Үмбетей Тілеуұлы. Ол 1706 жылы туған.
Үмбетейдің әкесі – атақты қобызшы, елдің ескі қаһармандық
жырлары мен аңыздарын, шешендер мен билер сөзін, халық
шежіресін жетік білген адам болыпты. Баласының ақындық,
өнерлік ұстазы өзі болған. Үмбетей жас кезінен бастап әкесінің
репертуарын түгелдей меңгеріп алады, үлкендікішілі дастан
дарды жырлайды, сөйтіп, ел ішінде танымал болады. Ха
лық мұрасын игеріп алған Үмбетей ақындық қабілетін де
ерте танытады. Оның алғашқы өлеңжырлары өз ағайынту
ыстары мен ауыл адамдарының бойындағы кемшіліктері
мен келеңсіз қылықтарын әжуалауға арналған. Біртебірте
өзі жақсы білетін жырауларды үлгі тұтып, философиялық
дидактикалық толғауға ойысады, әрі өзі шайқастарда көрген
жауынгер жігіттерге, батырлар мен қолбасшыларға одалар
арнап, жауынгер жырауға айналады. Жеке басының биік
қасиеттері мен ұрыстардағы ерлігі және ақындық таланты
арқасында Үмбетей қалың жұртшылықтың көзіне түседі,
сөйтіп, Абылай ордасына енді. Даңқы шартарапқа жайылып,
абыз жырау атанған шағында Үмбетей әйгілі «Бөгембай
өліміне» деген реквием іспетті жоқтауын және «Бөгембай
өлімін Абылай ханға естіртуін» шығарады. Үмбетей жырау
1778 жылы осы күнгі Ақмола облысына қарасты Ерейментауда
дүниеден көшеді.
Үмбетей жыраудың біздің заманымызға жеткен шығар
малары айтарлықтай көп емес. Олар, негізінен, белгілі бір
оқиғаға байланысты болып, нақты адамға арнау түрінде бо лып
келеді («Бөкеге», «Жауқашарға», «Бұқарға», «Бекболат биге»,
т.б.). Бұларда оқиғаның немесе фактінің өзі болмайды. Автор
оларды тәптіштеп жатпайды, сипаттамайды да. Көп жағдайда
ол адамдардың өзара қатынасын, олардың дауын, яки күдігін
[
231
]
өлеңмен шешеді я болмаса өзінің ойын айтып, пікірін білдіреді.
Сайып келгенде, бұл тәсіл билердің сөздеріне тән. Әдетте, билер
даудамайды шешкенде осын
дай өлеңжырды пайдаланып,
сөздің қүдіретін мойындатады. Осы билер секілді Үмбетей
өзінің арнау өлеңдерінде дидактикалық мәндегі афоризмді
норматив ретінде қолданады, әрі өзінің ойын дәлелдейтін
аргумент етіп пайдаланады. Сонымен қатар кейбір тұстарда
Үмбетей өзінің кейіпкерлеріне мінездеме беріп, жыраудан гөрі
ақындыққа тән қасиет танытады.
Үмбетей мұрасының ішінде шоқтығы биік, ерекше көзге
түсетіні – Бөгембай батырдың өліміне байланысты екі шығар
масы. Ежелден келе жатқан дәстүр бойынша, даңқты қолбасы
немесе ардақты адамның қаза болғанын халыққа, әсіресе,
ханға естіртудің өз рәсімі болған. Мұндай суық хабарды әмір
шіге тек аса көрнекті, әрі беделді, елдің құрметіне бөлен
ген абыз жырау немесе шешенби, яки аузы дуалы ақын
естірт кен. Еліне еңбегі сіңген батырлар мен хандардың, ұлы
қайраткерлердің жоқтауын ең алдымен ресми түрде атақты
ақынжырау шығарған. Міне, осы екі бірдей функцияны, яғни
Қанжығалы қарт Бөгембайдың қазасын әрі естіртуді, әрі оны
жоқтауды Үмбетей атқарған, ал бұл – жыраудың асқардай
таланты мен күллі қоғам алдындағы ерен еңбегін, таудай биік
беделін құрмет тұту еді.
«Бөгембай өліміне» – сыртқы формасы жағынан жоқтау,
тіпті реквием десе де болады. Ал мазмұны жағынан бұл шығар
ма – Бөгембай батырға арналған гимн. Мұнда Бөгем бай –
шынайы батыр, күллі халықтың сүйікті қаһарманы ретінде
бейнеленеді. Автор оның ең маңызды жеңістерін, көрсеткен
ұлы ерліктерін санамалап баяндайды, оның қалмақтардаң
тазартып, қазақты қайтадан қоныстандырған жерлерін атай
ды. Жырау өзінің жоқтауын дәстүрге сәйкес Бөгембайды
сипаттаумен бастап, оны барынша дәріптеп, Абылай жасақ
тарындағы қазақтың бас батыры екенін көрсетеді, сол үшін
неше түрлі теңеулер мен символдарды қолданады.
Уа, Алатаудай Ақшадан
Асып тудың, Бөгембай,
Болмашыдай анадан
Болат тудың, Бөгембай!
[
232
]
Қалақайлап дулатқан,
Қалдамандап шулатқан
Қалмақты алдың, Бөгембай!
Құбыла көшкен байтақтың
Ордасындай Бөгембай!
Темір жұмсап оқ атқан
Қорғасындай Бөгембай!
Қолтығы ала бұғының
Пәйкесіндей Бөгембай!
Жалаңқия жерлерден
Жазбай түсіп түлкі алған
Білегі жуан бүркіттің
Тегеурініндей Бөгембай!
27
Бұл толғаудан, біріншіден, оқырман Бөгембайдың әкесі –
Ақша есімді, анасы – Болмашы деп аталатын адамдар екенін
аңғарады. Екіншіден, Бөгембай батырдың қайраткүші, жігері,
айлакерлігі, алғырлығы, салмақтылығы, тегеуірінділігі алу
ан түрлі асыл зат пен айбарлы аңқұстың қасиеттеріндей
екендігіне көз жеткізеді.
Үмбетей жыраудың «Бөгембай өлімін Абылай ханға ес
тір туі» – осы жанрдың дәстүрлі арнасынан бөлек. Түпкі ма
ғынасына үңілсек, бұл – батыр мен ханның ел тағдырындағы
ролі мен маңызы, әміршінің мемлекет өмірінде алатын орны
туралы, дәлірек айтқанда, Абылай ханның заманы жайындағы
кең диапазонды толғау. Осы толғауында Үмбетей – нағыз абыз,
шындықты тайсалмай айтатын азулы жырау. Ол – болмыстың
күйкі тіршілігінен әлдеқайда жоғары тұрған, Абылайдың
күллі өмір жолын, оның сарбаздарының тыныстіршілігін
бүгешігесіне дейін біліп, бәрін қырағы көзбен шолып отырған
дана қарт. Оның статусы өте биік, ол ханмен тең тұр, тіпті кей
кезде одан да жоғары көрінеді. Оның дауысы зор, үні сенімді,
әрі қатты, өйткені ол ел туралы, елдің ырысы , тіпті ханның өзі
жайында, мемлекеттің тағдыры жөнінде ойлайды, қам жейді.
Үмбетей өктем сөйлейді. Ол Абылай тұсындағы қалмақтармен
болған ірі шайқастарды еске түсіріп, сол ұрыстарда жанқияр
лықпен соғысып, дұшпанды жеңуге шешуші үлес қосқан
батырларды атайды да: «Ұмыттың ба соны, Абылай?» – деп,
[
233
]
ханға қайтақайта сұрақ қойып , оның жадын жаңғыртып оты
рады.
Осы естіртудегі Үмбетей айтып отырған шайқастар, Абы
лайдың ісқимылы, Бөгембайдың, басқа да батырлардың
әрекеттері – бәрі өмірде болғаны тарихтан аян. Үмбетей со
лардың қақ ортасында жүрген, көбісімен араласқұралас
болған, жақсы таныс, жолдас ретінде оларға да сөз арнаған.
Мысалы, Абылайды былай қойғанда Бөгембай, Қабанбай,
Сары, Баян, Сағынбай, Қаз дауысты Қазыбек, Жәнібек, Құт
тыбай сияқты тарихи тұлғалардың аталуы мен сипатта
луы – ойымыздың дәлелі. Басқа бір толғауларында Ақтамберді,
Бұқар жыраулар, Бекболат билер туралы толғайды. Осылардың
біразымен сыйлас дос болған Үмбетей өз сырын жасырмай,
оларды қадірлейтінін ашық айтады. Мұның бәрі Үмбетей
жыраудың сезімталдығын, уақыттың ділін дәп басып, дәуір
тынысын, замана мен қоғам үрдісін тани білетін кемеңгерлігін
дәлелдесе керек. Қоғам өміріндегі жағдайды, хан ордасындағы,
сарбаздар арасындағы ситуацияны жақсы біліп, көп нәрседен
хабардар болып отырған Үмбетей өз заманы мен ортасының,
сол дәуірдің атақты адамдарының әдеби кейпін, өшпес образын
жасап берді, та рихи оқиғаларды поэзиялық тілмен жырлап,
әдебиетімізге өз үлесін қосты. Рас, оның шығармалары, жалпы
жыраулық поэзиядағыдай, форма жағынан алғанда бай емес,
бірізді, біркелкі 78 буынды. Оның есесіне Үмбетей ұйқасқа
мән берген, ал өлең тармақтарының саны бір тирадада тұрақты
емес, әркелкі болып келеді. Ескі архаизмдер жоқтың қасы.
Үмбетей Тілеуұлы – қазақ поэзиясының тарихында XVIII
ғасырдың нақты оқиғаларын суреттеген ақын, Абылай бастаған
батырларды мадақтаған, әрі ханға қарсы оппозициялық ой
қозғаған батыр жырау, өзі ұрысқа қатысып, өлең шығарумен
бірге бұрынғы батырлар жайындағы жырларды орындаған
жыршы ретінде бағаланып, өз орнын алады.
Қазақтың поэзиясы ғана емес, күллі әдебиетінің, мәде
ниетінің тарихындағы аса ірі тұлғалардың бірі – Бұқар
Достарыңызбен бөлісу: |