Атты Халықаралық ғылыми-əдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет108/255
Дата19.12.2023
өлшемі2.56 Mb.
#487056
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   255
Оралбаева

ана – ana. Екі тілдегі бұл сөздің дыбысталуында ешбір айырмашылық таппаймыз. Сонымен 
қатар, негізгі мағынасы да екі тілде бір болып келеді. Қазақ тілінде де түрік тілінде де ана 
тілі – ana dili сияқты ортақ ұқсастықтар да бар.
Көне түркі сөздігінде ана мағынасында aba, ana, apa, hana сөздері кездеседі. Ғ.Айдаро-
втың «Күлтегін ескерткішінде» Орхон жазбаларынан топтастырған деректерде де туыстық 
атаулар қатарынан табылады.[2; 50] Махмұд Қашқаридың сөздігінде аба оғыз тіліндегі 
«ана» сөзі, апа – түркмен-қарлұқтарда жəне ама – тубут диалектісінде деп көрсетіледі[3; 
118].
В.Г.Егоровтың «Чуваш тілінің этимологиялық сөздігіне» келсек,онда
«ана» сөзінің бірнеше фонетикалық өзгеріске ұшыраған нұсқаларын байқаймыз. Мыса-
лы: əзербайжан, ұйғыр, қазақ, ноғай, құмық, татар, қарақалпақтарда «ана» күйінде қолда-
нылса, алтай, қырғыз, түркімен, шор, ойраттарда «эне» деп атайды. Туваларда бұл сөз «тəте», 
моңғолдарда «əйел» мағынасында қолданылады. Өзбектерде «она», Ыстамбұл түріктерінде 
«анне», башқұрт диалектісінде «инəй», хакастарда «ине» деп кездессе, чуваш диалектісінде 
«апай», құмық тілінде «ажай» деп те аталады[4; 29].


168
«Түркі тілдерінің салыстырмалы сөздігінде» берілген қазіргі түркі тілдеріне тəн ана 
сөзінің дыбысталуына тоқталсақ, мынадай салыстырмалы сөзтізбекті көреміз:
əзербайжан тілінде: ана башқұрт тілінде: инəй, əсə қырғыз тілінде: ене, апа өзбек тілінде: 
анəтатар тілінде: əни, ана, инə [5; 20-21].
Екі тілде де бірдей аталатын туыстық атаулардың бірі – жеңге. Түрік тілінде де – yenge
Yenge сөзі түрік тілінде де жасы үлкен ағаның, туыстардың жұбайы, яғни, əйеліне айтылады. 
Махмұд Қашқари сөздігінде ағаның əйелі деп йаңқа сөзі беріледі[6; 256]. Ал В.Г.Егоровтың 
сөздігінде бұл сөздің бірнеше түркі тілдерінде бар екенін көрсетеді. Чуваш тілінде ағаның əй-
елі, жасы үлкен əйелді құрметпен атау инке, шағатай тілінде йенге,ал əзербайжан тілінде еңкə 
сөзінің тек бір ғана мағынасы бар: қалыңдықты күйеудің үйіне апаратын əйел, яғни бұл тілде 
туыстық мəнде қолданылмайды екен. Жеңге сөзі бірқатар түркі тілдерінде тек туысқанға 
емес, құрметтеу мəнінде жалпы жасы үлкен əйелдерге қарата айтылады. Сондай-ақ, алтай 
тілінде де дьеңге сөзі, біріншіден, үлкен ағаның əйелінемесе əкенің ағасының əйелі, келін, 
екіншіден, жасы үлкен əйелдерге құрметпен қарата айтылатын сөз деген мағыналарда жұм-
салады;
башқұрт тілінде:йингə қырғыз тілінде: жеңе өзбек тілінде: йəнгə татар тілінде: жингə 
ұйғыр тілінде: йəңгə [4; 982-983].
Қазақ тіліндегі туыстық қатынасты білдіретін бажа сөзі де жалпытүркілік мəнге ие. 
Түрік тілінде – bacanak деп айтылады. Бұл сөз аударма сөздіктегі анықтама бойынша, екі 
тілде де бір кісінің қыздарына үйленген адамдар арасындағы жақындықты білдіретін сөз. 
Монғол тобына жататын тілдерде «бажа» мағынасын беретін сөздің тұлғасы дыбыстық құра-
мы жағынан сəйкес келіп жатады: монғол тілінде – баз, қалмақ тілінде – баз, бурятша – база
Түркі тілдерінің ішінде якут тілінің дерегі «база» тұлғасы «келін» мағынасын ұғындырады. 
Осы сөзарқылы«бажаның» түпкі төркініне жол табуға болады деп болжайды Ə.Нұрмағам-
бетов: «Манжұр тілінің дерегі сөз төркініне бір табан жақындата түседі: «баша» бұл тілде 
біздегі «балдыз» мағынасында қолданылады. Ол манжұр тілінде моңғол тілі əсерінен пай-
да болғанын байқаймыз. Жазба монғол тілінде – бачаган, қазіргі монғолша – бацган, бу-
рят тілінде – басган тұлғалары «қыз», «қыз бала» мағыналарында көрінеді. «Бажа» сөзінің 
тууына себепші болған монғол тілінде «қыз» мағынасын беретін «бачаган» сөзі болса керек. 
Бұл тұлға басқа тілге өткен сайын өзінің мағынасына өзгеріс кіргізіп отырғанын байқай-
мыз.Сөйтіп,«бажа» сөзінің төркіні монғол тілі екені де тұңғыш мағынасы«қыз»дегендібіл-
діріп,оданкейінгікездерде«балдыз»ұғымын,басқатілдергеауысқандабалдызға үйленген ер 
адамдарға «бажа» аты ауысқан деуге болады»[7;15].Қазіргі кездегі бірнеше түркі тілдеріне 
бажа сөзініңқандайдыбыстықтұлғада сақталғанын «Түркі тілдерінің салыстырмалы сөздігі-
нен» анықкөреалуымызға болады:
əзербайжан тілінде:баджанаг
башқұрт тілінде: бажа
қырғыз тілінде:баджа
өзбектілінде:баджə татартілінде:баджа 
түркмен тілінде: баджа
ұйғыр тілінде: баджа[8; 42-43].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   255




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет