Қасқабасов С. Таңдамалы



Pdf көрінісі
бет80/85
Дата12.12.2023
өлшемі1.43 Mb.
#486299
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   85
kaskabasov s tandamaly tom 2 mifologiia folklor debiet zertt

Жердің шелін сел жуар,
Елдің кегін ер жуар.
Дауыл тұрса бұлт қуар,
Жердегі жауды жұрт қуар...
Немесе:
Жаудан күту жақсылық –
Зарыққанның салдары.
Байдан күту жақсылық – 
Тарыққаның салдары.
Ел қадірін ер баққан
Елдер білер деген сөз.
Зер қадірін зер соққан
Зергер білер деген сөз.
Я болмаса:
Елі жақсы адамнан,
Ері жақсы адамнан.
Туар ма бала жігерсіз?


[
297
]
Мұндай жыраулық үлгіде айтылған нақыл сөздер Жам­
был поэзиясында айтарлықтай көп. Олар ақынның әр түрлі 
шығармаларында құмдағы шашырап жатқан алтын түйірлер 
тәрізді жылтырап көрінеді, көре­тере білген кісіге – зор 
қазына, тағылымы мол рухани байлық. Өзінің құрылымы 
мен ойлылығы жағынан бұл шумақтар кәдімгі Асан Қайғы­
ның, Бұқардың толғауларына ұқсас. Мұнда ғасырлар бойы 
жинақталған өмірлік тәжірибені қорытып, соның негізінде 
айтылған ойлар ескірмейтін қанатты сөзге, мақалға айна­
лып кеткен. Жамбылдың осы тектес толғауларының басты 
тақырыбы – адам, қоғам, өмір, заман, ал мазмұны – солардың 
сипаты, сипаттау тәсілдері – әр алуан теңеу, метафора, анти­
теза, шендестіру, мінездеу. Мұндай нақылға айналып кеткен 
толғауларда Жәкең өмірден түйгені мен тоқығаны көп дана 
ретінде көрініп, мәні­мағынасы биік те терең мәселелерді 
қамтиды. Атап айтар болсақ, мынадай: кемел тұлға мен то­
быр («Таман қарға жиылса, бір сұңқарға жетпейді»), адамның 
бас бостандығы («Дүниенің кеңдігі – жүргеніңді басың 
бос»), имандылық пен қайырымдылық («Қылған қайыр бол­
маса, Не әкетесің өмірден»), адамның тұрақсыздығы («Жан 
қысылса, белгілі, Таба алмайсың жақын дос»), өмірдің 
өткіншілігі («Ой­хой, дүние серуен, Адам – бір көшкен ке­
руен»), заманның қатыгездігі («Қайтіп жаның ашымас, Не­
ткен заман қатыбас?»), т.т. Жәкеңнің бұл тұжырымдары, бір 
жағынан, ежелгі жыраулар сөзін еске түсірсе, екінші жағынан, 
өзінің замандасы, құрдасы ұлы Абайдың кейбір ойларымен 
үндес. Мұны біз екі ақынның заман мен адам туралы айтқан 
мына бір сөздерінен байқауымызға да болады. Жамбыл былай 
дейді:
Заман, заман дегенде
Заманға қожа – адам ғой!
Наразы болсаң заманға,
Бар кінәні соған қой!
Абай жазады:
Әркімді заман сүйремек,
Заманды қай жан билемек?


[
298
]
Заманға жаман күйлемек,
Замана оны илемек.
Қазақ әдебиетінің екі үлкен саласы – авторлық ауыз 
әде биеті мен жазба әдебиетінің ұлы екі өкілі бір ойды екі 
тәсіл 
мен, екі үлгіде айтып отыр. Жамбыл – байырғы абыз­
жырауларша да, Абай – ойшыл философтарша. Екеуінің 
де айтып отырғаны – адам заман ағымына жүре бермеуге тиіс, 
өзінің жағымсыз іс­әрекетін заманға жаппауы керек, әр ха­
рекетіне өзі жауап бере білуге міндетті. Ондай болмаған жағ­
дайда адам өзін адам ретінде сезіне алмайды, оны заман 
илеп тастайды. Нашар адам уақытқа бейімделіп, бүгін істеген 
келеңсіз қылығын ертең мезгіл солай болды деп, заманға кінә 
тағып жүреді. Ал, нағыз адам, кемел тұлға заманға күйлемейді, 
оның қожасы болады, оны өзі билейді. Адам осындай болу ке­
рек деген ойды айтады ақындар. Сөйтіп, олар адам және за­
ман, тұлға және тобыр деген мәселеге өз тұрғыларынан келіп
екеуі де адам өз тағдырының иесі, өз ісіне өзі жауапты деген 
тұжырым жасайды. Рас, тұлға, кемел адам туралы олардың 
түсінік пайымы ұқсас болғанымен бірдей емес. Абай толым­
ды адам деп, ол туралы өзінің жүйелі концепциясын жасаса, 
Жамбыл нағыз адам деп ел үшін еңіреген халықтық идеалды 
есептейді және оны жырауларша сипаттайды:
Асқақтаған адамда тоба болмас,
Ел қорғаған адамда мола болмас.
Елден туып, ер болсаң, елге қара,
Шірік қурай ауылға қора болмас!
Жамбыл шығармашылығында оның өнер туралы, ақын­
дық шабыт жайында, поэзияның мақсат­міндеті жөнінде 
айтқан толғау­өлеңдері – жеке бір сала. Ол жырларында Жәкең 
өлең қандай болуы керек, ақын нені толғауға тиіс, қалай 
жырлауға міндетті екенін өрнектеп, сәнін келтіре, бейнелі 
түрде баяндайды. Бірде жырауларша төкпелеп толғанса, енді 
бірде ақындарша айшықтап айтады. Өнер туралы бірде арнайы 
өлең шығарса, бірде жыр­дастандарында толғайды. Соның 
бәріңде сөз қадірін білетін жұрт пен ақындық туды жоғары 


[
299
]
ұстаған, таланты мен шабытын халықты жырлауға арнаған 
дүлдүл сөз зергерлерінің бір­біріне байланысты екенін ескертіп 
отырады:
Ақын деген – бір бұлақ,
Көмілер көзін ашпаса.
Көзін ашар көпшілік
Сүйсіне тыңдап, қоштаса.
Алтын сөз де ас болмас
Елеусіз жерге тастаса.
Поэзияның құдіретін талай рет өз көзімен көрген Жамбыл 
былай дейді:
Жырыңды, досың болса, күлдіріп айт,
Жау болса, жау тигендей бүлдіріп айт!
Жыр деген – біреуге оқ, біреуге бал,
Дәл тиген оқ берендей жұлдырып айт!
Жүз жыл өмірінің сексен бесін өлеңмен өткізген Жәкең 
айтысқанда да, арнау жырларында да, дастандарында да 
осы тұрғыдан айныған емес, сол себепті де ол ел ықыласына 
бөленді, жаңа заманда жаңаша түрленді. Жамбыл поэзиясы 
өміршеңдігінің де, ақын есімінің ел жадынан өшпейтіндігінің 
де сыры осында. Жамбыл – көп ғасырдан бері жасап, дамып 
келе жатқан қазақ ауыз әдебиетінің ең биік шоқтығы. Оны XX 
ғасырдың жырауы деп айтуымыздың да себебі осы, ол бізге 
осысымен қымбат.


[
300
]


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет