Ерсултанова з. С., Уразова э. К. Актуальность внедрения компьютерных сетей в школьный учебный процесс с использованием эмулятора



Pdf көрінісі
бет7/9
Дата19.12.2023
өлшемі369.58 Kb.
#486879
1   2   3   4   5   6   7   8   9
СИНТАКСИСТЕГІ СӨЙЛЕМ ТҰЛҒАСЫ МЕН ОНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

5 Қорытынды 
Танымдық мағына қазақ тілі конструкциясындағы бір деңгей – синтаксистік жүйе 
арқылы беріледі. Ол тілдің лебізді білдіру, оны айналаға жариялау қызметін атқаратын 
жүйесі ретінде белгілі. Қазақ тілінің бұл жүйесінде лебіз мазмұнының түрлеріне сəйкес қа-
лыптасқан синтаксистік тұлғалар бар. Бұл тұлғаларға жай сөйлем, құрмалас сөйлем, мəтінді 
жатқызуға болады. Бұлар сөйлеу əрекеті кезінде белсене қатынасқа түскендіктен коммуника-
тивтік сапасы бар синтаксистік тұлғалар деп танылады. Мұндай тұлғалардың құрамына құ-
рылымдық кешенді компонеттер де қатысады. Олардың коммуникативтілік дербесті болмаса 
да, құрылымдық дербестігі бар. Сөз тіркесі мен сөйлем мүшесі осы құрылымдық дербестігі 
бар синтаксистік тұлғаларға жатады. Яғни коммуникативтік тұрғыдан дербестігі бар тұлға-
лар өз ішінде құрылымдық дербестігі бар тұлғалардан құралады. Бұл тұлғалар өзін құрайтын 
ішкі бөлшектерден тұрады. Олар синтаксистік қатынастар пен байланыстар арқылы бірігеді. 
Бұл тұлғаларды сөйлем мүшелері деп атаймыз.
Дəстүрлі грамматикада осы сөйлем мүшелерін тұрлаулы, тұрлаусыз деп бөлу ХХ ға-
сырдың басынан-ақ ғалым Ахмет Байтұрсынұлы қалдырған еңбектерінен бастап қалыптас-
қан болатын. Ғалым «Тіл тағылымы» деген еңбегінде тұрлаулы мүшенің екеу екенін көрсе-
тіп, оларды 1) бас мүше 2) баяншы мүше деп атағаны мəлім [5].
Бұған қоса, жеңіл болу үшін бас мүшені – бастауыш деп атаса, баяншы мүшені –баян-
дауыш деп атады. Осылайша, Ахмет Байтұрсынұлы көрсеткен терминді қазақ тіл білімінің 
көрнекті филолог ғалымдары əрі қарай жалғастырып, бүгінгі күнге дейін қазақ оқушылары 
да осылай атайды. Ал тұрлаусыз мүшелерге сол кезде қандай атау берілсе, қазір де солай ата-
лып жүр – анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш. 
Сөйлем мүшелері өзі жасалған сөздің құрамына қарай дара сөйлем мүшесі, күрделі 
сөйлем мүшесі жəне үйірлі сөйлем мүшесі болып бөлінеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет