[
243
]
АБАЙ ЖӘНЕ ФОЛЬКЛОР
Беташар
Күллі адамзат мәдениетіне, әлемдік әдебиетке айтарлық
тай үлес қосқан, абайтану ғылымының негізін салған, ұлты
мыз дың заңғар жазушысы, академик Мұхтар Әуезов өзінің
Абай туралы монографиясында: «Дана ақынның өз халқынан
және жалпы адам баласының өнерой байлығынан алған үш
үлкен салалы түп төркіні барын байқаймыз.
Мұның біріншісі – қазақ халқының
есте жоқ ескі заманнан
жиып, өсіріп келген өз даналығы, халықтың ауызша әдебиет
қоры, ақын Абай осы қордан көп нәр алып, сол арқылы өз
өлеңін көп көркейтті»
1
, – деп жазған еді.
Мұқаңның осы ойы, өкінішке қарай, қазақ әдебиеті туралы
ғылымда, абайтануда арнайы зерттелмей қалды, жанжақты
қарастырылмады, ары қарай жалғасын таппады.
Абай шығармашылығын зерттеген оқымыстылар мен
әдебиет тарихшылары бұл мәселеге
қатысты тек жалпылама
түрде айтып, нақты талдау жасамай келеді. Мысалы, Абай
поэмаларын алайық. Олардың сюжеттік түп төркінін, негізін
айқындау ісі де сол Мұқаң кезінен алға жылжыған жоқ.
Көп жағдайда осыдан жарты ғасыр бұрын айтылған ой
пікірлерді қайталау орын алып жүр. Ол замандағы жағдай мен
ғылымның деңгейі басқа болды. Қазіргі шақта Абайдың халық
мәдениетіне, философиясына, этнографиясына қатысы, оның
ұлттық фольклорымыз бен Шығыс сюжеттерін пайдалануы
жайында зерттеу жүргізу мүмкіндігі туып отыр. Ғылымда
тоқтау
болмайды, ізденістер үнемі жүріп жатады. Осы процесте
алуан түрлі ойлар айтылуы мүмкін, олардың арасында қате
айтылғандары да болуы ықтимал. Соңғы уақытта Абайды жеке
бір ақынның шәкірті, бір аймақтың ғана ақындық мектебінен
нәр алған деген сөздер де айтылып жүр. Бұл пікірдің теріс
екенін айтпасқа болмайды. Абай бүкіл қазақ фольклорын, өзіне
дейінгі ақынжыраулар поэзиясын толық меңгерген, қорытқан,
сөйтіп қазақ
әдебиетін жаңа сапаға көтерген, сондықтан оны
бір ақынға ғана теліп қою жөн емес. Бұл – мәселенің бір ғана
жағы. Сонымен катар Абай тек ұлт фольклорын емес, күллі
әлем, әсіресе шығыс халықтары фольклоры мен классикалық
[
244
]
әдебиетін «игерген, әрі оны өз шығармашылығына пайда
ланған. Ол Еуропа мен Ресей халықтарының мәдениетін, әде
биетін, ғылымын меңгергенімен, олардың сюжеттерін өз шы
ғармаларына арқау етпеген, тек қара сөзінде кейбіреулерін
мысалға
келтіріп, араарасында талдап отырған. Неге?
Мұның басты себебі – қазақ пен шығыс елдерінің ежелден
жақындығы, рухани туыстығы, тұрмыс ұқсастығы. Олардың
фольклорындағы ежелден келе жатқан ортақ сюжеттер мен
дастандарды, қиссалар мен жырларды, ертегілерді Абай өз
өлеңдері мен поэмаларына негіз етіп алған. Ал орыс пен Еуропа
елдерінің тұрмысы мен мәдениеті қазақ жұртына жат еді,
олардың әдебиеті де түсініксіз болатын.
Осыны ескерген Абай
орыс әдебиетін аударғанымен, сюжеттерін пайдаланбаған.
Оның бұл бағыттағы мақсаты: өзгеріп жатқ ан өмірге лайық
жаңа ой, соны идея іздеу, сөйтіп қоғамдық пікірді байыту, оны
дамыту және өзгеше өлең өрнектерін табу, қазақ әдебиетіне
тың тақырып енгізу, ұлттық мәдениетке жаңа сарын қосу, т.т.
болатын. Ұлы ақын бұл мақсатына жетті.
Ол
қазақ өміріне, оның рухани дүниесіне сын көзбен
қарап, олардың заман ағымына сай емес екенін анықтады,
жаңа ізгіліктерге ұмтылу қажеттігін айтып, оларды халық
қа айқындап берді. Бұл тұрғыдан келгенде, Абайдың шығар
машылығы, ойпікірлері ренессанстық сипатта болады, ол
Адамды, оның рухани азаттығын, білімділігін барлық мә се
леден биік қойды, қоғамдағы адам роліне айрықша мән берді.
Сөйтіп, толымды адам туралы өз концепциясын ұсынды,
өмірдегі барлық проблеманың
кілті Адам деп тапты, яғни
гуманистік пайымды өз философиясының негізі етіп алды.
Әдебиетті де осы тұрғыдан бағалады, оны бұрынғы жы
раулардан келе жатқан мемлекеттік қызметтен азат етіп,
адамның ішкі дүниесіне, тіршіліктүсінігіне, көңіл күйіне
бұрды, оның бейнелік әрі көркемдік сапасына ерекше мән беріп,
әдебиеттің эстетикалық мәнмаңызын арттырды. Осы шартты
данышпан ақынның фольклорға деген көзқарасынан да, оны
пайдалану принципінен де көруге болады. Фольклорлық мате
риалды көркемдеп баяндағанда да, саралап талдағанда да
темірқазық етіп ұстаған басты идеясы Адам болды. Ал Адамды
жетілдіретін бірденбір
нәрсе ғылым мен еңбек деп, кемеңгер