Қасқабасов С. Таңдамалы



Pdf көрінісі
бет78/85
Дата12.12.2023
өлшемі1.43 Mb.
#486299
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   85
kaskabasov s tandamaly tom 2 mifologiia folklor debiet zertt

Сұраншыдай батырдың
Жан жүрмеген шенінен.
Алмастан соққан ақ қылыш
Еш кетпеген белінен.


[
289
]
Ашуланған кісіге
Қабағы жаман түксиген.
Досы қатты сүйсінген.
Дұшпаны жаман күйінген.
Сұраншыны көргенде
Аузын ешкім ашпаған,
Аяғын қадам баспаған.
Қарсы келген кісіні
Сүйретіп жерге тастаған.
Сабырлықпен іс қылып
Көлденең жатқан мылтықтан
Жан сауғалап қашпаған.
Бұл – кәдімгі эпикалық батырдың мінездемесі, бірақ одан 
айырмашылығы да бар. Оның ашуланған сәтіндегі түрі ба­
тырлық эпостан басқаша, сондай­ақ мұнда Сұраншының 
мінезі әдеттегі жырдан өзгешелеу сипатталады, оның досқа 
деген ықыласы, ілтипаты қаншалықты жылы, жайдары бол­
са, дұшпанға деген қатынасы соншалықты қатал. «Сұраншы 
батыр» дастанында:
Мейірімді туған Сұраншы
Елін сүйген жасынан,
Жетім менен жесірді
Атына артып көшірген,
Ерегіскен жауларын
Су құйғандай өшірген, – 
деп сипатталады.
Жалпы, Жамбыл батырлар туралы жырлағанда жай жыр­
шы болып қана көрінбейді. Оның ақын екені мұнда да айқын 
көрініп тұрады. Жәкең жырлаған «Өтеген батыр», «Сұраншы 
батыр», «Көрұғлы» дастандарында ежелгі эпостық дәстүр­
дің көп белгілерімен бірге біраз өзгешеліктер бар. Әсіресе, 
ондай айырмашылық қаһармандардың күйінген сәттерін бе­
руде, сондай­ақ эпоста мүлде жоқ табиғат суреттерін бейне­
леуде және ескі батырлар жырына тән кейбір байырғы мо­
тивтерді түрлендіруде көрініс береді. Бұл тұрғыдан келгенде, 
19­279


[
290
]
Жамбылдың жыршылық өнері арнайы қарастыруды талап 
етеді. Өйткені Жәкең – асқан шебер жыршы, ол кісі жыр­
ды айтудың өзін шығармашылық деп түсінеді, яғни, Жәкең 
белгілі эпосты жырлаған шақта да импровизация жасап 
отырады. Бұған Жәкең жырлаған «Өтеген батырдың» екі 
нұсқасын салыстыру арқылы көз жеткізуге болады. Бір сю­
жетке құрылған екі шығарма болып шыққан. Демек, Жам­
был сияқты классик жыршылар эпосты құр жаттап алып 
айтпайды, олар сюжетті, оқиғалар мен адамдарды жадын­
да сақтайды да, жырлау барысында өз еркінше импровиза­
ция жасайды, ал импровизация процесі – шығармашылық 
процесс, оның өзіндік заңдылығы, әдіс­тәсілдері бар. Жәкең 
осының бәрін толық меңгерген әрі игерген, сөйтіп, ол 
импровизаторлық өнердің биік шыңына жеткен.
Кемеліне келген импровизаторлық өнер мен бойына туа 
біткен ғажайып дарын, өзі жинақтаған зор өмірлік әрі ақын­
дық тәжірибе Жамбылды XX ғасырда ұлы жырау биігіне 
көтерді. Ежелгі данышпан жырауларша Жамбыл бұл тұста 
мемлекеттік мәні бар мәселелерді көтеріп, қоғам өмірі мен ел 
мүддесін жырлайды, замана жайлы толғайды. Сол ғасырдың 
20 жылдарынан бастап, Жәкең өзінің бұрынғы тіршілігі 
мен совет кезіндегі өмірі жөнінде, халықтың басынан өткен 
небір қиын­қыстау кезеңдер жайында көптеген толғау ай­
тып, өлең шығарады. Қарт жырау көбінесе ертедегі болмыс­
ты суреттеп, көне тарихқа көз жүгіртіп, сол уақыттағы да­
ланы сипаттайды. Өз дәуірінің асқарынан дана абызша за­
мана ағымын шолады, мезгіл мен өмір туралы ойланады, 
соларға мінездеме береді. Қазақ халқының сонау Шыңғыс 
хан тұсынан бастап таланғанын айтады. Ресейге отар болып, 
езілген шағын бейнелейді, оны «сұм заман», «сұр заман» деп 
атап, «бұлдыр күн, қырғыр күн» деп сипаттайды. Ресей импе­
риясына, орыс патшасына бодан болған елдің хал­жағдайын 
Жәкең өте дәл, әрі нақтылап, детальдап әңгімелейді.
Жамбылдың өткен дәуір мен кейінгі заман туралы тол­
ғаулары – нағыз жыраулық поэзияның озық үлгілері. Олар­
дың ауқымы кең, ойы бай, тілі шұрайлы. 1930­1940 жыл­
дар аралығындағы Жамбыл толғаулары көп жағдайда 
конт 
растқа құрылған, сондықтан оларда, негізінен, бір­бі­


[
291
]
ріне қарсы қойылған екі оппозициялық бейне басым болып 
келеді. Бірі – «сұр заман», «сұм заман», сары сахара, қу дала, 
өлі немесе өліге жақын дүние. Осыған сәйкес ол заманның 
адамдары да көбінесе залымдар, момынды зар жылатқан 
әкімдер, кедейді қан қақсатып, қинаған болыстар, қазақты 
жаншыған зорлықшыл орыс патшасы, қоқан датқасы бо­
лып суреттеледі. «Бірі күліп, мыңы жылап жүрген» бұл 
қоғамдағы ең бейшара адам – кедей. Жарлылардың қатарында 
ақынның өзі де бар, бірақ ол өзін қорғансыз сезінбейді. Жам­
был жаратушының өзіне дарытқан өнеріне, өлеңіне, жы­
рына сенеді, уытты сөзіне арқа сүйейді, сол арқылы айбат 
шегеді, айбар көрсетеді. «Сөзім – жалын, домбырам – най­
за», дейді Жәкең. Сол себепті де ол тіпті совет өкіметінің 
белсенділерінен қаймықпай, беттеріне 1921 жылы былай деп 
айтып салады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет