Шокпарова дана канатхановна


а) Гидрографиялық желілер картасын құрастыру



Pdf көрінісі
бет16/27
Дата19.12.2023
өлшемі6.4 Mb.
#486932
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   27
Диссертационная работа Шокпаровой Д.К.

а) Гидрографиялық желілер картасын құрастыру 
Зерттелетін аймақтың аумағын өзен алаптарына бөлу тек қана 
гидрологиялық жұмыстарда ғана емес, сонымен қатар ландшафттық және 
экологиялық зерттеулерде де пайдаланылады.
Су қорларының географиялық ландшафттардың маңызды элементі болып 
келетіні даусыз. Ландшафт пен су қорларының арасындағы байланысты зерттеп, 
олар біріне-бірі тәуелді екендігін анықтаған В.Г. Глушко [92] болатын.
Глушконың жұмыстарын ары қарай дамытып, ландшафт пен су көздерінің 
арасындағы қарым-қатынасты анықтап, зерттеу жүргізгендер көп болды [93-95].
Өзен ағындарының өзгерістері табиғат жағдайларына тікелей байланысты.
алаптары аймақты аудандастыруда, эрозионды процестердің қарқындылығы және 


27 
басқа да жағдайларды анықтау үшін пайдаланылатын бірден-бір анықтаушы 
фактор болып табылады. Алаптарды технологиялық бағдарламаладың көмегімен
3-сурет - Жамбыл ауданының физикалық-географиялық картасы,
масштабы1:100 000


28 
анықтау 80 жылдардан бастап бастау алды. Геоақпараттық жүйелердің көмегімен 
өзен торларының жиілілігі, өзен алаптарының ауқымы, олардың бағыты және де 
өзендердің ұзындықтарын да анықтауға мүмкіндік тиді.
ArcGIS 10.1 бағдарламасының Spatial Analyst Tools функциясындағы 
Гидрология деген қосымшасының көмегімен толықтай сипаттауға мүмкіндік 
туды.
Жұмысты орындау барысында 4-ші кестеде көрсетілген келесідей пунктер 
орындалды: 
4-кесте - Жамбыл ауданының гидрографиялық картасын құрастыру этаптары 
Негіз 
Бағдарлама 
функциясы 
Нәтижелері 
Топографиялы
қ карта және 
DEM үлгі 
Spatial Analyst Tools 
Бедердің өлшемдік үлгісін пайдалана 
отырып, өзендердің алып жатқан 
аумағы, өзендердің бағыты, олардағы 
тасындылардың шөгу аймақтары 
анықталды 
Spatial Analyst Tools 
және 
Conditional 
Tools 
Өзен 
алаптары 
алқаптары 
анықталғаннан 
кейін, 
CON 
қосымшасының көмегімен өзендерді 
және олардың алаптарының ауданын 
анықталды 
Кестеде берілген жұмысты орындау кезеңдерін атқара отырып, Жамбыл 
ауданының жер беті сулары мен өзен алаптарын анықтау карталары 1:100 000 
масштабта құрастырылды (Қосымша 1, 2).
Жамбыл ауданының 10м-лік дәлділіктегі DEM үлгісі мен 1:100 000 
масштабтағы топографиялық картасының негізінде өзен алаптарының аумағын 
анықтауға және ірі өзендердің салаларымен анықтауға мүмкіндік туғызды (4-
сурет). Аталған карта тек қана, гидрологиялық торды сипаттап қана қоймай, 
сонымен қатар егіншілікке пайдаланылатын гидроморфты аймақтардың қай жерде 
орналасқаны, қандай бедер пішінінде орналасқанын да анықтауға болады. 


29 
а) DEM үлгісінің негізінде өзен алқаптарының 
қамтылуы 
ә) өзен суларының бағыттарын анықтау 
б) аккумуляция 
в) 


30 
г) 
ғ) өзен алаптарын анықтау 
д) өзен торлары 
4-сурет - Жамбыл ауданының гидрографиялық картасын құрастыру этаптары 


31 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет