Ерсултанова з. С., Уразова э. К. Актуальность внедрения компьютерных сетей в школьный учебный процесс с использованием эмулятора



Pdf көрінісі
бет4/9
Дата19.12.2023
өлшемі369.58 Kb.
#486879
1   2   3   4   5   6   7   8   9
СИНТАКСИСТЕГІ СӨЙЛЕМ ТҰЛҒАСЫ МЕН ОНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

ҚМПИ ЖАРШЫСЫ №2 (54), 2019 
ВЕСТНИК КГПИ №2 (54), 2019 
ISSN 2310-3353 
ISSN 2310-3353
62 
3) күрделі кезең бөлімдерінің арасындағы байланысты анықтау. 
Айтылымдардың ішінде: сұрақ, жауап, өтініш, бұйрық; мақұлдау, келіспеу, хабарлау, 
итермелеу сынды түсініктер болды. Ой мен оның сөйлеудегі көрінісінің арасындағы байла-
ныс тезисінен шыға Платон мен оның жолын жалғастырушылар сөйлемнің пайымын екіге 
бөлді: есім жəне етістік, бұлар субьект пен предикаттар арасындағы байланыс деп қабылдан-
ды. Синтаксистік ойдың жалпы қозғалысы логикалық бағыттан психологиялық, кейін фор-
мальды-грамматикалық концепцияларға бағытталды. Олардан кейін коммуникативті, семан-
тикалық, прагмативті теорияларға ауысты. Ерте лингвистикалық дəстүр бойынша синтаксис 
əмбебап философиялық (спекулятивті) грамматикаларда кейінгі схоластардың ықпалымен 
(ХІІІ-XVІ ғғ.) жəне рационализм концепциясының (XVІІ ғ), соның ішінде «Пор-Рояль Грам-
матикасында» ойды білдіру тəсілдері туралы ілім ретінде қарастырылып, өз бойында сөйлем 
жəне оның бөлшектері туралы ойларды құрады. Синтаксистің категориялары морфологияға 
қарағанда əмбебап болып есептелді. Синтаксис грамматиканың құрамдас бөлігі мен ойды 
білдіру тəсілін зерделеуші ретінде фонетика мен морфологияға қарсы қойылды. (ХІХ ғасыр) 
[1]. Грамматикаларда синтаксистік категориялар олардың логикалық категорияларды білдіру 
қасиеттері бойынша анықталды: сөйлем – ойлаудың тілдік көрінісі, бастауыш-субьект, баян-
дауыш-предикаттық, күрделі сөйлем – ой қорытындысы ретінде қаралды. Ойлаумен тікелей 
байланыс синтаксистің анықтамасына ХХ ғасырға дейін кірді. Синтаксистің дамуының бұл 
бағыты оны грамматиканың мағынадан (қызметінен) формаға қарай сарапталатын тіл құбы-
лысы ретінде түсіндірілуіне əкелді. ХІХ ғасырдың ІІ жартысында синтаксистік теорияның 
психологиялануы басталды. Сөйлемге деген психологиялық бағытқа коммуникативті бағыт 
қосылды. Психологиялық бағыттың басты жетістігі болып психологиялық субъект пен пре-
дикаттың жəне сөйлемнің грамматикалық мүшелерінің – бастауыш пен баяндауыштың ара 
қатысын ашуы болды. ХІХ ғасыр соңында тілдердің ұлттық көрінісіне деген қызығушылық 
оянуымен, синтаксис сөйлемдегі сөздер тобының қызметі туралы ілім ретінде айқындала 
басталды. Ал сөйлем синтаксисі құрылымды лингвистикада ХХ ғасырдың 50 жылдарына 
дейін ең аз қаралған сала болып, тек оның аталмыш терең құрылымының пайда болуынан 
соң ғана сөйлем зерттеле бастады. Сөздердің тіркесімділігі мен сөйлемнің жалпы қасиеттері 
туралы зерттеулер тілдің бірліктері ретінде морфологиямен тығыз байланыста болды. ХХ ға-
сырдың ІІ жартысына сай айтылымдардың сөйлеудегі қызметінің анықталуы синтаксисті 
грамматиканың ауқымынан прагматика мен коммуникация теориясының саласына алып 
шықты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет