Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library
124
нысапсыз көзіне құм құю қажет. Енді мұның ішіне қатқан қанды сол
күнəкар неменің дірдектеп аққан қор қаны ғана жуып-шая алады.
Оның арам пиғылындағы мұның ақ некелі төсегіне түскен дақты ақымақ
басын жалмаған ақ алмастың жүзіне жұққан қан ғана кетіре алады. Тек
көлденең көз ештеңе байқамайтын, көлденең құлақ ештеңе естімейтіндей
қып тып-тыныш жайғастыра алса болғаны.
Бірақ ел құлағы елу, олардың ештеңе естімеуі мүмкін бе? Тезірек
жансыздарын базарға жіберіп, қара тобырдың не деп көкіп жүргенін
білгені жөн.
Əмірші астамшылық ойлаған шебердің монтаны жанарын қалай
құртудың қамына шындап кірісті. Бұрынғысындай емес, бір түрлі бойы
сергіп қалғандай. Көңілі бықсық көп күмəннан арылды. Оның орнын енді
өзегін өртше жалап бара жатқан ешпенділік жайлап алыпты.
Жансыздарды базардан не естіп келер екен деп тыпырши тосты. Көп
ретте аузын бағып қарап жүре алмай, қайдағы жоқ қаңқу таратып
жүретін қара тобыр бұған не істеу керек екендігін өздері айтып беріп
отыратын-ды. Бұл жолы да ол əлгі жігіттің жазасын жұрт аузындағы
лақапты естіп алып кесуге бел буды.
Жас шебердің хан сарайға шақыртылғаны əлі ел құлағына тиіп үлгермесе
керек, базарға əзір ешқандай алып қашты лақап тарай қоймапты. Ол енді
жансыздарын
шебер
жігіт
тұрған
махаллаға
жіберді.
Махалла
тұрғындарының айтуынша, шебер тұрған үйдің қожайыны Əмірші оны
жаңа бір керемет мешіт салдырғалы шақыртыпты деп көкіп жүрген
көрінеді. Əміршінің құлағына мынандай жай əншейін дарақы дақпырт
тап онша жаға қоймады. Ол базарға жансыздарын араға біраз күн салып
барып жіберуге бекінді. Сонда жұрт жас шебердің сарайдан осынша уақыт
оралмай қалғанын қандай саққа жүгіртер екен?
Жаздың кербез əйелдің жүрісіндей мандымай қоятын мимырт күндері ұзақ
сарылтып өтіп жатыр. Құлағына елең еткізердей еш хабар тие қойған жоқ.
Ұлы ханымның сарайынан да ешкім ат ізін салмай, тым-тырыс жатып
алды. Əміршінің қызметшіден қызыл алманы кім жіберді деп сұрағанын
естіген соң, енді қайтер екен, енді не болар екен деп, тың тыңдай қалыпты.
Күллі дүние бірінің аузына бірі түкіріп қойғандай, сестерін шығармай,
əлдеқандай бір көзге көрінбес мың сан сиқыр тесіктерден бұның əр
қимылын қалт жібермей, жабыла аңдып, сығалап тұрғандай. Əмірші
қапас зынданға кешегі ніебер жігіт емес, өзі түскендей, ұзақты күнге
тырп етпей отырады да қояды. Мынандай түбі шикі шаруаны алдымен ел
аңғарын біліп алмай тұрып, жайғастыра салуға артынан тағы қандай
қаңқудың өре түрегелетінін біле алмай дал болады. Қашан да
тұтымындағы жұртты таң қалдырып үйреніп қалған басы өзі туралы ел
арасына тарайтын ертеңгі лақаптың ұзын ырғасын алдын ала аңғарып
алмай тұрып, ештеңе істемейтін-ді. Əншейінде сəл нəрсені өрт тиген
қаудай лаулатып ала жөнелетін жұрттың аузына бұл жолы нендей
тыйым бола қалғанына, қанша ойланса да, түсіне алмай қойды; Əмірші
|