Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library
39
тасып тұрды... Төрт ай бойы таңертең күн көтеріле сары күйме медресе
аула-сына келіп кіреді де, күн бата ат мінген қалың нөкердің ортасында
сарай жаққа қайтып бара жатады. Төрт ай бойы естігені: «Əне, анда өзі
қарап отыр!»
Мешіттің біткеніне үш күн болды. Ішінде əрқайсысының биіктігі жеті
құлаштан асатын тастан қашалған төрт жүз сексен баған бар. Əміршінің
денсаулығына дұға оқып, жорықтарына бата беретін бұл мешітте бəрі ал-
тын, бəрі мəрмəр.
Мешіттің көк күмбезі тіпті сонау зеңгір аспанның өзіне көгілдір сəуле
шашқандай, əншейінде шыжыған шілдедегі аптап ыстықтан отқа
ұсталғандай өңі тайып, ақ айранданып тұратын ол бүгін қайтадан ніл
жүгіріп, мөлдірей қалыпты.
Үш күннен бері жұма намазды күтіп тұрған муəзін-нен бүгін ғана байтақ
шаһарды түгел жаңғырықтырып азаншының айқайы шыққан-ды. Жұма
намазды осында кеп оқыған Əмірші мешіттен шыққан соң, оның сырт
ажарын қызықтады. Мешітті Əмірші өзіне жақындаған сайын құты қашты.
Ту сыртындағы көк сида мұнара қақ төбесінен шаншыла құлап келе
жатқандай, басын көтермейді. Тамағы құрғап, кеуіп қалды, демі жетпей,
тынысы тарылып барады. Дымы ішінде боп, тыныш тұруға тырысқан ол
бəріне де шыдап бақпақшы болды. Бірақ көмейі əлденеге қыж-қыж жы-
бырлап, тамағы қышып қоя берді. «Қап, қайдағы пəле қайдан тап
болды»,-деп ойлауы-ақ мұң екен, алқымға толып, қылғындырып тұрған
пəлекет босанатын жер іздеп, абайсыз жөткірініп қалды... Ол аз дегендей,
тағы жөткірінді... Екі беті ду қызарып кетті.
Сол-ақ екен, мұның деңгейіне жетіп қалған сары ала нөкер кілт тоқтады.
Тамағын буып тұрған жөтел де жым болды. Бұның жасаурап кеткен көзі
қақ ортадағы аласа адамның басын əнтек шалқайтып мұнарға қарағанын
шалып қалды. Əміршінің сол екенін іші бірден сезді. Бірақ тіктеп
қарауға батылы жетпей, көзін төмен салып тұра берді.
-
Бұны
салған
қай
шебер?
–
деп
сұрады
болмашы
естілетін бəсең дауыс.
-
Ортөбелік шебер, – деді ас ұстаның орнықты қоңыр даусы.
Сары ала нөкердің ылдырмақ-шылдырмағы біраз ұзаңқыраған соң, бү да
назарын тіктеп еді, хан нөкерінің көбінің көзі арттарына бұрылып,
мұнараға емес, мұның өзіне қарап бара жатыр екен.
Ертеңіне таңертең маңдайына асыл тастардан шатыра салған абажа
қақпаның алдына кеп тоқтаған алпыс еркектің ішінде ортөбелік шебер
Жаппар да тұрды.
Хош иіс аңқып қоя берді. Əлдебір тұстан лып етіп самсап тұрған ай
балталы сақшылар көрінді.
Самал леп көтерілгендей. Ол бақ ішіндегі сансыз хауыздарда шапшып
жатқан салқын судың лебіді. Жолға төселген қызыл қиыршық та жаңа
ғана жаңбыр жауып өткендей су-су.
Екі бетте ағаш сайын жеке-жеке қонақтаған əр алуан тауыстардың күнге
|