Пайдаланылған əдебиеттер:
1. Ислам А., Лингвомəдениеттану. Тіл əдебиет контексінде, А.,2004. -242 б.
2. Мұратова Г. Абайдың тілдік тұлғасы: фил.ғыл.док. ғылыми дəреж. Алу үшін дайынд.
диссерт.т ҚР. Алматы, 2009.
3. Əуезов А. Бала Мұхтар. – Алматы. Жазушы, 1967. -52 б
4. Жаманбаева Қ. Тiл қолданысының когнитивтiк негiздерi: эмоция, символ, тiлдiк сана.
– Алматы: Fылым, 1998. – 140 б.
5. Караулов, Ю.Н. Предисловие. Русская языковая личность и задачи ее изучения / Ю.Н.
Караулов // Язык и личность. – М.: Наука, 1989. – С. 3-8.
6. Қабдолов З. Сөз өнері. – Алматы: Санат, 2002. – 360 б.
7. Зекенова А. М.O. Əуезовтің драмалық шығармалары тілі лексикасының квантативтік
стильдік сипаты дисс. жұмыс. ВАК 10.02.06.
8. Тіл ұстарту тақырыбы Сыланов Ғабдол. 18 апрель, 1958 ж. № 16)
183
ТІЛ – ҰЛТ ТАМЫРЫ
МəдиевC.Ш ., ф.ғ.к.,
Игиликова С.И . 1 курс докторанты
Тəуелсіздіктің алғашқы күнінен-ақ Қазақстан мемлекеті білім беру жүйесінің ескі мо-
делін жойып, өзіндік моделін қалыптастыруды қолға алды. Жаңа заман, жаңа ғасыр талабы
да осылай болатын. Бұл біздің тəуелсіздік алған күндерімізбен тұстас келді. Бірақ та, бір-
неше жылдар бойы Кеңестік кеңістікте өмір сүрген қазақ елі үшін бұл шаруа бірден оңай
болған жоқ. Еліміздің талантты талай азаматтары осы білім саласының басшылығына келіп,
талабы таудай талай-талай реформалар жүргізді. Осы қиын жолда талай адастық та. Сол
күндерден келе жатқан сын мен дау-дамайдың сарқыншағы əлі күнге қалмай келеді. Бұл заң-
ды құбылыс. Əлемдік ақпарат пен тез дамып жатқан жаңа технология ағымында жаңа ғана
шаңырақ көтерген біз секілді жас мемлекеттер түгілі, əлемге танылған алпауыт мемлекет-
тердің өзі ХХІ ғасырдағы жаһандану заманында бағыт-бағдарынан айырылып, шаң қауып
қалып жатқандары бар.
Əлемдік білім кеңістігіне ерте араласқан, бұрыннан да аздап аралас-құраластары бар
жоғары оқу орындары бұл үрдіске ерте кірісті. Республикамыздың түгелге жуық жоғарығы
оқу орындары əддеқашан шетелдік модельге көшіп, оны жетілдіру үстінде, кешеуілдегендері
нарықтан шығып, не болмаса ірі оқу орындарына бірігуде.
Ал негізінен мектеп моделі төрт жылдық бастауыш сыныпты, бес жылдық негізгі кезеңді
жəне екі жылдық толық орта білімді қамтитын бұрынғы кеңестік білім жүйесінің стандар-
тында қалды. Оның сыртында Қазақстан жалпы білім беру моделінен жəне жоғары сынып-
тарды қамтитын элиталық мектеп моделінен тұратын батыстық мектептер нұсқасындағы
білім берудің екі моделін таңдап, енгізді. Бұл бүгінгі Назарбаев зияткерлік мектептері, да-
рынға балаларға арналған жəне кейбір жекеменшік мектептер. Білімге, жаңашылдыққа деген
самарқаулығымыздың бар екені рас. Міне осы шымылдықты түріп, алғаш осы модельдердің
батыл түрде білім жүйесіне енуі шынын айту керек елбасымыз Нұрсұлтан Əбішұлының
арқасы. Біздің артық қыламыз деп тыртық қылатын əдетіміз де бар. Кейде орынсыз мақтау-
лар елді мезі қылып, шын мəніндегі шындықтан алшақтатып жібереді. Бұл тəуелсіздік алы-
сымен-ақ ХХІ ғасырдағы əлемдік білім саласының дүлдүлдерінің жалына жармаса шауып,
көптен қалмау жолындағы Елбасымыздың шын мəніндегі ерлігі, халқына деген қамқорлығы
еді. Тек бастаманы қазір біз білім, ғылым саласының қызметкерлері қалай дамытып жатыр-
мыз, қандай бағытқа бұрдық, міне, əңгіме осында. Əйтпеген жағдайдауақыт биігінен бүгін
артымызға қарасақ, осыдан 25 жыл бұрын қирап қалған кеңес өкіметінің білім беру жүй-
есінің орнында құрған моделінің құжаттарын құшақтап, жұртта қалған елдей ошақ басында
біздің қазақ жұрты отырушы еді.
Міне, осы жаңа ізденіс, жаңа жол табу жолында Білім жəне Ғылым министрлігі бірне-
ше реформалар жасап, қайтсек əлемдік білім кеңістігіне қосыламыз, еліміз сауатты жаңа за-
манға, нарыққа сай мамандар даярлай алады деген жолда талмай ізденіс жасап, бұл ретте
сынға да ұшырап, бірақ мұз жарған кемедей орасан зор жұмыстар атқарып келеді.
2001 жылдан жалпы білім беретін орталау білім беретін мектептерді реформалау бағытында
халықаралық тəжірибелер зерттеліп, жаңа баламалы оқулықтар енгізілді. Мектепте білім беру-
дің құрылымы бірте-бірте 12 жылдық білім берге көшу бағытын ұстанды. Төрт жыл бастауыш
бұрынғыша қалып, алты жыл негізгі мектеп, ал екі жыл жолғары мектеп моделіне негізделді.
Шынын айту керек, бірақ бұл өзгеріс бүгінде өте ауыр жүруде. Мұның басты себептерінің бірі
ретінде ғалымдар, ұстаздар қауымының өзгеріске баяу бейімделетінін айтады. Екіншіден, жаңа
тұрпаттағы білім моделі, əсіресе техникалық ғылымдар саласынан тіптен бөлек, бұрын соңды
елімізде болмаған білім сапасын талап етуде. Міне бұл уақыт шындығы.
184
ҒалымЛюдмилаЗуева«ҚазақстанРеспубликасыныңмектептерібілімберужүйесініңдаму-
кезеңдері»аттыеңбегіндереформаларғадайындықтыбескезеңгебөліпқарастырады[1]. Бұл ке-
зеңдерді талдау əрине, ұзақ əңгіме, қысқарта айтсам бұл кезеңдерден байқағанымыз мектеп
реформасына дайындық жұмыстары бірден жүргізілмей бұрынғы кеңестік білім жүйесінен
бірте-бірте бас тартқандығын көрсетеді. Жалпы осы кезеңдерде жүргіхілген реформалардың
негізгі көздеген мақсаты əлемдік білім жүйесіне бірте-бірте көше отырып, орта мектептер-
де 12 жылдық білім беруге ауыстыруға бағытталған. Елбасы мен үкіметіміздің мұндағы ал-
дында тұрған негізгі мақсаты өзін-өзі жүзеге асыра алатын əлемдік деңгейдегі жедел өзгеріс
үстінде дұрыс, əділетті, адамшершілікті шешім қабылдау мүмкіндігі жеке тұлға қалыптасты-
ру. Міне бұл діттеген мақсатқа қол жеткізіп келеміз.
Заман өзгерген сайын соған сай идея мен мақсат та өзгереді. Ал мақсатқа қол жеткізудің
əдістері мен тəсілдері де өзгеріске ұшырайды. Қарап отырсақ тəуелсіздік алған осы 25 жыл-
дың ішінде ересек адамдардың өзінің мінез-құлқы, психологиясы нарық заңдылықтарына
сай біраз өзгерістерге ұшырады. Ал бүгінгі мектеп баласын, бұрынғы мектеп баласымен тіп-
тен салыстыруға келмейтіні айтпасақ та түсінікті. Міне мұның өзі бұрынғы кеңестік жүйеме-
нен бұгінгі таңдағы бізге қажет білім жүйесінің арақатынасын салмақтайды.
Дүниежүзінде білім беру саласы бірінші кезекте экономикаға, ондағы еңбек нарыңын
дамытуға қызмет етуі керек. Жаңа заманның талабы осылай, мұны мойындамаймыз деген
əлемдік елдердің өзі де бүгінде бірауыздан мақұлдап отыр. Əлемдік тəжірибеде осыған қол
жеткізу үшін екі түрлі амалды қарастырады екен. Сол себепті де бүгіндегі озық білім беру
салалары екі топқа жіктелуде. Бір топтағылар элиталы мектептердің дамуына көбірекқам
жасайды. Яғни экономиканы дамытуға негізінен алғанда белгілі бір топ білікті мамандар,
менеджерлер, жеке тұлғалар ақыл-ойы мен қабілет-қарымына сүйенеді.
Ал екінші топтағы елдер сапалы білімге барша халықтың қолы жетуін мансұқ етеді. Олр
осы арқылы ел ішіндегі əлеуметтік қажеттілік қағидаларын бекітіп, білім алудағы теңдікті
қарастырады. Алдыңғысына АҚШ бастаған бұрынғы капиталистік ірі алпауыт мемлекет-
терді жатқызсақ, соңғысына Қытай бастаған жəне соңғы кезде қарыштап дамып келе жатқан
Азия елдерін кіргізуге болады. Міне, біз осындай жол айрықтарының түйіскен жерінде тұр-
мыз. Дүниежүзілік ғалымдардың айтуынша, соңғы топтағы елдердің таңдаған бағыттары-
ның дұрыс екендігін көрсетіп отыр. Ел тағдырын белгілі бір топ емес, саналы, білімді, бəсе-
келестікке қабілетті жаңа заман адамы ғана шешетінін, оны қоғамның дамуына өте ықпалды
екендігін өмірдің өзі дəлелдеп беруде.
Осы тұрғыдан алғанда Азиядағы дамушы елдердің қатарынан көрініп келе жатқан қа-
зақстан Республикасы білім саласындағы мектептердің бір ғана типті болуын көздей оты-
рып, ұлтымыздың келешек ұрпағы мемлекет арқылы білім алсын деген мақсат көздеп отыр.
Осы тұрғыдан алғанда байдың да, кедейдің де балалары тең дəрежеде білім алып, ертеңгі
жаңа заман талабына сай болып, өсуі үшін, үш тұғырлы тіл саясатының мəні зор. Бірақ біз
саясатты дұрыс түсіндіре алмай, жеткізе алмай келеміз. Қазір ауылдық жерлерде басқа да
шалғай аудандарда балаларын ағылшынша, тіпті кейде орысша оқытуға зəру болып отырған
адамдар бар. Мұны біз біржақты қарамай, ұлтымыздың білімді, жан-жақты бірнеше тіл біліп
өсетін ұрпақ болу тұрғысындағы білім деңгейінен қарастырғанымыз жөн. Тек біз оқытудың
методикасын жетілдіруіміз, оның педагогикалық, психологиялық ерекшеліктерін қатаң еске-
руіміз қажет. Баланың жас ерекшелігін ескере отырып жүзеге асыруымыз керек.
«Сөз сөзден туады, сөйлемесең неден туады», - деп отырушы еді марқұм əжем. Шынын-
да да сөзден сөйлем туып, алғашқы сəбидің қалт-құлт етіп, тəй-тəй басқан шағында «ата-а-
па» деп басталатын алғашқы сөзінің төңірегіне топтасқан сөздік қор мың, миллиондаған
сөздік қор, мыңдаған миллиондаған жылдар бойы дамудың нəтижесінде белгілі бір ұлттың
қарым-қатынас құралы – тіліне айналады. Сондықтан да халықтық мəдениет пен мен құн-
дылықтарды бойына сіңірген, ұлт тілі – ол ағып жатқан арналы кəусар бұлақ, баға жетпес
185
рухани қазына. Тау-тасты жарып аққан небір керемет арынды өзендердің өзі əртүрлі табиғи
өзгерістерге түсіп жатады, жолындағы құмды шөлден өте алмай, сіңіп жоқ болып немесе
арнасы шөп шалаңмен бұлғанып, соңы лайға айналып жатқаны қаншама, сол секілді тіл де
жанды құбылыс. Бұлақтың көзін ашсаң одан əрі ағады, ал қоқыспен бітесеңіз немесе басқа
арнаға бұрып жіберсеңіз, бір өзен екіншісіне қосылып, жоғалып тынады. Міне сол секіл-
діəлемде күн сайын, тіпті сағат сайын екінші тілдің жетегінде кеткен кейбір тілдер біржо-
ла жер бетінен жоғалып кетіп жатыр. Қазақ тілі сөйлейтін адамдар саны жағынан əлемдегі
тілдер арасында жетпісінші, ал тіл байлығы жағынан екінші, үшінші орындарда. Ең бай тіл
саналатын араб парсы тілінің 12,5 миллионнан астам сөздік қоры болса, қазақ тілінің сөздік
қоры бүгінгі таңда жеті жүз мыңдай. Оның үстіне, сапалық деңгейі жағынан өзге тілдер-
ден анағұрлым жоғары тұрады. Ал жаһанданудың ұйтқысы болып саналатын ағылшын тілі
жыл сайын жиырма бес мыңдай жаңа сөздермен толығып отырса, оқшауланған отыздай тілді
жер бетінен жұтып отырады екен. Тіліміздің шұбарланбай күні бүгінге дейін таза қалпында
сақталып келуінің негізгі құпиясы – бұл көшпелі халық мəдениетінің көпке дейін басқа ұлт
мəдениетінен оқшау дамуында. Көшпенділер өз мəдениетін дамыта отырып, ұлттың рухани
қазынасы тіл байлығын да молайтты, өмірде көрген білгендерін ой-санасында қорыта оты-
рып, тілі арқылы кейінгі ұрпағына мұра етіп қалдырды. Тіл – ұлттың дəстүрімен, тұрмыс-тір-
шілігімен тікелей байланысты. Мəселен бір кездерде мал шаруашылығмен айналысатын «қа-
зақ жұрты баласын ботақаным» - деп мейірленіп, айналып толғанса, ал бүгінде «ботақан»
сөзінің не екенін білмейтін орыс тілді қандастарымыз қаншама. Қазақ тілі түркі тілдерінің
қыпшақ тобына кіреді. Бізге бір табан жақыны татар, башқұр қарашай балқар, құмық, қа-
рақалпақ, ноғай тілдері.
Қазақ тілінің сонау ежелгі заманнан бастау алатындығына тастағы түркі жазбалары куə.
Талас-Орхон-Енисей жазулары (5-8ғ.ғ.), Жүсіп Баласағұнның «Құтадғу білік» еңбегі, Мах-
мұт Қашқаридің «Диуани лұғатат түрік» еңбегі, Ахмет Йүгінекидің «Һибат Ұл һақайық»
еңбегі, Қожа Ахмет Яссауидің «Хикметі» (10-12 ғ.ғ.), Алтын Орда, Шағатай жəне қыпшақ
(13-14 ғ.ғ.) жазулары бұл – біздің тіл қазынамыздағы жауһарлар. Əлі де толық зерттелмеген
тарих қойнауында жатқан жəдігерлер жетерлік. Ол бүгінгі жас буынның еншісі. Ата-баба-
ларымыз бірнеше том болатын жыр, қисса-дастандарды таңды таңға ұрып, жатқа айтқан.
Соның арқасында тіл ұстарып, сөздік қор ұлт арасында кеңінен пайдаланылған. Бүгінде
ғалымдарымыз, жазушыларымыз жазудай-ақ жазып жатыр. Бірнеше томдаған кітаптар да
шығаруда. Бірақ оны бірен-саран адам ғана болмаса, жалпы жұрт пайдаланбайды. Сөздік қор
қолданыста болмағандықтан да, қолданылу аясы тарылып, жылдан-жылға ортая түсуде. Қа-
зақ тілі тарихы қилы кезеңдерді басынан өткерді. Біріншіден, қазақ халқы 300 жылдай араб,
жоңғар, шапқыншылығынан зардап шегіп, тақымын жаза алмаса, кейінгі 300 жылда Орыс
империясының бодандығында болып, жойылып кетудің аз-ақ алдында тұрды. Соған қара-
мастан басқа түркітілдерімен салыстырғанда сөздік қоры жөнінен қазақ тілі ежелгі таза қал-
пын сақтап келе жатқан тілдердің бірі. Бүгінгі зерттеулердің негізіне сүйенсек, тілдің осынша
құнарлы болуы, бейнелі болуы, таза қалпын сақтауының негізгі қайнар көзі – бұған дейінгі
ауыздан ауызға тарап кележатқан қазақтың жыраулық өнері яғни ауыз əдебиеті. Алғашқы
заң 1989 жылдың 22 - і қыркүйегінде осыдан тура жиырма бес жыл бұрын Қазақ ССР-нің
Тіл Туралы заңында қазақ тілінің мемлекеттік мəртебесі ресми түрде атап көрсетілген бола-
тын. Ғасыр басында қазақ түркілер əлемінде бүгінгі түріктерден кейін екінші орында тұрса,
бүгінде түріктердің өзі 80 миллионнан асып, əлемнің барлық елдеріне аттары мəшһүр бола
бастады. Əзірбайжандар 40 миллион, өзбектер 35 миллионнан асып барады, ал біз болсақ 10
миллионға да жете алмай келеміз. Тіл дамуының негізгі қозғауыш күші де ертеңгі болашағы
да бүгінгі жас бүлдіршіндер. Белгілі тіл жанашыры ұлт көсемі М. Əуезовтің «ел боламын
десең, бесігіңді түзе» деген сөзі тектен-тек болмаса керек. Сондықтан біз ең əуелі басты на-
зарға бала тəрбиесіне аударуымыз керек. Бүгін сəбидің тілін қалай шығарсақ, ертең ол дəл
186
солай сөйлейді. Бүгінгі таңңда балабақша, мектеп тіпті жоғары оқу орындарының өзінде де
тіл мəселісінің ақсап тұрғаны баршамызға аян. Балабақша əр баланың отбасынан кейінгң тіл
дамыту орталығы. Сондықтан балабақшадағы тəрбиеге, ондағы оқу құралдарының мазмұн-
ды болуына бəріміз де салғырт қарамауымыз тиіс. Қазақ отбасында дүниеге келген əр бала-
ның тілі қазақша шығады деу қиын. Өйткені барлығының бірдей ата-анасы тілге жетік, сөзге
бай, бейнелі жандар болмауы мүмкін. Өзі қазақша жақсы сөйлей алмаған ата-анадан қазақ
ұрпақ күту де қиын. Əсіресе орыс балабақшаларында тəрбиеленген қазақ балаларының тілі
сол күйі «ң» мен «ə»-ге келмей қалыптасып өседі. Ал кейбір отбасыларда баланың тілі қос
тілде де шығады. Көптеген қазақ отбасыларындағы жас балалардың көбісі болашақ қостіл-
ділер. Қостілділіктің əрине жақсы тұсы, артықшылығы бар, алайда қазақ өз баласының тілін
алдымен қазақша сындыруы керек. Əйтпегенде не өз ана тілінде дұрыс сөйлей алмайтын,
өз тіліне немқұрайлылықпен қарайтын буырларымыздың саны өкіншіке орай тағы біреуге
қосылады. Бұл бара бара үлкен қасіретке айналмасына кім кепіл. Сол себепті де əр ата-ана өз
баласының тілінің шығу процессіне немқұрайлы қарамау, отбасында орынсыз орыс тілдерін-
де сөйлеспеу, баланың қабылдауына ауырлық, салмақ салмауға тырысу керек.
Балаға шет тілін балабақша түгіл бастауыш сыныптың өзінде оқыту асығыстық. Бұл қазақ
ұлты үшін берік қағида болуы керек. Кезінде қазақ тілінің алғашқы ғалымдары, тілді ғылыми
негіздеп жазба мəдениетін енгізген А. Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, Ж.Аймауытов, Т.Тəжібаев
сынды жанашыр ғалымдар қазақ мектебінде оқып, ұлттық тəрбие алмаған баладан ұлттық
мүддені күтуге болмайтынын қадап айтқан болатын. Ал Т.Тəжібаев, М. Мырзахметов сынды
ғалымдар аралас мектептердің қазақ балалары үшін зиянын дəлелдеген бір-бір кітап жазып
қалдырды. Бірақ оған құлақ асып жатқан біз жоқ. Бір айта кететін жай бұл жерде тіл үйрену
мен ұлттық тілде ұрпақ тəрбиелеу мəселесінің ара жігін айыра білгеніміз жөн. Өзге тілді
білгеннен адамдардың өресімен бірге өрісі өсіп, ел-жұрттытанитыны сөзсіз. Бірақ өзге дүни-
ені ұлт көзімен қарау, ұлттық психологияда тану əркімнің қолынан келе бермейді. Мəселен
бүгінгі таңда орыс халқының көзімен дүние есігін ашқан, білімін орыс дүниетанымымен
жетілдірген орыс рухымен сусындап философиясынан нəр алған кейбір мемлекет басын-
дағы мықты деген қазақ азаматтарының өзі ұлттық мүддеге келгенде тайсақтап, бойкүйездік
танытады. Оның себебі тілдік рухтың жоқтығында. Тіл қашанда ұлт рухымен қуатты. Ол
шорланып қатқан темірдей берік болады. Тамыры тереңге кеткен бəйтеректі құлату қандай
қиын болса, ана сүтімен бойына дарыған, қанына тараған, сүйтіп бүткіл сана-түйсігінің бар-
лығын тілдік рух жаулаған ұлт жанашырын ешқашан шайқалту мүмкін емес. Бүгінде біздің
мемлекеттегі билікте отырғандардың тоқсан пайыздайын орыс тілділер құрайды. Сондай-ақ
Қазақстанда шығатын басылымдардың да 90%-ға жуығы орысша. Хабар таратын телеарна-
лардан берілетін хабарлардың 10%-ы, ал фильмдердің 3%-ы ғана қазақша. Пайдасынан зия-
ны көп аралас мектептер де жыл санап өсіп отыр. Онда оқитын орыс топтарының 70-80%-ы
тағы да қазақтар. Міне бүгінгі тіл саясатындағы дамудың тежеуші күштері де осы айтылған-
дар. Қазір Қазақстан жаһандануға бет алды. Бұл дүниежүзілік үрдіс. Біз бұдан қала алмай-
мыз. Ағылшын, орыс, қазақ тілдерін білу, үш тұғырлы саясат ұстану дұрыс-ақ. Дейтұрғанмен
бала санасын ерте улап, бастауыш сыныптарда басқа тілдерді үйрету артықтау. Педагогика
саласының білгір маманы, ұлттық педагогика мен психолгияның негізін қалаушы, бір кез-
дерде өзі дипломат болған əрі Мəскеуде тəрбиеленіп өскен атақты ғалым Т. Тəжібаев өзінің
ғылыми пайымдауында баланы он жасқа дейін өз тілінде тəрбиелеу керек десе, соңғы кезде
дүниежүзінің педагог зерттеушілері баланы он үшке дейін өз тілінде сусындатып өсіру кере-
гін анық айтады. Оның өзіндік себебі де жоқ емес. Бала бір мүшелге толғанша яғни он үшке
келгенше жеті атасынан берілетін қан арқылы жəне ұлтының сөйлеу тілі арқылы толықтай
ойлау жүйесі қалыптасады екен. Қазақта «жақсыдан жаман туса да, жаманнан жақсы туса
да, тартпай қоймас негізге» деген қанатты сөз бар. Қазекең бір мақал түгілі, бір сөзін босқа
айтпаған. Мүшел жасына дейін қалыпасатын жас баланың бойындағы ген арқылы тұқым қу-
187
алаушылық яғни ойлау жүйесі тəрбиені сол өзінің арғы ата-бабаларының тілі арқылы жалға-
стырса ғана баланың ойлау қабілеті тез жетіледі екен. Ал ойлау жүйесі қалыптаса қоймаған
жас буынға ген арқылы келген ойлау жүйесіне сəйкес келмейтін тілді оқытсаңыз, ол баланың
бұрыннан бойында тұқымынан келе жатқан ойлау қабілеті бұзылып, жаңа тілге негіздел-
ген жаңа пайым пайда болады. Міне осыдан келіп, екі тілде оқыған, қатар сөйлеген кейбір
талантты жас балалардың ойлау жүйесінде кібіртіктеу пайда болады. Өздеріңіз білетіндей
көп оқитын, көп білетін, дарынды балалар арамызда аз емес, бірақ ұлттық мүддеге келгенде
олардың қай-қайсысы да самарқаулау. Кезінде ұлы ойшыл Əл-Фарабидің «тəрбиесіз берілген
білім – зиянның зияны», - деп айтқаны босқа болмаса керек. Қазірде шетелде оқып шетелге
аты мəшһүр болып жатырған қазақбалалары аз емес, тілін білмесе де оның қазақ екендігіне
қуанып, сырттай мəз болып біз отырамыз. Шынын айту керек сол қазақ балалары ұлттық
мүддемізге қызмет ете ме, ұлт үшін қаншалықты пайдасы бар. Міне осы тұрғыдан келгенде,
əлі ойланатын мəселелер көп-ақ. Мемлекеттік дамудың көшбасында жүргендер руханият-
тың негізгі алыптары ұлттық рухтың асыл қасиеттерін бойына сіңірген, ұлттық мектептерде
оқып, халықтың арасында тəрбиеленгендер. Бір ғана Павлодар өңірінің Баянауылынан он
академик шықса, оның тоғызы бір ауыз орысша білмей өскен, сіңірі шыққан қазақтың қара
домалақтары. Ал дүниежүзінің Нобель сыйлығын алған ғалымдардың да 90%-ын сол ұлт-
тық мектептер мен ұлттық тəрбиеде білім алғандар құрайды. Ұлт көсемдері қай елде де бар.
Дүниежүзілік ойшылардың бірі Гетенің бір кезде айтқан «Ұлы дүниелер ұлт тілінде ғана
жасалады» - деген сөзі босқа айтылмаса керек. Біз өзге ұлттың тілінде сөйлеу арқылы эко-
номикалық жетістіктерге жетіп, материалдық тоқшылыққа жетуіміз мүмкін, бірақ тəуелсіз
елдің негізгі айқындауышы тілді дамытпай жұрт санасатын ел болуымыз екіталай. Тілдің
астарында ұлттың рухы жатыр. Ертеңгі елін қорғайтын батырлар да елінің зары мен мұңын
жоқтайтын ақындар да сол тіл рухынан нəр алып, өсіп жетіледі. Ұлттық тұтастық пен ұлт-
тық бірлікке айналып келгенде мемлекеттік мүддеге де қызмет ететін – ұлттық рух, ұлттық
таным. Ол көзге көрінбейді, қолға ұсталмайды. Бірақ сарқылмас қазына ретінде ұрпақтан
ұрпаққа жалғасып отырады. Тіл туралы айтқанда тіл біліміне қатысты да бірер сөз айтып
кеткенді жөн санаймын. Бүгінгі таңда еріккенің ермегі ретінде, не өз мамандығын игере ал-
маған, не болмаса күні кешеге дейін орыс тілін зерттеумен нанын тауып жеп жүргендердің
аяқ астынан қазақ тіл білімінің жанашыры бола қалатындар арамызда көбейіп барады. Тө-
тесінен айтсақ жалған ғалымсымақтар тіл заңдылықтарын бұра тартып, тілді біресе орысқа,
біресе қытайға тартып, жұлмалап жүр. Қалыптасқан ұлттық тіліміз бар. Оған біреудің ана
сөзі кірді, біреудің мына сөзі кірді, сөйтіп сол арқылы тіліміз байып, сөздік қорымыз жаңар-
ды деген жаңсақ пікір. Егерде біз сонау біздің эрамызға дейінгі тарихымызды дəлелді терең
қозғай алсақ, кімнің тілінен кім үйренгендігін тарих өзі айқындап берер еді. Мəселен қамыт,
самауыр т.б. кейбір сөздерді орыс тілінен кірген деп жүрміз. Ал қазақтың қамыт сөзі сонау
түркі жазбаларының өзінде кездеседі. Сол себепті де бұрынғы империяның нұсқауымен жа-
зылған ғылыми еңбектер бүгінгі таңда жаңадан басқаша көзқараста қарастырылуы керек. Ал
кейбір тіптен батысшыл болып кеткен ғалымдар тілдің мəнін, ұлтқа қызмет ету аясын шетел-
дік еңбектерден іздейді. Рухани күшін сол мəдениетке апарып телиді. Сондықтан да болар
ол ғалымдардың еңбектері аяғы «изм-мен» бітетін сөздерден көз тұнады. Тілді дамытып сөз
қорын жаңартудың орнына қазақ тілінің тамырын басқа жұрттан іздеу көпшілікті қателікке
апарып ұрындыратындығын да сезбейді. Қазақта: «пайдаң тимесе тимесін, ең болмаса зи-
яныңды тигізбе» деген қанатты сөз бар. Тым құрығанда бүгінгі ғалымдар осы сөзді берік
ұстанса деймін.
Белгілі тіл ғалымы академик Р. Сыздықтың: «Тіл – мемлекеттің ең соңғы қамалы» деген
қанатты сөзі бар[2]. Міне тіл біздің соңғы қамалымыз. Бүгінде шұбарлап сөйлеп, қазақтың
төл сөзін екінші елге таңып жүрген ғалым ағайындар осы соңғы қамалымызды құлатып ал-
маса екен деймін. Кейбір орыс тілді ғалымдар ойлау қабілеті де орысша болғандықтан, қазақ
188
тілінің барлық астарын орыстардың фонетикасы мен грамматикасынан іздейді. Əлі күнге дей-
ін септелу, жіктелулеріміз орыс тіл білімінің негізінде. Тіпті қазақша ойладық, жаздық деген
бүгінгі біздің өзіміз Кеңестік дəуірдегі саясат салдарынан көп нəрседен айрылып қалғанымы-
зды байқамай қалыппыз. Бір ғана қарапайым мысал. Осыдан 500 жыл өмір сүрген Өтейбойдақ
Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» кітабын оқып, таң қаласыз. Ішінде қаншама қазақтың
сөздері бар. Қарапайым шөп, өсімдік атауларының өзін бүгінде білгір деген тіл мамандары-
ның сөздік қорларынан таба алмайсыз. Тек кітаптың өзінің аты ғана көп қазаққа серпіліс
береді. Шипагерлік баян – нағыз қазақ ұғымына сəйкес қазақша айтылған сөз[3]. Осы сөзді
естігенде жүрегіңе біртүрлі жылулық ұялап, бойыңды рух билейді. Өйткені бұл сөз санаңа
бір табан жақын əрі ұғымды. Бұл сөздің орысшадан аударған баламасы да жоқ емес, бүгін-
гі тілмен айтқанда «медициналық анықтамалық» болып саналады. Бірақ соңғыға қарағанда
алғашқы атауды ұлттық рухта тəрбиеленген кез келген қазақ баласының жылы қабылдайтыны
сөзсіз. Ғасырлар бойы орысша ойлап, орысша қабылдауымыздың нəтижесінде осындай дең-
гейге көтерілдік. Бүгінгі таңда мұндай қазақ сөздерінің өзін нағыз қазақшалауды керек ететін
сөздер толып жатыр. Жалпы саналы азаматтың қалыптасуына, оның тəуелсіз ойлау жүйесінің
пайда болуына ұлттық дəстүрі мен тілдің əсері өте көп. Көбіне мұның дені қабылдайтын ақпа-
ратқа байланысты. Егерде қазақ жұртының шын тəуелсіз ойлау жүйесіне қол жеткізгіміз кел-
се, Қазақстан аумағына тарайтын ақпараттың тек тіліне ғана емес, оның мəн-мазмұнына да,
тіл арқылы берілетін ұлттық сипатына да көңіл аударғанымыз жөн. Тілдің адамдар арасын-
дағы қарым-қатынас құралымен болуымен қатар, оның ақпараттық, мұрағаттық қасиеттерін
де терең ескергеніміз абзал. Ежелгі бабаларымыздың тарихы, шежіресі не болмаса ауыз əдеби
мұралары бүгінгі ұрпаққа сол ана тілі арқылы жетсе, бүігінгі ғылым мен техниканың дамыған
заманында теледидар, радио арқылы түрлі ақпараттар тасқыны өтіп жатады. Көптеген ел-
дердің өзі қарулы соғыс емес, ақпаратты соғыстың басымдылығын түсінуде. Бұл ұлттығымы-
зға, мемлекеттік тілімізге төнетін үлкен қатерлердің бірі. Осы кезде тіл тұтастығымен қатар
мəдениетіміздің берік қазығы сыртқы күшке төтеп бере алса ғана, тəуелсіздігіміздің баянды
болғаны. Қазақстан президенті Н.Ə. Назарбаевтың: «Қазақтың болашағы –тілінде» деуі осы-
дан болса керек [4]. Қоғамда интернеттің рөлі күн санап артып келеді. Бұрынғы газет, журнал,
кітап оқу бір жола қалып барады. Бұрын қисса-дастандарды жатқа білмейді деп өкпелесек,
енді кітап оқымайтын жастардың заманына тап болдық. Ал сырттан келіп жатқан газет жур-
налдардың 90%-ы басқа тілде. Бұрын тəулігіне төрт кітап шығатын болса, бүгінде оның үлес
салмағыбіреуге де жетер жетпес. Кішкентай жас жеткіншектер ата-анасыз үйде қалғанда те-
ледидардан көретіндері орыс бағдарламалары. Бұл əсіресе тілі енді ғана шығып келе жатқан
балаға жасалынып отырған қиянат. Ғалымдардың зерттеуінде бір ай теледидарды үзбей көр-
ген екі-үш жастағы бала өзге тілдің 70% сөздік қорын бойына сіңіреді екен. Сондықтан бү-
гінде жұмыс бастылықпенен балаларына қарауға шамалары жоқ ата-аналардан ертең ұрпағы
өзін түсінбей жатса, оған өзгені кіналаудың жөні жоқ. Барлық тəрбие отбасынан басталады.
Тіл мəртебесінің бекіп, қазақ деген елдің тілі бар екендігін айқындаған алғашқы заңның пайда
болғанына міне бүгін жиырма бес жыл. Азды көпті жетістіктерге жеттік. Дейтұрғанмен қазақ
тілінің қолданылу аясы біз ойлаған деңгейде емес. Балабақша, мектеп, жоғары лауазымдық
қызметтер, іс-қағаз жүргізу бəрі-бəрі қазақ тіліне ауысуы шарт. Біз ешкімді тілге қатысты кем-
сітпейміз, бірақ құрметтеуге шақыруға міндеттіміз. Кей жерлерде қазақ сөзін бұрмалау жиі
ұшырасады. Əсіресе ата-бабаларымыздың атын атауда, ұлы тұлғаларды құрметтеуде кемшіл
тұстарымыз көп-ақ. Намысымызға тиетін сөздер айтылса да төзімділік танытып келеміз.
Меніңше бұл асқан бір төзімділіктен емес, ата-бабаға деген ізет-құрметтің аздығынан, рухы-
мыздың жоқтығынан ба деймін. Батыр бабамыз Б. Момышұлы соғыс кезінде «Момышев» деп
фамилиясын атағанда да, орнынан тұрмай отыра берген[5]. Əйтпесе қылышынан қан тамған
Кеңестік заманда, Қорықса сол кісілер-ақ қорқуы керек еді. Міне рухтың жоғарылығы. Атаға
деген құрмет, еліне деген сүйіспеншіліктің үлгісі бұл.
189
Сый мен мансап болса болғаны мінбелерден кейбір орысша оқыған қандастарымыз өзі
түгіл, жеті атасын түгелімен келеке қылып айтса да, қол шапалақтап басын изей береді. Бар-
лығына дайын. Ол өз алдына, төлқұжатымызда «Джолдасбеков, Умиралиев» деп жазылғаны
бойынша неге көрсетпедіңдер деп ренжитіндері де бар. Ал, аты-жөнін тегін жазудағы оры-
стың «ов-нан» құтыла алмай келе жатқанымыз өз алдына бөлек те ұзақ сонар əңгіме. Шын-
туайтына келгенде, тіл саясаты деген мəселенің болуы миллиондап ақша аудару арқылы оны
дамыту, былайғы жұртшылық үшін күлерлік жағдай. Тіл мəселесінің осы күнге дейін дұрыс
түзетілмеуі билікте отырғандарға ғана емес, əр бір қазаққа сын. Бүгінде əлемге үлгі болып
жатқан қызтекенің де не болмаса бірнеше адамды өлтіруші қаніпезердің де тыңдай қалсаңыз
өзіндік философиясы бар. Біз мұның бəрін ой жүйесі қалыптаспаған жастардан аулақ ұста-
уымыз керек. Тілдік мүдде, ұлттық психология, ұлттық тəрбие деңгейінен қарағанда кей-
бір шектеулер де қажет секілді. Бұл дүниежүзінде қолданылып жүрген тəжірибе. Қазақтың
тілі мен мəдениеті қазақтан басқа бірде-бір елге керек емес. Сондықтан мектептегі сəбиден
бастап елдің атқамінерлеріне дейін құлдық сананың құрсауында қалмай, тілдің ертеңін ой-
лағанымыз абзал. Құдайға шүкір, бүгінде қазақ тілінде білім алып, қазақы дəстүрде тəрбие-
леніп өсіп келе жатқан жастарымыз аз емес, бірақ бойындағы ұлттық рухтың азайып, сөздік
қорының таязадығы аға буынды елеңдетеді.
Бір кезде марксизм мен ленинизмді жақсылап оқыған бүгінгі орта буын манифестің
алғашқы бетін ашып, «Европаны бір елес кезіп жүр, ол – коммунизм елесі» деп бастаушы
еді. Сол секілді бүгін де дөңгеленген дүниені жаһандану елесі кезуде. Алпауыт мемлекеттер
аз халықтарды тілімен бірге дінін де жойып жібере ме деген қауіп жоқ емес. Сондай-ақ қа-
зақ зиялыларының арасында ертеңгі ұрпақ тілінен айрылып, соңғы қамалы құлай ма деген
үрей бар. Егерде тіл мəртебесіне қатысты заң бүгінгі күн талабына сай, нақты жұмыс істей
бастаса, бүгінгі салтанатты жиынға қатысып отырған білім саласының жанашырлары сіздер
мықтап қолға алсаңыздар деген тілек бар.
Достарыңызбен бөлісу: |