Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library
104
біреудей оқыс тұжырымынан бір түрлі абдырап қалды.
Көк мұнара бұның терезесіне бұрынғысынан бетер төне түскендей: «Дəл
таптың, солай еді. Апырай, ақыры түсіндің-ау, ал енді ұқтың ғой, не
айтасың, жауабың қайсы?» – деп еміне түскендей. Бұдан əрі тұра берсе,
мұнара құдды биік қорғаннан, мынау терезеден қарғып түсіп, бұл тұрған
бөлмеге кіріп келетіндей, терезе алдынан алыстай береді. Мұнара көзден
таса болғанда барып, көңілін бірледі.
Енді мынау ертеден қара кешке дейін терезесіне төніп, қиылып тұрған
қиқарға не істерін білмеді.
Ең алдымен, ойына оралғаны, бітіп тұрған мұнараны қасақана бітірмей
қойған қаскөй шеберді шақырып алып жазалау; көңіліне шайтан қашқан
бала жігітті, махаббат түгілі басымен қайғы болатындай қьга қорқыту...
Бұны ойлағанда əлгінде ғана аңтарылып қалған көңілін зіркілдеген ашу
биледі. Көзін жерден көтеруге жігері зорға жетіп тұрған əлгі неменің
дəмесін қара! Бəсе, мұнараның ұшар басынан түспей, қиқайып отырып
алуында бір мəн бар еді-ау. Жоқ, не де болса, оның тезірек көзін құрту
керек екен. Байтақ шаһардың мыңдаған жымысқы ауызы пыш-пыштап
жөнелмей тұрғанда аспандағы айға қол созған есірік немені көкесіне
көрістірген жөн. Əйтпесе, алтын басты хан иенің ақ адал төсегінен қара
табан құл кедей, қу шұнақ қара сүйек дəмеленді деген не сұмдық? Бұны
біреулер біліп қалса, мынау жарық жалғанның алдында Ұлы Əміршінің
абыройын асырам деп жүріп, бетіне мəңгі өшпейтін салықты өз қолымен
салғаны ғой. Жоқ, бұл ханым басымен ондай есірік дəмеге жол беріп қоя
алмайды. Қазір күтушісін шақырады, ол барып уəзірге айтады; уəзір
оны бүгін осы таңнан қалдырмай тас зынданның түбінен бір-ақ
шығарады. Айбалталы жендеттер мына сұрқияны ешкім естімей
тұрғанда мойнын қырқады. Мынандай ғажайыпты орнатқан байғұс
шебер өз нəпсісіне ие бола алмағанның қырсығынан айбалтаға жем
болады. Өз обалы өзіне! Ол үшін бұл құдай алдында да, адам алдында да
жазықты емес. Не де болса асығу керек. Əміршінің елге бет түзеді деген
хабарын жақында алды. Қаңк,у оған жетпей тұрғанда, қиқар шебердің
көзін құртып, мұнараның қалған жерін бас ұстаға бітірту керек. Бірақ
ертең Ұлы əмірші мынау терезесінен телміріп тұрған əзəзіл мұнараны
бəрібір көрмей ме? Ондағы сайрап тұрған қомағай құлқынға түсінбей ме?
Ханым қапаланғанынан ернін қыршып тістеп алды. Енді не істемек? Əлде
қамалдағы құл-құтанның бəрін босатып, мынау сайқал мұнарадан жұрнақ
қалдырмай таптатып тастаса ма екен? Бірақ онда əзірге бұның бəрінен
бейхабар ел аузының не деп алып қашатынын кім бідіп түр. Ханымның өзі
салдырған мұнараны өзі құртқызып жібергенін ел аузы бəрібір оңды
нəрсеге жори қоймас. Бұл пəтуасының дұрыс екендігіне Ұлы Əміршіні де
иландыра алмас.
Ханым терезенің алдына қайта келді. Мұнара сол бəз баяғы қалпы. Ұшар
басындағы кетіктен əлдене қылтыңдайды. Енді не істеу керек? Мынау өз-
өзінен сайрап тұрған мұнара мұның қымтап жасырып баққан құпиясын ел
|