Ерсултанова з. С., Уразова э. К. Актуальность внедрения компьютерных сетей в школьный учебный процесс с использованием эмулятора



Pdf көрінісі
бет2/9
Дата19.12.2023
өлшемі369.58 Kb.
#486879
1   2   3   4   5   6   7   8   9
СИНТАКСИСТЕГІ СӨЙЛЕМ ТҰЛҒАСЫ МЕН ОНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Кілт сөздер: синтаксис, сөйлем тұлғасы, предикат, коммуникация, 
интеграция. 
1 Кіріспе 
Отандық тіл білімі дамуының қазіргі кезеңі лингвистикалық, соның ішінде жекелеп 
алғанда синтаксистік теориялардың молдығымен ерекшеленеді. Көптеген көкейтесті мəселе-
лер бұрыннан қаралып келсе де, дəстүрлі тіл білімімен салыстырғанда қазіргі кезең үшін 
интеграция мен дифференциялану процестері тəн. Қазіргі кезеңдегі синтаксистің жетістікте-
рінің бірі – синтаксистік бірліктерді, ең алдымен сөйлемді зерттеу аспектілерін ашу мен жік-
теу жетістіктері болып табылады. Бір аспектілер сөйлем семантикасымен байланысты болса, 
тағы бір аспектілер сөйлем құрылысымен байланысты. Мұндай аспектілердің белгілі жүйесін 
орнату қиын, бірақ негізгілері болып синтаксистік бірліктердің құрылысы мен мағынасын 
айқындайтын құрылымдық жəне семантикалық аспектілердің табылатыны күмəнсіз. Деген-
мен, бұлардың көптігі синтаксистік теорияның дамуының қазіргі кезеңінде бұрын болмаған 
жүйелер мен концепциялардың көптеп туындауына əкеліп соқтырды. 
Жалпы синтаксис термині тіл білімінде екі мағынада жұмсалады: біріншісі – комму-
никация (пікір алысу) үстінде жұмсалатын тіл тұлғаларының құрылысы, екіншісі – тілдің 


 
ЭМПИРИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ЭМПИРИЧЕСКИЕ ИССЛЕДОВАНИЯ 
61 
коммуникация үстінде жұмсалатын тіл тұлғаларын зерттейтін ғылым саласы мағынасында. 
[1] 
Синтаксистің тілтану облысындағы нысаны болып тілдің сөйлеуге ауысуын қамта-
масыз ететін тіл механизмдері (морфологиялық, фонетикалық, композициялық) мен тілдің 
бастапқы элементтерінің ақырғы мөлшерінен (сөз, сөзжасам, сөз тіркесі, сөйлем) көптеген 
сөйлеу туындыларына айналу тəсілдері табылады. Синтаксис сөйлеудің пайда болу ережеле-
рін қалыптастырады жəне зерттейді. Сөйлеуді синтездеу процесінің кезеңдеріне сəйкес, 
синтаксис екі кешенді бөлімге бөлінеді. Біріншісі – сөз тіркесі синтаксисі( сөз тіркестері, 
байланысу тəсілдері мен жолдары, синтагмалық синтаксис) – сөздің тіркесу мүмкіншіліктері 
(синтаксистік валенттіліктер) жəне оларды жүзеге асыру тəсілдері (қабысу, қиысу, меңгеру, 
матасу) мен олардың білдіретін қатынастары (атрибутивті, комплетивті, т.б.) зерттеледі. 
Екінші бөлім – сөйлем синтаксисінде ішкі құрылым мен коммкуникативті типтер сипаттала-
ды (хабарлы, бұйрықты, сұраулы), предикаттылық пен модальдік, семантика мен жай сөйлем 
мен құрмалас сөйлемдердің тұтас предикативті жəне жартылай предикативті бірлік ретіндегі 
синонимдік жаңа айналымдары, сонымен қатар, құрмалас сөйлемдерді түзетін жай сөйлем-
дердің қарым-қатынас білдіру түрі мен тəсілдерін зерттейді, яғни бағыныңқы жəне басыңқы 
сөйлем түрлерін анықтайды. Барлық келтірілген мəселелер синхрониялық жəне диахрония-
лық аспектілерде зерттеледі. Тарихи синтаксис – тілдің, белгілі бір тілдің, жəне тілдер тобы-
ның синтаксистік құрылымы дамуының жаплы заңдылықтарын зерттеп, тарихи граммати-
каның бір саласын құрайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет