Жаным барда кеудемде,
Сендерден кем болмаймын.
Дүрілдетіп жер-жерде
Өлең-жырды толғаймын.
Домбыраға қол соғып,
Иығымды қомдаймын.
Тек кездесіп қалмаңдар
Ыңғайына сондайдың.
Бұрынғы заман мен кейінгі дәуірді қарсы қоя айтқанда
Жәкең өз дәуірін «нұр заман», «алтын заман» деп атап, колхоз
бен өндіріс еңбеккерлерін бақытты адамдар етіп бейнелейді.
Советтік Қазақстанды шалқи жырлап, «Асан қайғы, Жи
ренше арман еткен өлгенше Жерұйық атты жер – осы» дейді
Жамбыл, өйткені өмірде болып жатқан өзгерістерді, елдің
жарқын болашаққа сенгенін, соған жетеміз деп ұмтыла еңбек
еткенін, соның арқасында қазақтың түгелдей отырықшы
лыққа көшкенін, ауылдарда мектептер, клубтар, кітапханалар
салынғанын, өндіріс мекемелерінің өскенін көзімен көрді. Со
нымен бірге Жамбылдың өз тұрмысы да өзгеріп, өзінің рухы
да көтеріліп, ақындық шабыты қайта түлеген еді. Мәселен,
«Тағы бітті жаңа күш» атты өлеңінде ақын осыны ашық айта
[
292
]
ды. Ол поэзияда ежелден келе жатқан табиғатқа, тауға, құсқа,
аңға қарата сөйлеу әдісін пайдаланып, өзінің сөзін Майтөбеге
арнай отырып, бұрынғы патшалық Ресейдің отарына түскен
замандағы Майтөбенің, әрі өзінің халжағдайын әсерлей, бояу
ын айшықтай суреттейді, таумен мұңдасады, содан соң де
реу совет тұсындағы Майтөбені, оның бауырындағы берекелі
тіршілікті, өзінің өзгерген өмірін масаттана жырлайды.
Сөз орайы келгенде айта кету керек, қазір Жамбылды өмір
ді біржақты суреттеді, совет өкіметінің жақсы жағын ғана
жырлап, оның кемшіліктерін айтпады деп кінәлау – әділдік
болмас еді. Оған бірнеше себеп бар. Ең алдымен айтатын
нәрсе – Жамбыл болмысты біржақты суреттеген жоқ, бұған
оның совет өкіметіне дейінгі және совет өкіметінің алғашқы
жылдарындағы шығармалары дәлел. Екінші – большевиктік
партия бар билікті қолына алған соң бүкіл мәдениетті,
әдебиет пен өнерді өзінің ресми идеологиясының құралына,
тіпті оның бір бөлшегіне айналдырды, сөйтіп көркем өнер
мен әдебиетті түгелімен партияға, оның көсемдеріне, мемле
кетке бағынышты етті, оларға қызмет еткізді. Мұндай сая
сатты партия мен өкімет әдебиет пен өнер қайраткерлеріне
арнап алуан түрлі шығармашылық одақтар құру арқылы
жүзеге асырды. Ол одақтар, түптеп келгенде, мемлекет
пен партияның бір құрамына айналып, олардың ресми
идео
логиясын барынша дәріптеп, жүзеге асырып бақты.
Пар
тияның әрбір съезі мен пленумдарының шешімдерін
ел санасына сіңіру үшін одақтардың мүшелері партияның
шгат тағы функционерқызметкері сияқты ел ішіне шығып,
наси
хаттап жүрді, жазушылар мен ақындар тіпті өздерін
«партияның солдатымыз» деп атап, партияға, мемлекет
ке, ресми идеологияға қызмет етуді өздеріне үлкен сенім,
зор құрмет деп білді. Мұндай жағдай, сөз жоқ, большевиктік
партияның әдебиет пен өнерден тек тапшылдықты та
лап етуі мен көркем өнер қайраткерлерін, зиялы қауымды
қа таң идеологиялық қыспаққа алуының салдары еді. Оның
үстіне партия мен мемлекеттің ресми идеологиясының бас кө
мекшісіақпарат құралдарының большевиктік үгітнасихат
жүмысы да өз нысанасына дөп тиіп жатты.
[
293
]
Бір ғана таптықпартиялық идеология мен бір ғана марк
стіклениндік методология орныққан қоғамда жеке адам
ның өзіндік көзқарасы, дүниетанымы болмады, плюра
лизм деген түсінік өмірден гайып болды. Міне, осының бәрі
бірі ге келіп, әдебиет пен өнер адамдарын, зиялыларды өтірік
шыны аралас етіп, партияны, совет өкіметін, көсемдерді
жап
пай мадақтауға мәжбүр етті. Солардың ішінде Жам
был да болды. Өзі хат танымайтын әрі жасы 90нан асқан
қарт ақын, бір жағынан, өмірде болып жатқан өзгерістерді
көріп, ескі мен жаңаны салыстырып, дүниенің өзгеретініне
үміттенген, екінші жағынан, большевиктік үгітнасихатқа
да сенген; үшінші жағынан, ресми орындар мен жазушылар
одағының ақынды, оның дарыны мен даңқын пайдалану үшін
оның жеке басына, үйішіне жасаған қамқорлықты өкімет
пен партияның өнерге, әдебиетке деген қамқоры, ілтипаты
деп қабылдаған, соған иланған. Сөйтіп, Жәкең, сол кездегі
миллиондаған қарапайым адамдар тәрізді, совет өкіметі мен
большевиктер партиясына сенген, олардың үгітнасихатына
нанған, идеологиясы мен саясатын толық мақұлдаған. Өте
күшті әрі пәрменді жүргізілген идеологиялық жұмыстың
нәтижесінде адамдар өзін мемлекеттік істі басқаруға тікелей
қатысым бар, сондықтан мен жеке басымнан гөрі қоғам
мүддесін жоғары қойып, мемлекетке, партияға адал еңбек
етуім керек деп есептеген. Осындай иллюзияға сенген қай
раткерлердің бірі – Жамбыл.
Халыққа қызмет ету, елдің қамын ойлау, Отанды қорғау,
қажет болса жанын пида ету – идеалдың ісі, ежелден келе
жатқан арман. Осы идея Жамбылдың XIX ғасырдағы ай
тыстары мен дастандарында мадақталған болатын, оған
Ұлы Отан соғысы кезінде күллі шығармашылығын арнай
ды. Ақынның тек соғыс уақытындағы шығармалары ғана
емес, совет тұсындағы поэзиясы, негізінен, ер ел үшін өмір
сүруі керек, адам қоғамға қызмет етуге тиіс, яғни қоғам мен
мемлекет мүддесі жеке бастың мақсатынан жоғары болуы
қажет деген идеяға саяды. Бұл заңды еді. Себебі бар билікті
қолына алған большевиктер партиясының басты принципі
осы болды да, идеологияны, оның бір саласына айналған
әдебиет пен өнерді, қоғамдық ғылымды соған қызмет еткізді,
[
294
]
сол арқылы адам санасына әсер етіп, бұқара халықты осы
тұрғыда ойлауға бейімдеді. Жеке адам – түк те емес, қоғам мен
мемлекет – ең басты нәрсе деп ұғынған көпшілік ресми ұрандар
мен идеологиялық қызыл сөзге толық сенді.
Түптеп келгенде, адам мемлекетке қызмет ету керек де
ген идея – большевиктердің жаңалығы емес еді. Тарихқа
үңілсек, мемлекет алғаш пайда болып, қалыптаса бастаған
шақта ең басты принцип, басты идея – этатикалық, яғни
елге күшті мемлекет, күшті әмірші керек деген идея ұсы
нылып, мемлекеттік бір ғана ресми идеология жасала
ды да, күллі мәдениет, әдебиет, өнер соған жұмыс істейді,
сөйтіп елдің патшасын, оның айналасын мадақтап, жұртқа
дәріптеп, қоғамдық ойсанаға сіңірумен шұғылданады. Қазіргі
мем ле кеттердің бәрі алғаш қалыптаса бастағанда солай болған
жә не мұндай жағдай мемлекеттердің, қауымның жаңа тарихи
бұ ры лыстары кезінде қайталанып тұрған. Алысқа бармайақ,
Ресей мен Қазақстан тарихын шолсақ, бұған көз жеткіземіз.
Арғы дәуірін айтпайақ, Ресейдің бергі ХVІХVІІІ ға
сырлардағы жағдайын алсақ, яғни Ресей мемлекеті үлкен
империяға айнала бастаған шақта әдебиет пен өнер патшаны
дәріптеп, империяға қызмет етті. Тредиаковский, Сумароков,
Ломоносов, Державиндердің патшаларға бағышталған мақ
тау жырлары, одалары таза идеологиялық мақсатта, орыс
мемлекеті мүддесін қорғау үшін жазьшғанды. Тек ұлы Пуш
кин ғана әдебиетті «патшаның құлдығынан» құтқарып,
«мемлекеттің қолшоқпары» болудан азат етті.
Ресейде Октябрь революциясы жеңіп, империя жаңа бет
бұрысқа көшіп, ССРО атты мемлекет құрған тұста больше
виктер әдебиетке қайтадан «мемлекет құрығын» салды. Ол
Маяковскийден басталып, кең етек алды. Қазіргі шақта,
совет өкіметін жойып, орыс мемлекеті тагы да тарихи бұ
рылысқа шыққанда «Россия – күшті мемлекет» болуы ке
рек деген идея қайтадан қоғамдық ойсанаға орнығып жа
тыр. Соған сәйкес ақпарат құралдары «қатал тәртіп» керек
деп, ескі «күшті басшы қажет» деген ұғымды да жаңашалап
тірілтпек. Енді кезек әдебиет пен өнердікі және мұның алғашқы
нышандары керініс беріп те жатыр.
Ал, Қазақстан тарихында қалай? Бізде де солай болған.
Алтын Орда ыдырағаннан кейін пайда болған Қазақ хандығы
[
295
]
қалыптаса бастаған кезде «күшті хан, күшті хандық» ке
рек деген идеяны айтушылар жыраулар болды (бірақ соны
мен қатар олар әміршіге оппозициялық ойды да алғаш айту
шылар болды). Хандықтың басты идеологі ретінде жырау
лар өз толғауларын, негізінен, мемлекеттік мәселеге арнап,
әдебиетті хандыққа, оның идеологиясына қызмет жасатты.
Қазақ хандығының жойылуымен байланысты жыраулар та
рихи аренадан көшті, сөйтіп әдебиет мемлекеттік функциядан
арылды. Ресейге қарағаннан бергі уақытта қазақ әдебиетінде
үлкен, жалпы мемлекеттік мәселе көтерілген емес. Тек боль
шевиктер құрған ССРО тұсында бүкіл империядағыдай
бізде де әдебиет пен өнер қайтадан мемлекеттік идеологияға
жұмыс істеді. Совет Одағы ыдырап, Қазақстан тәуелсіз, дербес
мемлекет атанып, тарихи бетбұрыс жасап отырған кезде «елге
күшті мемлекет, күшті басшы керек» деген идея ел арасын
да, ақпарат құралдарында айтылып жүр. Кейбір жазушылар
ежелгі дәстүрді жаңғыртып, мақтау сөздер мен өлеңдер жа
зуда. Мұның бәрі – мемлекеттің қалыптасуы мен өсуі кезінде
болатын жайттар, одан аттап кету мүмкін емес. Осы күнгі
өркениетті елдің көбісі осылай дамыған. Біз де құқықтық мем
лекетке бару жолында осыдан өтетініміз хақ.
Жамбылды, оның шығармашьшығын жаңаша талдап,
жаңа тұрғыда бағалау үшін осы айтылғандарды түгел ескер
меске болмайды. XX ғасырдағы қазақ поэзиясында жалпы
мемлекеттік мәні бар мәселелерге «әлеуметтік талап» («со
циальный заказ») түрінде болса да жедел әрі зор жыраулық
қуатпен алғаш толғаған және сол арқылы өзін де, қазақ
жұртын да барша жаһанға жария еткен – Жамбыл. Ол
байырғы ұлы жыраулардың дәстүрін қайта түлетіп, біздің
дәуірімізге жаңа сапада, соны мазмұнға байытып жеткізді.
Асан Қайғы, Шалкиіз, Жиембет, Үмбетей, Бұқар сияқты Жам
был да жалпы мемлекеттік мәселелер жайында толғауларын
қалың жұртшылық алдында, мемлекет басшысына, партия
көсемдерін өзіне қарата жырлады. Кремльде өтетін ССРО
Жоғарғы Совет сессиясында қазақтан Жамбылдан басқа бір
дебір ақын жырлаған емес. Жамбылдың Кавказда, Грузия
жазушылары одағының пленумында, Мәскеуде ССРО жазу
шылары мен өнер, мемлекет қайраткерлері алдында, сондай
[
296
]
ақ Қазақстандағы көптеген салтанатты жиындарда өлең
жырлармен толғағаны да әр ақынның тағдырына жазыл
маған. Отан соғысы жылдарында Украинаны, Мәскеуді,
Кавказды, Воронежді, Ленинградты қорғаушыларға ар
нап, олардың рухын көтере, ерлікке шақыра жыр төгу
де жыраулар үлгісі. Мұның бәрі жыраулықтың сыртқы, көз
ге ұратын белгілері, ал оның ішкі, рухани ерекшеліктері
Жә
кеңнің поэзиясында тағы да айқын көрінеді. Жамбыл,
ежелгі жырауларша, замана туралы толғап, дәуірге сипат
тама береді, өтіп жатқан оқиғақұбылыстарға өз бағасын
береді. Сонымен қатар Жәкең толғауларында жырауға тән
на
қылдық, афоризмдік сипат бар, ойшылдықтың абыздық
нұсқалары кездеседі, сөз өнерінің, жұрт алдында айтылған
толғаудың ерекше құдіретіне деген құрмет те байқалады...
Мәселен, мына бір шумақтарға көңіл бөлейік:
Достарыңызбен бөлісу: |