2 Материалдар жəне əдістер
Синтаксистік зерттеулердің негізгі əдіснамасын синтез бен анализ жасау реттемелері
құрайды. Сөзді өрістету əдісі (синтез) жайдан күрделіге қарай бағытында əрекет ете отырып,
сөздің валентті (тіркесті) мүмкіншілігі мен оның басқа сөздермен синтаксистік қатынастарын
білдіру тəсілдері мен түрлерін анықтайды. Сөйлем сигментациясы (анализ), оның құраушы
əлементтеріне тізбекті мүшеленуі – сөйлемде жүзеге асатын синтаксистік функциялардың
иерархиялық жүйесін ашады (сөйлем мүшелері). Əр функцияға (сөйлем мүшелеріне) белгілі
бір синтаксистік позициялар сəйкес келеді, бұл оның сөйлем құрылымындағы орны. Бұл по-
зицияларды анықтау үшін көбіне сөйлемнің берілген құрамдас бөлігінің семантикалық мі-
нездемесі енгізіледі. Сөйлемнің позияциялық құрылымына субституциялау (сөз жасау əдісте-
рінің тобы) əдісі қолданылады. Бұл əдіс белгілі бір синтаксистік орынды иеленуге қабілетті
сөздер мен құрылымдарды анықтауға бағытталады. Мұндай тəсіл арқылы сөзді өрістету əді-
сін толықтыруға болады, себебі синтаксистік позицияны ауыстыру көбіне синтаксистің ва-
лентті аспектісіне қатысты болмайды. Əсіресе, бастауыш пен баяндауыш арасындағы байла-
ныс валентті тіркестілікке қатысы жоқ. Транспозиция əдісі – сөздер мен сөз тіркестерін бір
синтаксистік позициядан екінші синтаксистік позицияға ауыстыру сөз (сөз тіркесі) формасы
мен оның синтаксистік қызметінің арасындағы байланыстыайқындауға мүмкіндік туғызады.
Формалық айналымдар бұл ретте тек грамматикалық өзгерістерді ғана емес, сонымен қатар,
сөз жасалу механизмдерін де қосады. Мұндай формалық айналымдар тілдің синтаксистік қа-
тарының оңтайлылығын білдіреді.
Синтаксис термині стоицизм философиялық бағытының өкілдерімен қолданылып
(б.з.б. ІІІ ғ), айтылымдардың логикалық мазмұнына жасалған бақылаулардың нəтижесінде
енгізілген болатын. Дегенмен, синтаксистің категорияларына деген қызығушылық ерте грек
ойшылдарында да болып, бұл қызығушылық сөйлеуге жасалатын логикалық анализбен тү-
сіндірілді. Пратагор, Платон, Аристотель сияқты антикалық философтар назарында «логос»
сөйлеуге, айтылымдарға, сөйлемдерге, пайымдауға, бітірілген мəтінге тікелей қатысы бар
түсінік болды. Сондықтан да ертедегі синтаксистік тұжырымдар тұтас сөйлеу бірліктерінің
қасиеттеріне негізделетін болды. Алғашқы синтаксистік операциялар:
1) айтылымдарды коммуникативтік мақсатына қарай бөлу;
2) сөйлемді сөйлем мүшелеріне – негізгі бөліктеріне бөлу;
|