[
246
]
тоқығанына байланысты. Бұл ретте, ол көпті көрген дана әжесі
Зере мен ақындық, өнерпаздық дарыған шешесі Ұлжанның
кестелі сөздерін құлағына құйып,
шаршы топта жаңылмай
сөйлейтін әкесі Құнанбай мен басқа да рубасылардың билік
сөздеріне ден қойып өсті. Соның нәтижесінде Абай он жасынан
бастап өлең шығарды, әзілоспаққа, қолмақол өлең шығаруға
төселді. Демек, медресеге дейінақ Абай халық тілі мен ауыз
әдебиетін
меңгеріп алған деуге болады, бірақ, әрине, ол бүкіл
фольклорды әлі толық игеріп үлгермеген еді: алда қазақтың
төл әдебиетімен бірге шығыс поэзиясы,
орыс және Еуропа
мәдениеті бар болатын. Сонымен ауылда еркін өсіп, халық
поэзиясынан мол сусындаған Абай он екі жасында қала мед
ресесіне түсіп, мұсылман дінінің қағидаларымен қатар жырақ
елдердің көркем дүниесіне енеді, философияға толы ғақлия,
дидактика әлемін шарлайды.
Аса дарынды болған Абайға медресенің оқу бағдарламасын
меңгеру еш қиындыққа соқпайды. Оқылатын дәріс, ис
лам
кітаптары мен хикаяттары оның көп уақытын да алмайды.
«Сондықтан барлық артылған уақытты Абай өз бетімен өзі
сүйген
кітаптарын оқуға жұмсап, көп ізденуге салынады.
Өз бетімен оқитындары – шығыс ақындары. Одан соң – араб,
иран, шағатай (ескі өзбек) тілінде жазылған ертегі, дастан,
қис са сияқты әдебиет мұралары»
2
.
Аз да болса қалада оқуы жас Абайдың ерте есеюіне, көп
нәрсені көңіліне түюіне, дүниетанымын кеңейтуге зор әсер
етеді. Ауылға ол балалықпен қоштасып қайтады. Ұлы ақынның
тұңғыш биографы Кәкітай Ысқақұлының сөзімен айтсақ:
«Жиырма жасында Абай халық орта сында маңдай басы шешен
болады. Халық жайынан бұрынғы әдетті, ғұрыпты, ескі білікті
билердің қиын іс туралы қылатұғын биліктерін көп білген.
Өзінің зейіні
артық болған соң, кәрі мақалдарды, неше түрлі
қазақтың білімділері мысал үшін айтқан әңгімелердің бірін
ұмытпай біліп алған»
3
. Міне, осындай молынан меңгерілген
рухани мұра Абайдың болашақ туындыларында, бүкіл
шығармашылығында көрініс таппай қалған жоқ. Осы тұста
бірінші кезекте айтылатын нәрсе – халық тілі, оның лексика
лық байлығы, алуан түрлі идиомалық тіркестер, бір қалыпқа
түскен, дәстүрге айналған формулалар мен нақыл сөздер,
мақалмәтелдер, афоризмдер. Бұл, әсіресе,
ақынның алғашқы
[
247
]
өлеңдерінде көбірек кездеседі. Мысалы, жырау толғауларының
үлгісінде жазылған «Сап, сап, көңілім, сап көңілім» өлеңінде
«не күн туды басыңа», «сабыр түбі – сары алтын», «ауру
да емес, сау да емес», «ағын судай екпіндеп», «қатыны мен
қалашын», «қарсақ жортпас қара адыр» деген тіркестер –
халықтың ежелден келе жатқан образдық сөздері, фольклор
үлгілері мен жыраулардың, ақындардың шығармаларында
ескі заманнан қолданылып келген сөйлемдер. Сондайақ мына
тұрақты тіркестер мен нақыл сөздерді де көрсетуге болады:
«аузымен орақ орған», «талапты ерге нұр жауар», «малжан
аман ба?», «ауматөкпе заман», «қайта келер есікті катты
серіппе», «айдаһардай ысқырып», «алты бақан ала ауыз»,
«садаға кеткір», т.б.
Шынын айту ерек, мұндай қалыпқа түсіп, ел арасында
жаттанды болған сөздер мен тіркестер Абай поэзиясында ете
аз. Рас, Абайдың кейбір шығармаларында ауыз әдебиетіне,
әсіресе жыраулық поэзияға
тән формулалық және біреуге
қарата сөз айту кездеседі, адамды фольклор (кейде дастан)
үлгісінде сипаттау және халық поэзиясының басқа да әдіс
тері ұшырасады. Айталық, «Қақтаған ақ күмістей кең маң
дайлыда» халық әдебиетінде ежелден қолданылып келген
адамның пішінін суреттеу тәсілін көруге болады:
Достарыңызбен бөлісу: