170
мыз», «Еділ басынан лайланады, Сағасынан тұнады», «Еділ ел болып келгенге су, Едірейіп
келгенге у», «Еділ қайтса кім өтпес, Едіге қайтса, кім кетпес», «Жайық басынан жел тұрса,
Жаз да болса қыс болар», «Жайық бойындағы Жалаңбұтқа – Самарқандағы сарт дамыл тіре-
гі», «Бидай – қырда, Күріш – Сырда, Жемістердің ғажабы Жетісуда», «Сараңға Сырдың суы
да жетпейді».
Кейбір мақал-мəтелдерде мəселен, «Еділ қайтса кім өтпес, Едіге қайтса, кім кетпес»,
«Отманның басына шықсаң, Османның көп күмбезін көресің», «Меккеде –
Мұхаммед, Түр-
кістанда –
Қожа Ахмет, Маңғыстауда – пір Бекет»
топоним-антропоним екеуі де кездеседі.
«Отманның басына шықсаң,Османның көп күмбезін көресің». Осы мақалдағы
От-
ман(Отпан) -таулы Маңғыстаудың Қаратауындағы биік шоқылардың бірі (биіктігі 532-556
метр), ертеде Отман əулие деген кісі жерленген деген болжам бар.
Сондай-ақ, су асты əлемімен байланысты төмендегідей гидронимдер кездесті: «Інжу із-
деген тереңге сүңгиді», «Мекіре балықтың тұмсығы, Тасқа тимей қоймайды».
Түркістан өлкесімен байланысты мақал-мəтелдер: «Түркістанда азан шақырылса, Арқа-
дағылар намазға үйиді», «Түркістанның түбін түйе шалады», Меккеде – Мұхаммед, Түр-
кістанда – Қожа Ахмет, Маңғыстауда – пір Бекет, «Ташкенде едің күріш, Түркістанға кепсің
дұрыс, Ал Созақта не ғып жүрсің кіспұрыш».
Қасиетті
Мекке туралы: «Анаңды Меккеге үш арқалап барсаң да,
Қарызынан құтыла алмайсың», «Сұрай-сұрай Меккеге барады», «Қожа мен қожа Мекке-
де табысады, Ия, некеде табысады».
Балқан тау - Сарыарқаның шығысында, Қарқаралы ауданында, Батыстан шығысқа қарай
20 км-ге созылып жатыр, ені 15 км., ең биік жері 1366 метретр ол жайлы мақал-мəтелдер
төмендегідей: «Балқан, Балқан, Балқан тау, О да біздің көрген тау», «Барар
жерің Балқан
тау, О да біздің көрген тау!», «Бас басыңа би болсаң, Балқан тауға сыймассың.Бір данаға жол
берсең, жанған отқа күймессің».
«Əркімнің өз жері Мысыр шаһары» əркімге өз жері қымбат, қасиетті. Тіпті, «Туған жер-
дей жер болмас, туған елдей ел болмас» деп қазақ халқының жырлағанын еске алсақ,
Мы-
сыр шаһарының сол кездегі адамдар үшір дəрежесі жоғары, туған қаласындай жақсы қала
болғандығын көреміз.
Қазақ мақал-мəтелдерінде кездесетін жəне бір көне шаһарлар –
Ташкент, Хиуа, Қоқан,
Самарқанд, Əндіжан, Бұхара, Сайрам, Аштархан, Астрахан. Мəселен, «Тəшкенге тай мініп
барсаң, Тұяқ ұстап қайтасың», «Тəшкенде едің күріш, Түркістанға кепсің дұрыс, Ал Созақта
не ғып жүрсің кіспұрыш?», «Атбасарда тұсаған айғырың – Əндіжаннан кісінейді», «Аштар-
ханда ақша ұтқызсаң, Хиуазы Хиуадан қайтады», «Астраханда атты кісі таң болар», «Құл
қашса,Қоқаннан шығады», «Жайық бойындағы Жалаңбұтқа – Самарқандағы сарт дамыл
тірегі», «Бұхарада буаз ешкі бошаласа, Тамнан тамға секіріп, Сайрамға жетіп лақтайды»,
«Сайрамда бар сансыз баб».
Ташкентшаһарының негізі түркі тектес халықтардың əрқайсысы өз алдарына ұлт болып
қалыптаспай тұрғанда қаланған. Заманымыздың басында
Сыр мен Шыршық алабын жай-
лаған қаңлылардың бір тармағы сол кезде суы мол Салар бұлағының бойында үйлері ылғи
таспен қаланған қыстақ тұрғызған. Уақыт өте келе, ол қыстақ үлкейіп, Тас тыкент (Тасты
қала) атанған. Осы Тас тыкент атауы алға озған заманның тілдік үйлесімділігіне орай – Та-
скент, кейін қарлұқ диалектісіне сай Ташкент боп қалыптасқан. Кейбір жазбагерлер Таш-
кенттің байырғы атауы Шаш болған деп шатасып жүр. Шаш – Ташкенттің іргесінде болған
басқа көне қала. Ол Шыңғысхан шабуылы кезінде қиратылған. Шаш қиратылған соң, оның
тұрғындарының көпшілігі одан он-он бес шақырым жерде орналасқан Ташкентке орныққан.
Осы себепті Ташкентте халық көбейіп, көлемі кеңейеді. Ақсақ Темір дəуірінен кейін оның
солтүстік бөлігі бұрынғы Шаш қаласының орнына дейін жетеді. Сөйтіп Шаш атауы бір-
те-бірте
ұмытылып, Ташкенттің аты жаңғыра бастайды. [9]
171
«Атбасарда тұсаған айғырың – Əндіжаннан кісінейді»
,бұл жердегі
Атбасар – Ақмола
облысы Атбасар ауданының орталығы (1928ж.)
Əндіжан – Өзбекстан Республикасындағы
қала, Андижан облысының орталығы (б.э.д. V-IV ғ.ғ. құрылған).
«Ташкенде едің күріш, Түркістанға кепсің дұрыс, Ал Созақта не ғып жүрсің кіспұрыш?»,
мұндағы
Созақ– ОңтүстікҚазақстан облысының солтүстігіндегі əкімшілік-аумақтық бөлік.
«Сайрамда бар сансыз баб», «Бұхарада буаз ешкі бошаласа, Тамнан тамға секіріп, Сай-
рамға жетіп лақтайды»
Сайрам туралы алғашқы деректер біздің жыл санауымызға дейінгі IV
ғасырда парсылардың шежіре кітабы «Авестада» кездеседі. Көне түрік тілінде «Сайрам» Та-
стақ сай деген ұғым береді. Ал, Исфиждаб «Екі дария аралығы» деген сөздің баламасы екен.
Қаланың одан басқа да Орынкент, Аққала деген аттары болған. Бірақ, тарихи жазбаларда да,
кейінгі замандарда да бұл атаулар сирек қолданылады. Ал,
Бұхара деп отырғанымыз – Өз-
бекстан Республикасындағы қала, Бұхара облысының орталығы. Бұхара атауы алғаш жазба
деректерде V ғасырдағы Қытай жылнамасында кездеседі. 709 жылы арабтар басып алған
кезде, ол Орталық Азиядағы ірі сауда жəне мəдениет орталығы болған. Қазіргі Бұхара – ірі
өнеркəсіп пен мəдени орталық. Қаракөл өңдеу, мақта тазалау,
май зауыттары, жібек, три-
котаж фабрикалары, ет, сүт, шарап, т.б. кəсіпорындары бар. Архитектуралық ескерткіштері
140-қа жуық.
«Астраханда атты кісі таң болар»,
Астрахан қаласының ежелгі аты – Қажы Тархан деп
аталған. Қажы Тархан хандығы (1465-1556) Алтын Орда ыдырағаннан кейін құрылған дер-
бес мемлекеттердің бірі. Бұл – Астрахан хандығын Ресейдің жаулап алуы, яғни, Русьтің
Шығыс елдеріне қарсы бағытталған алғашқы жорықтарының құрбанына айналған қала бо-
латын. Қала – Еділ өзенінің екі жағалауын ала Каспий теңізінен 150 шақырым қашықтықта
орналасқан.
«Ұлы ұғымға, қызы Қырымға»,
Қырым (Қырым түбегі)– еуропаның оңтүстігіндегі тү-
бек. Ауданы 25,5 мың км(кв). Қара теңіз, теңіздерімен Перекоп
мойнағы арқылы Шығыс
Еуропа жазығымен ұштасады.
Сондай-ақ, қазақ мақал-мəтелдерінде кездесетін өлкелер –
Алатау, Əулиеата,Атбасар,-
Созақ, Батпақ, Сахара, Гүлстан: «Атаңды Алатауда бір жығып ем (деме)»,«Əулиеатаға таяқ
ұстап барсаң, Тай мініп қайтасың», «Бақ адасса – Батпаққа қонады», «Сақтық Сахарадағы
аңды да сақтайды», «Бұлбұл құс зымыстанды көрмей, Гүлістан қадірін білмес».
Қорыта айтқанда, мақал-мəтелдерінің құрамындағы жер-су атаулары көшпелі қазақ
халқының өмірімен тығыз байланысты, олардың күнделікті тіршілігінен хабар беретін негіз-
гі айғақтардың бірі.
Достарыңызбен бөлісу: