Барса, бір сылдыр каққан мөлдір бұлақ
Таспадай бейне арықтан шыққан құлап.
Түсе сала Ескендір басты қойды,
Ішсе суы өзгеше, тәтті тым-ақ.
Кепкен балық келтіртті сонда тұрып,
Сол суға балықты алды бір жудырып.
Исі, дәмі өзгеше болып кетті,
Таңғалды, мұның бәрін суға жорып.
Бұл сәт В. Жуковскийде басқаша:
Через песчаную пустыню шел
С своею ратью Александр: в страну,
Лежавшую за рубежом пустыни,
Он нес войну. И вдруг пришел к реке
Широкой он. Измученный путем
По знойному песку, на тучном бреге
Реки он рать остановил;
Он подошел к потоку, наклонился,
Рукою зачерпнул воды студеной
И напился: чудно освежила
Божественно целительная влага
Его все члены: в грудь его проникла
Удвоенная жизнь...
[
262
]
Міне, В. Жуковский шығармасында Талмуд пен Абайда ай
тылатын кепкен балық пен оның дәмінің, иісінің өзгеруі жоқ.
Ендеше, Абай Құнанбаев, Талмудтың тексімен жақсы таныс
болған. Сонымен бірге Абайдың В. Жуковскийді оқығаны
да көрініп тұр. Оған дәлел есебінде мынаны айтуға болады.
Талмудта Александрдың шөлге түскені жөнінде, оның өзінің,
әскерінің қиналғаны жайында еш сөз болмайды. Ал В. Жу
ковский шығармасында Александр Македонс кий қалың қо
лымен далада, құмды алқапта болып, күтпеген жерден бір
өзенге келеді, соның жағасында әскер сусындап, шөлін қан
дырып, тыныстайды.
Сонымен «Ескендір» поэмасының сюжеттік негізі көне
заманның ескерткіші Талмудтағы мысаләңгіме болып шықты.
Талмудтағы тәмсілдің сюжеті Батыс Еуропа арқылы орыс
әдебиетіне, одан Абайға жеткен. Абай Жуковскийдің өлеңін,
Талмудтағы тәмсілді, сондайақ Македония мен Александрдың
өзіне қатысты тарихи еңбектерді өз тұрғысынан қарап, қазақ
қауымының қажетіне сәйкес пайдаланған.
Абайдың поэмасында нақтылық және реалистік сипат ба
сым, сюжет шираған, кейіпкерлердің ісәрекеті мен сөздері
барынша дараланған. Соның нәтижесінде ежелгі сюжет көне
заманғы мифологиялық, діни сарындардан арылған, бұрын
Құдайға құлшылық ұрғызу үшін пайдаланылған жұмақ мотиві
«Ескендір» поэмасында кейіпкердің бүкіл болмысын ашуға
және автордың гуманистік ойларын айтуға қызмет етіп тұр.
Сөйтіп, Абай Құнанбаев Шығыста – Фирдоуси, Низами, Жәми,
Науаи; Батыста – Лампрехт, Ламберу, Бернэ, Шатильонский,
Шамиссо; Ресейде – Жуковский жырлаған Ескендір бейнесін
жаңа деңгейде, жаңа сипатта көрсетіп, оның тойымсыздығын,
шапқыншылықта өткізген өмірін сынайды. Ескендірдің еш
қандай пайғамбар, идеал патша болмағанын әшкерелейді.
Шығыс фольклоры негізінде жазылған Абайдың келесі
поэ масы – «Масғұт». Абай творчествосын зерттеушілер бұл
шығарманың алғашқы бөлігі орыс халқының аса көрнекті
жазушысы И.С. Тургеневтің «Восточная легенда» атты әңгі
месімен үндес екенін және Абай шығармаларын көшіруші Мүр
сейіттің 1907 жылғы қолжазбасында «Масғұттың» тұсында
«Тургеневтен» деген жазу бар екенін анықтап, бұл сюжетті
Абай, бір жағынан, И. Тургеневтен, екінші жағынан, Шы ғыс
[
263
]
фольклорынан алған деген пікір айтады. Бұл тұжырымды,
әсіресе, З. Ахметов соңғы жылдары анықтаған бирма хал қы
ның «Жаңбыр суын елдің бәрі ішсе, әмірші де ішеді» де ген
ертегісімен салыстыру нәтижесінде өте нанымды етіп дә
лелдеді.
Сонымен, біздің жоғарыда айтқанымыздай, Абай есейген
шақта Шығыс мәдениетіне қайта оралып, оның кейбір фольк
лорлық және басқа түрдегі материалдарын әрі тікелей, әрі орыс
әдебиеті арқылы алып, өз шығармашылығына өзгерте, жөндей
пайдаланған. Соның әдемі айғағының бірі – «Масғұт» поэмасы.
Енді поэманың сюжетіне тоқталайық. Арун Рашид зама
нындағы Бағдатта Масғұт деген жігіт тұрады. Бір күні тысқа
шықса, бір шалды ұрының тонап жатқанын көреді де, шалды
құтқарып жібереді. Әлгі шал Қыдыр болып шығады. Риза
болған ол Масғұтты ертесінде даладағы бір тамға апарады да,
үш түсті (ақ, қызыл, сары) жемісті көрсетіп: «Біреуін же, ақты
жесең, елден асқан ақылды, сарыны жесең, жұрттан асқан
бай боласың, ал қызылды жесең, әйел біткеннің сүйіктісі
боласың», – дейді. Жігіт қызыл жемісті таңдайды. Жігіттің не
себепті бұлай еткенін естіген соң, Қыдыр батасын беріп, кетіп
қалады.
Арада көп жыл өтеді. Масғұт халифке уәзір болады. Бір
күні оған Қыдыр түсіне кіріп, аян береді. «Жеті күн жаңбыр
жауады, соның суын ішкен адам жынданады. Сондықтан
ертерек су жиып ал», – дейді. Масғұт халифке айтады. Екеуі
суды мол қылып құйып алады. Қыдыр айтқан уақытта жаңбыр
басталып, тоқтаусыз жеті күн жауады. Елдің бәрі жауынның
суын ішіп, жынды болады, олар халиф пен уәзірді жынды деп,
өлтірмекші болады. Қорыққаннан бұл екеуі де жынды суды
ішіп алады. Халық оларды қабыл алып, құлдық құрады.
Осы сюжет И. Тургеневтің әңгімесінде былай баяндалған:
«Жапар жас кезінде Бағдаттың бір көшесінде кәрі шал
ды
ұрылардан құтқарып алады. Шал оған риза болып, ертесінде
базардың маңындағы бір кішігірім баққа алып барады да,
өсіп тұрған ағаштан үш түсті (ақ, қызыл, сары) алманың
біреуін ал дейді. Ақты алсаң, елдің бәрінен ақылды, қызылды
алсаң, Ротшильд еврей сияқты бай, ал сарыны алсаң, кәрі
әйелдердің сүйіктісі боласың, – дейді. Жапар сары алманы
үзіп алады. Сонда шал оған: «Дұрыс істедің, – дейді. – Себебі,
[
264
]
сен Сүлеймендей ақылдысың, өзің де кейін байисың. Ал мына
байлығыңа, яғни кәрі әйелдерге, ешкім қызықпайды». Содан
кейін Жапар шалдан халифтің кәрі анасы қайда тұратынын
сұрайды. Шал жолды нұсқайды».
Міне, Тургеневтің әңгімесі осымен бітеді. Абай мен Тур
геневтің текстерін салыстырғанда, сюжет ұқсастығымен қа
тар, біршама өзгешеліктер барын байқауға болады. Абайда
қосымша детальдар енгізілген: егер Тургеневте тек халиф
болса, Абай оны Арун Рашид деп, тағы да тарихи нақтылық
пен шығыс фольклорында, әсіресе, «Мың бір түнде» дәстүрге
айналған кейіпкерді қосады. Сондайақ Тургеневте Жапардың
құтқаратын адамы сиқыршы бір шал болса, Абай да ол – Қыдыр.
Яғни бұл жерде де қазақ ақыны Шығыста кең тараған образды
енгізген. Бірақ сөйте тұра Абай, неге екені белгісіз, тарихта
Арун Рашидтың уәзірі болған Жапардың есімін Масғұт деп
өзгертеді. Міне, бұл – кейіпкерлерге қатысты өзгешеліктер.
Сонымен бірге Абайдың шығармасында сюжеттік, маз
мұндық өзгерістер де бар. Мысалы, мына бір детальдарға көңіл
бөлейік. Тургенев әңгімесінде ұрылардан құтылғаннан соң шал
былай дейді.
«– Храбрый юноша, твое великодушие не останется без
награды. На вид я – убогий нищий, но только на вид. Я человек
не простой. Приходи завтра ранним утром на базар, я буду
ждать тебя у фонтана – и ты убедишься в справед ливости моих
слов».
Абайда:
Достарыңызбен бөлісу: |