрығы, орданың тірегі, буыршынның бұта
азуы, бидайықтың көл шайқаған жалғызы деп сипаттайды.
Осындағы «серке», «би», «шешен», «құрық», «орда», «буыр
шын» сөздері қазақ өміріндегі әдеткі сөздер мен ұғымдар
метафоралық мағынаға ие бо лып,
автордың қандай адам екенін
поэзия тілімен сомдап тұр. Демек, Қазтуған өз толғауларында
суреттейтін нәрсеге ақынша қарап, оны көркем сөзбен кес
телеп танитын зергер екенін көрсетеді. Ол жырауға тән төк
[
212
]
пелеп айтуға лайықталған өлеңжырларда ассонанс пен алли
терацияны өте ұтымды пайдаланады.
Кейбір толғауларға қарағанда, Қазтуғанның өмірі бірыңғай
жақсы, үнемі ақсүйек деңгейінде болмаған тәрізді. Сол се
бепті оның бірер шығармасында тәуекелшіл, өр мінезді ердің
образымен қатар жаны нәзік, сезімтал, адам сезімінің, көңіл
күйінің бұрылыстарын дөп басатын сезімтал кісінің бейнесі,
әрі атаанасы мен елжұртын
мейлінше жақсы көретін адал
перзенттің де образы кездеседі. Туған жерінен, Еділ жа
ғалауынан шалғайға, Қазақ хандығына келген Қазтуған өзінің
атамекеніне деген сүйіспеншілігін, сағынышын сол жерлерді
айрықша әсірелеп, әсерлеп суреттеу арқылы береді. Туған
жерін бақ пен ырыс қонған, құтты қоныс етіп көрсетеді.
Салп-салпыншақ анау үш өзен
Салуалы менің ордам қонған жер.
Жабағылы жас тайлақ
Жардай атан болған жер.
Жатып қалып бір тоқты
Жайылып мың қой болған жер.
Жарлысы мен байы тең,
Жабысы мен тайы тең,
Жары менен сайы тең,
Ботташығы бұзаудай,
Боз сазаны тоқтыдай,
Балығы тайдай тулаған,
Бақасы қойдай шулаған...
Қайран да, менің Еділім ...
Жалпы, мазмұны мен әлеуметтік мағынасы, көркемдікбей
нелік қасиеттері жағынан Қазтуған шығармалары – Асанның
толғаулары секілді қазақ халқының өз алдына отау тігіп,
жеке мемлекет құра бастаған шағындағы елге құтты қоныс
іздеу идеялары мен жайлы
мекенге орналасу мәселелерінің,
поэзиялық түрдегі шешімі деуге болады, сол себепті онда өзінің
ежелгі отанын дәріптеу орын алған.
Ал енді Қазақ хандығы күшейе бастаған кезі мен дербес
мемлекет ретінде басқа көршілес елдерге танылып, үлкен
[
213
]
ордаға айналған тұстағы жыраулар поэзиясы бұрынғыдан да
гөрі саясиәлеуметтік мәнге ие болды, онда жалпы мемлекеттік
проблемалар
сөз болуымен қатар, әміршіге, оның ісәрекетіне
деген наразылық білінеді, кей тұста тіпті сын да айтылады. Сол
уақыттағы аса көрнекті жыраулардың бірі –
Шалкиіз (Шәлгез)
Достарыңызбен бөлісу: