ӘДЕБИЕТ ПЕН ФОЛЬКЛОРДЫҢ
БАЙЛАНЫСЫ ТУРАЛЫ
Қазақтың XX ғасырға дейінгі өмірінде фольклордың ара
ласпайтын жері болған жоқ, ол елдің рухани қажеттілігін
түгелімен атқарды, бүкіл тіршілігінің ажырамас бөлігі
бол ды, сол себепті ХІХ ғасырдағы әдебиетте фольклордың
«менмұндалап» тұруы – табиғи нәрсе. Әсіресе, авторлық ауыз
әдебиетінде, яғни жыраулар мен ақындардың шығармала
рында фольклордың тілі, поэтикасы, стильдік құрылымдары
мейлінше мол. Ал, Абай мен Ыбырайдан бастау алатын жаңа
жазба әдебиет фольклорға саналы түрде барды, оған қажетті
дәрежеде арқа сүйеді. Бұл жерде біз фольклордағы сөздер
мен тіркестер, сюжеттер мен кейіп керлер, жекелеген жанр
лар, мақалмәтелдер мен жұмбақтар, өлеңдер жазба ақындар
шығармашылығында емінеркін жү ретіндігін айтып отырмыз.
Олардың біразы табиғи түрде жүр се, кейбіреуі мақсатты түрде
қолданылған. Кейін осы дәстүр жалғасып, әдебиеттегі фолькло
ризм құбылысын тудырды. Фольклоризм әдеби шығарманың
мазмұнынан ғана емес, оның тілдікстильдік табиғатынан,
әдеби шығарманың көркемдік құрылымынан, әлеуметтік
этнографиялық сипа тынан көрі неді. Осылардың әрқайсысын
арнайы зерттеу – әдебиет пен фольклордың арақатынасы, бай
ланысы қан ша лықты терең, табиғи, мақсатты екенін ашып
көрсетері хақ және әдеби шы ғармада бейнеленген өмір туралы,
жазушы шығармашылығының қайнар көзі жайында, сондай
ақ автор дың өмірі мен дарыны жөнінде айтарлықтай мағлұмат
беретіні күмәнсіз.
Әлемдік фольклортануда «фольклор» ұғымы өте кең
мағынада қолданылады. Оған халық музыкасын, халық биін,
халық өлеңін, халық театрын, халық әдебиетін, халық қол
өнерін, халық қолданатын ырымдар мен ғұрыптарды, салт
тар мен нанымсенімдерді жатқызады. Демек, фольклор
дегені міз – тек қана ел арасына тараған ауызекі шығармалар
емес, фольклор – халықтың бұрынғы замандарда өмір сүрген
бабалары шығарып, пайдаланып, ұрпақтан ұрпаққа аманат
етіп, бүгінгі дәуірге жеткізген руханият. Ол – көп салалы,
сондықтан көп сипатты және кеп функциялы, синкретті ру
ханият. Өте ерте заманда туып, жүздеген ғасырлар бойы өмір
[
301
]
сүргендіктен фольклор ежелгі қоғамның дүниетанымы және
мәдениеті болған. Үнемі қолданыста болғандықтан, ол – адам
дар тұрмысының қажетті бөлшегіне, атрибутына айналған.
Ұзақ тарихи дамудан өткен фольклор біздің дәуірге сөз өнері әрі
мәдени мұра түрінде жетіп отыр. Міне, осының бәрі фольклор
ды әдебиеттен әлдеқашан бұрын пайда болып, өзіндік көркем
жүйе қалыптастырған сөз өнері деп тануға негіз болмақ.
Сөз өнеріне айналған фольклор – атам заманда туып, бірден
біргс айтылып, ұрпақтанұрпаққа ауысып отырған, сөйтіп,
біздің дәуірімізге жеткен авторы жоқ ауызекі шығармалар
екені белгілі. Ал, ауыз әдебиеті – ол да ауызша туып, ауызша
тарап, орта ғасырлардағы қазақ қоғамы үшін кәдімгі кәсіби
жазба әдебиеттің ролін атқарған туындылар. Оның фольклор
дан бірнеше айырмашылығы бар: біріншіден – автордың бо
луы; екіншіден, мәтіннің біршама тұрақтылығы; үшіншіден,
шығарма мазмұнының нақтылы, белгілі бір оқиғамен, адаммен
байланыстылығы; төртіншіден, шығармада автордың өзіндік
«мені» болуы, стилінде даралық сипаттың көрінуі; бесіншіден,
шығармалар тек қана поэзия түрінде, толғау, арнау, мадақтау
үлгісінде орындалуы; алтыншыдан, шығарманың қалың
елдің, хан кеңесінің, жауынгерсарбаздардың алдында дереу,
импровизациямен айтылуы. Сондықтан мұндай дүниелерді
«авторлық ауыз әдебиеті» деп, жеке бөліп атаған жөн.
Жазба әдебиетіміз де ертеден бері өмір сүріп келе жатқан
рухани құндылық. Ежелгі сақтардан, ғұндардан, үйсіндерден
қалған жазба жәдігерлер, түркілер қағанатының тасқа қа
шап жазған мәтіндері, сондайақ орта ғасырларда қолжазба
қалпында сақталған шығармалар мен жаңа дәуірде баспадан
шыққан туындылар – бұлардың бәрі жазба әдебиетке жатады.
Әрине, олар әр дәуірдің өзіндігіне байланысты болғандықтан
біркелкі емес. Ежелгі замандағы дүниелер, көбінесе, аңыз
даулар түрінде жетсе, көне түркі ескерткіштері тарихиқа
һармандық жыр үлгісінде белгілі болып отыр. Ал, орта ға
сырдағы жазба әдебиет, негізінен, діни хикаяттар, тарихи
және ғашықтық дастан формасында болса, жаңа дәуірдегі жаз
ба әдебиет көп жанрлы, нағыз көркем сөз өнері болып дамыды.
Біздің бұл ұжымдық монографиямызда жаңа дәуірдегі, әсіресе,
XX ғасырдың соңы мен XXI ғасырдың басындағы әдебиеттегі
фольклорлық дәстүрлердің, дәлірек айтқанда, фольклорлық
[
302
]
сана мен ұғымтүсініктің, ырымдар мен салтғұрыптардың,
сондайақ фольклорлық жанрлар мен сюжеттердің, кейіпкерлер
мен көркемдік құралдардың, мотивтер мен әдістәсілдердің
пайдаланылуы, олардың әдеби шығармада атқарып тұрған
қызметі, т.б. мәселелер қарастырылды.
Жалпы, фольклор – ұлттық әдебиет пен өнердің алдыңғы
басқышы, бастауы екендігін теориялық тұрғыдан алғаш зерт
теп, дәлелдеген Еуропаның ағартушылары еді. Ағартушылар
ә дегеннен Жаңғыру дәуірінің рухы мен идеясын қабылдап,
халық поэзиясының, жалпы мәдениетінің ұлттық әдебиет пен
өнердің туып, дамуындағы роліне көп көңіл бөлді. Бұл, әсіресе,
М. Монтень мен Д. Виконың, Ж. Руссо мен И. Гердердің ең
бектерінде айқын көрініс тапты.
Әдебиет пен фольклордың байланысы – әлем мәдениетінің
дамуындағы басты заңдылықтардың бірі. Жер жүзіндегі қай
әдебиетті алсақ та, оның шығу тегі фольклор екенін көреміз.
Сондықтан әдебиеттегі фольклоризм барлық әдебиеттің тари
хы мен теориясын зерттегенде де, жеке ақынжазушылардың
шығармаларын талдағанда да көрнекті орын алады.
Қазақтың халық поэзиясы мен көркем әдебиетінің шын
мәніндегі алғашқы шығармашылық тоғысуы Абай поэзиясы
нан, яғни жаңа дәуір әдебиетінен айқын көрінді. Бұл кезде
су жаңа қазақ әдебиетінің туып, қалыптасуында тарихи роль
атқарғаны күмәнсіз. Абай бастаған жаңа көркем әдебиет, бір
жағынан, фольклордан алшақтай отырып, екінші жағынан,
одан мол сусындады.
Әлбетте, фольклорға арқа сүйеу Абайдан бұрынғы авторлық
ауыз әдебиетінде де, жазба мәтіндерде де орын алғаны дау
сыз. Сонау Түркі заманындағы тасқа қашалған текстерде,
орта ғасырдағы қолжазба шығармаларда фольклордың әсері
анық байқалады. Осы байланысты тарихи тұрғыдан қарасақ,
халық поэзиясының көркемдік, идеялық, стильдік ерекшелік
тері әр дәуірдегі әдебиетте әртүрлі мақсатта, әртүрлі форма
да қолданылғанын көреміз және бұл қолданыс бірде табиғи,
бірде мақсатты түрде жасалғанына көз жеткіземіз. Әрине, бұл
байланыс бір типті және үнемі тығыз болмаған. Әрбір тарихи
кезеңде әдебиет пен фольклор бірбіріне әрқилы мақсатпен
ықпал етіп отырған, олар кейде өзара жақындасып, кейде бір
бірінен алшақтап жүрген – бәрі белгілі бір дәуірдің, қоғамның
[
303
]
сұранысына және сол шақтағы әдебиеттің көркемдік даму
деңгейіне байланысты еді. Бұдан шығатын қорытынды:
әдебиет пен фольклордың арақатынасы – өте күрделі
процесс, осы үдерістің тарихын, даму барысын зерттеу –
әдебиеттану үшін де, фольклортану үшін де аса маңызды
проблема.
Фольклордың әдебиетке, әдеби шығармаға енуі үнемі
бір келкі, ылғи да автордың әдейі солай істеуімен байланы
сты бола бермейді. Орыс ғалымдары мынадай заңдылықты
байқаған екен: а) фольклор элементтері әдеби шығармаға
бейнеленіп отырған объектінің атрибуты болғандықтан ене
тіндігі; ә) олар фольклорлық дәстүрдің өзінен тікелей алынбай,
әдебиетте бұрын қабылданып, сіңісіп кеткендіктен кірігуі.
Психологиялық параллелизм осылай енген; б) жазушының
фольклорға әуестігінен емес, оның ұлттық болмысынан, ұлт
тық психологиясы мен тілдік табиғатынан туындаған себепті
болатындығы
1
.
Аталған заңдылық түгелімен болмаса да, жалпы, фоль
клор мен әдебиеттің арақатынасының белгілі бір себептері
есебінде біздің тақырыпқа қатысы бар. Қазақ әдебиеті мен
фольклорының байланысында айтылмыш себептерден басқа да
өзіндік сипаттары аз емес, олар осы еңбектің тарауларында әр
жанр бойынша қарастырылған.
XX ғасырдың соңғы ширегі мен XXI ғасырдың басын
да дүниеге келген біраз туындыларда фольклорды пайдала
ну мүлде жаңа үрдісте, жаңа сипатта көрінетінін айту ке
рек. Әсіресе, екі ғасырдың тоғысында жарыққа шыққан шы
ғармаларда фольклор әр түрлі мақсатта пайдаланылып, әрқилы
қызмет атқарып тұрғанын байқауға болады. Бұларда фольклор
тек бұрынғыша «цитата» немесе «фон» ретінде ғана емес, шы
ғарманың бүкіл мазмұнының өзі, кейіпкерлердің болмысы
түрінде де көрінеді. Екінші сөзбен айтқанда, фольклордың
белгілі бір жанрын, яки сюжетін қолданумен шектелу жоқ,
ендігі романдарда, кейде повестер мен әңгімелерде де, поэма
өлеңдерде де фольклорлық сана мен фольклорлық ойлаудың
архетиптері, кейіпкердің санасынан кене жайттар, тарихи
генетикалық жадының түкпірінде жатқан фольклорлық
мифологиялық ұғымтүсініктер, түйсіктер кең пайдаланыла
ды. Ал, бұл жағдай әдебиет пен фольклор жаңа дәуірде жаңаша,
[
304
]
жаңа деңгейде байланыс жасауда деген ойға жетелейді. Бұл
еңбек осы мәселелерге арналған.
Фольклор – халық эстетикасының айнасы, нормасы. Сол
себепті ол әдеби шығармаға енгенде бірнеше рөл атқарады,
бірде кейіпкердің образын күшейтуге, енді бірде шығарманың
идеясын кеңейтуге, кейде автордың позициясын айқындауға,
ал, кейбір жағдайда сюжет құруға мол ықпал етеді, тіпті,
бүкіл шығармаға негіз болады. Соңғы жағдайды 192030
жылдарда жазылған туындылардан көруге болады. Мағжан
Жұмабаевтың «Қорқыт», «Қойлыбайдың қобызы», «Батыр
Баян» поэмалары, Сәкен Сейфуллиннің «Көкшетау», Сәбит
Мүқановтың «Сұлушаш», Ілияс Жансүгіровтың «Дала»,
«Күй» сияқты шығармалары түгелімен фольклордың негізінде
жа зылған. Бұлай болуының себебі – әдебиеттің балаңдығынан,
я болмаса ақындардың таланты аздығынан еместі. Ең ба
сты себебі – дәуірдің, қоғамның, жаңа әдебиеттің талабы еді
және сол әдебиеттің рухани өмірдегі маңызының артқаны бо
латын. Бұларға қоса аталған ақындар ел жағдайын жақсы
білетін, қалың жұртпен араласа жүріп, оның мұңмүқтажын,
мәдениетін, фольклорын сырттай емес, ішінен тікелей біліп,
меңгеріп, жаңаша көзқарас тұрғысынан игергентұғын. Сон
дықтан да олар жазба әдебиет өкілі бола тұрып, ел мұрасын,
фольклорын, этнографиясын, әдетғұрпын жинастыра жүрді,
жариялады, зерттеді. Туған халқының фольклорын тамаша
білгендіктен олар өз шығармаларына фольклордың қандай
түрін, сюжетін арқау ету керектігін өте жақсы білді, тіпті, ин
туиция арқылы сезді деуге болатын шығар. Жалпы, әдебиеттің
фольклорға иек артуы оның, яғни әдебиеттің дамымағандығы
емес, әдебиет өзінің даму тарихында фольклорға мезетмезет
соғып отырған.
Жазба әдебиетте фольклордың қалай пайдаланылатыны,
оның әдеби шығармада атқаратын функциясы туралы біздің
әдебиеттануда арнайы зерттеулер болған жоқ, тек жеке жазушы
лар мен ақындардың шығармашылығына арналған еңбектерде
бұл мәселе жол бойы ғана қарастырылып келді, әлі де солай.
Соның өзінде де автордың шығармасында халық поэзиясының
қандай сюжеттері негізге алынғанын нақты анықтап, оны
деректік көз ретінде, я болмаса фольклорлық материалдар
қандай өзгеріске ұшырағанын анықтау мақсатында алғашқы
[
305
]
нұсқа мен әдеби шығарма салыстырылып қарастырылды. Бұл
әдіс өз кезеңі үшін өте ұтымды болды. Ал, енді жаңа ғасырда
әдебиет фольклорға қаншалықты көңіл аударады, оны неге,
не үшін пайдаланады – бұл бұрынғы әдіспен зерттеуге көне
бермейтін құбылыс. Өйткені, қазіргі әдебиет фольклорды
бұрынғыдай таза күйінде қолданудан гөрі оның адам санасы
на, ойына, ісқимылына әсер ететін, көзге көріне бермейтін
салаларына жүгінуді машық етіп келеді. Әділін айтар болсақ,
фольклорды осы бағытта пайдалану постмодернистік әдебиетке
тән. Мұнда фольклорды жаңа деңгейде, жаңа мақсатта пай
далану бар. Дәлірек айтқанда, дамыған постиндустриялық
қоғам әдебиеті, тіпті, бүкіл мәдениеті фольклордан баяғыда
қол үзіп кеткенімен, енді оған қайтадан қол созып, соған иек
артуда. Тіпті, осы күнгі «ужастик» деп аталатын фильмдер,
шындап келгенде, дәстүрлі фольклорлық сарындарды, ұғым
түсініктерді осы күнгі технологиямен жаңа сипатта пайдала
нып жүргенін көрсетеді. Бұдан біз фольклор мен әдебиеттің
байланысы жаңа түрге, басқа деңгейге көшкенін көреміз.
Осыған сәйкес зерттеуді де жаңаша жүргізу керек.
Ендігі жерде фольклор мен әдебиеттің арақатынасын
сыртқы «тоғысудан» ғана емес, олардың «өзгертілген» түр
дегі байланысының заңдылықтарын ашуға тырысу керек.
Бүгінгі әдебиеттегі фольклоризм мәселесі әр тұрғыдан зерттел
гені абзал, яғни қалыптасқан әдісті де, жаңа әдісті де қатар
пайдаланған жөн. Өйткені, біздің әдебиетіміз фольклордан
қол үзген емес, оны өзінің даму барысында әр түрлі мақсатта,
әрқилы дәрежеде пайдаланып келді. Қазірдің өзінде поэ
зиямызда, прозамызда, драматургиямызда фольклордың
жанр
лары мен сюжеттері, кейіпкерлері мен көркемдікбей
нелеуіш құралдары көрнекті орын алады. Сонымен қатар
бүгінгі әдебиетте фольклордың «құпия» жатқан, бейсаналық
үлгілері шығармалардың өзегіне айналғаны да белгілі. Енде
ше осы үдерісті де байқап, оның шығармадағы функциясын,
автордың позициясын ашуда атқаратын қызметін талдау,
сөйтіп, қазіргі әдебиетіміздің фольклорға жаңаша қарап, оны
жаңаша түсінетінін, басқаша айтқанда, бүгінгі таңдағы әлем
әдебиетінде орын алып отырған үдеріс қазақ әдебиетінде де
көрініс тауып жатқанын ашып көрсету – алда тұрған келелі
міндеттердің бірі. Ұсынылып отырған ұжымдық еңбектің
қарастырып отырған бір парасы – осы мәселе.
20279
[
306
]
Қазіргі әдебиетте байқалатын бір заңдылық – жазушы
фольк
лорды үнемі таза қалпында, халық жадындағы не
месе ел арасындағы күйінде ала бермейтіндігі. Бүгінгі за
манда дәстүрлі фольклор осы күнгі мәдени емірден бірте
бірте шеттетіліп жатқаны белгілі. Бұған қоса фольклорлық
шығармаларды көптеген баспалар жарыққа шығарып жатыр.
Бұл басылымдардың мақсаты әрқилы, сондықтан мәтіндер
түпнұсқалық үлгіде шыға бермейді. Сондайақ фольклор алу
ан түрлі мәдени шараларда, эстрадада орындалуда, бұл үрдісте
ол трансформацияға ұшырауда. Демек, қазіргі таңда фольклор
таза күйінде өмір сүріп жатқан жоқ. Осының бәрі жаңадан
қалам тербеп жүрген ақынжазушыларымызды фольклорды
тікелей емес, жанай, кейде басқа деректерден алып, пайдала
нуға мәжбүр етеді. Мұндай үрдіс постмодернистік әдебиет деген
атауды алға тартып, фольклордың классикалық түрінен гөрі
халық жады мен санасының перифериясында жатқан алуан
түрлі мифтік персонаждарды, елес, албасты, пері, шайтан ту
ралы нанымдарды алып, шығарма кейіпкерін сандырақтатып,
есеңгіретіп, екіұдай күйге түсіреді. Бұл, бір жағынан, дәстүрлі
классикалық фольклорды жақсы білмегендіктен, білсе де,
оның архетиптік, мифтік түрлерін әдейі қолданудан, екінші
жағынан, реалистік сипаттағы әдебиеттен қол үзгендіктен,
яки одан қашқандықтан болуы мүмкін. Қалай болғанда да,
постмодерндік әдебиет постиндустриялық қоғамда көркем
сөздің классикалық формасының мүмкіндіктері ада болды,
тәмамдалды деген ұғымнан пайда болған секілді.
Шынтуайтына келгенде, әдебиеттің ежелгі фольклорлық са
рындарды пайдалануы постмодерндік әдебиеттен әлдеқайда
бұрын жүзеге асқан. Әлем әдебиетінде, орыс әдебиетінде
XIX ғасырдаақ түс көру, сандырақтау сияқты көне фольк
лорлық элементтер біршама орын алған (Н. Чернышевский,
Л. Толстой, Ф. Достоевский, т.б.). Бұл дәстүр XX ғасыр
әдебиетінде жалғасын тауып, мықтап орнықты десе де бола
ды. Фольклорды осылай пайдаланудың тарихына кез салсақ,
авторлардың бұлай етуінің себептерін ашуға болады. Көбінесе
байқалатын нәрсе – жазушы өз қоғамының қайшылықтарын
көрсету үшін мифтік ұғымдар мен архетиптік сарындар
ды астарлай пайдаланады екен. Бұл – бір. Екіншіден, автор
лар өз кейіпкерлерінің психологиясын, жан күйзелісін, ішкі
[
307
]
се
зім мен сыртқы жағдайдың тайталасын ашу мақсатында
адам санасынан тысқары, оған бағынбайтын жайттарды әдейі
қолданатындығы. Үшіншіден, ақынжазушылар ескі сүрлеу
мен жүрмей, жаңа әдіс, амал іздеп, шығармаға сонылық да
рыту үшін фольклордың таптаурын болған үлгілерінен гөрі
оның ел жадының түкпірінде, пассивте жатқан түрлеріне
көбірек мән беретіндігі. Төртіншіден, жазушы өз қоғамындағы
болмысқа риза еместігін білдіру үшін мифологияны, ескі на
нымдарды шығармасына аллегориялық мақсатта шеберлікпен
енгізетіндігі. Әлбетте, бұлардан басқа да себептер бар шығар,
бірақ, біздің байқауымызша, XX ғасырдың көптеген жазушы
лары көне фольклорды осылай пайдаланған. Біздің әдебиетте
де осы байқалады (М. Жұмабаев, М. Әуезов, Ә. Кекілбаев, М.
Мағауин, О. Бөкеев, т.б.).
Қазіргі постмодерндік деп жүрген әдебиеттегі бір адамның
екіге бөлініп, екі түрлі ғұмыр кешуі – фольклордағы бір кі
сінің екі персонаж болып сөйлеуін, екеудің көргенбілгенін
өз атынан баяндауын және адамның құбылып, басқа кейіпке
түсуін еске түсіреді. Бірер мысал келтірейік.
Фольклорлық (анонимдік) айтыста бір адамның жануар
мен, аңмен басқа бір затпен айгысқа түсіп, екеуінің де атынан
өзі сөйлейтіні жиі кездеседі. Сондайдың біреуі – «Қасқыр мен
тоқтының айтысы». мұнда белгісіз автор өзі әрі қасқыр, әрі
тоқты болып сөйлейді (яғни екі ролде ойнайды).
Тоқты:
Достарыңызбен бөлісу: |