176
ДИСКУРС (САЯСИ ДИСКУРС): ТЕОРИЯЛЫҚ МƏСЕЛЕЛЕР
Косымова Г.С.
филол.ғ.докторы, профессор
Бурибаева Ж.Б.
6D021300 - Лингвистика
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті,
Аннотация
В статье рассматривается вопрос о понятий дискурс (политический дискурс). В на-
стоящее время отмечается возросший интерес лингвистов к проблемам дискурса активных
социальных групп, и прежде всего - политиков. Политический дискурс представляет собой
явление, которое имеет частотное проявление и особое социальное значение в жизни обще-
ства. Вместе с тем феномен политического дискурса не поддается однозначному определе-
нию.
Аnnotation
The article deals with the concept of discourse (political discourse). Currently, there is an
increased interest of linguists in the problems of discourse of active social groups, and especially
politicians. Political discourse is a phenomenon that has a frequent manifestation and a special
social signifi cance in the life of society. However, the phenomenon of political discourse cannot be
unambiguously defi ned.
Қазіргі таңда лингвистика ғылымының дамуы тілдің құрылымын, тілдің стильдік тар-
мақтарын, қолданылу қызметіне тəн ерекшеліктерін жаңа ғылыми бағыттармен байланысты-
ра қарауды қажет етіп отыр. Соңғы жылдары қарқынды дамып келе жатқан антропоцентр-
лік лингвистика, когнитивті лингвистика, мəтін лингвистикасы, дискурс проблемасы сияқты
жаңа бағыттар тілдің жеке, өз бетінше, оқшау тұрған қалпын емес, ада мның қабылдау, ойлау,
түсіну, өзгеге жеткізу қабілеттерімен байланыстыра қарастырады.
Соңғы кезде «мəтін» ұғымы бар жерде
«дискурс» ұғымын да қатар алып жүру байқалады.
Дискурстың қамтитын аясы кең, кешенді ұғым.
Дискурс – көпдеңгейлі үдеріс, ол айтушының вербалды мінез-құлқы (дауыс ырғағы,
интонация, паузаларға бөлуі), кинесикалық мінез-құлқы (ым-ишара) сияқты деңгейлерді
қамтиды. Дискурста коммуникативтік ситуация мен интеракцияға қатысушылар жəне тілдік
материалдар тоғысып жатады.
Дискурс ұғымы XX ғасырдың 70-жылдарынан бастап философияда кеңінен қолданыла
бастады. Тұңғыш болып «дискурс» ұғымын Ю. Хабермас өзінің «Коммуникативтік компе-
тенция теориясына дайындық» атты еңбегінде қолданған болатын.
Философиялық сөздікте
«дискурс» терминіне берілген анықтама да үлкен күдік туғыза-
ды: «Дискурс понятие, выдвинутое структуралистами для анализа социальной обусловлен-
ности речевых высказываний. Понятие дискурса особенно популярно в поструктурализме и
деконструкции. Как правило, применяется в философии, социологии, когнитивных анализах,
семиотике. Нередко используется просто как синоним «речи».
Лингвистикалық көзқарас тұрғысынан жоғарыда берілген анықтама дискурстың тілдік
мəнін, оны талдаудың өзіндік ерекшелігін көрсетпейді. Лингвистикалық терминдер сөздігін-
де дискурс терминінің тілдік тұрғыдан бұдан гөрі толығырақ анықтамасы берілген: «Связ-
ный текст в совокупности с
экстра-лингвистическими, прагматическими и другими фак-
торами текст, взятый в событийном аспекте, речь, рассматриваемая
как целенаправленное
социальное действие, как компонент, участвующий во взаимодействии людей и механизмах
177
их сознания (когнитивных процессах). Дискурс это речь, погруженная в жизнь. По - этому
термин дискурс, в отличие от термина текст, не применяется к древним и другим текстам,
связи которых с живой речью не восстанавливаются непосредственно»[1, 36- 38].
Дискурс туралы ойлар қазақ тіл білімінде де, дəл сол терминмен аталмаса да қолданыста
болған деуге болады. «
Дискурс» сөзінің алғашқы мағынасы «ақылды ойлану» (разумные раз-
мышление) деген ұғымға да жақын.
Дискурс терминінің жан-жақты кеңеюіне, əр түрлі сипатқа ие болуына Д. Ван Дейк
мектебі əсер етті. Мектеп өкілдері дискурс табиғатын толық ашуда когнитивті-прагматика-
лық əдіс-тəсілдерді пайдалануға болатынын айтқан. Бүгінде дискурс сөйлеуші---- мəтін-----
тыңдаушы тұрғысында қарастырылып, тыңдаушының қабылдауына айрықша көңіл бөлініп
отыр. Дискурс – тілдік əрекет, сөйлеудің жолы, тəсілі. Дискурс – іс-əрекет, сұхбаттасушылар-
дың өзара қарым-қатынасы.
Дискурс ХХ ғасырдың 70-80 жылдарынан бастап лингвистикада алғашында «сөйлеу»
мағынасында
қолданылса, жалпылама түрде «коммуникативтік оқиға», «коммуникативтік
жағдай» терминдерімен берілуде. Сондай-ақ, дискурс дəстүрлі стиль ұғымын ары қарай
нақтылау үшін жəне жеке жазушы, ақынның мысалы, Абай тілі, Əуезов стилі дейтін бұрын-
нан қалыптасқан тіркес мағынасын жаңалап айтатындар. Мəселен, қазіргі орыс саяси дис-
курсы, ғылыми дискурс, педагогикалық дискурс, публицистикалық дискурс, көркем əдебиет
дискурсы, əдеби
сын дискурсы,
саяси дискурс деп аталып жүр.
XXIғасырдыңбасынанбастапдискурс–тілдіккоммуникацияүдерісіменоныңнəтижесін-
детүзілетінмəтінұштастығындақарастырылыпжүр.
Дискурсбарысындаақпаратжелісіадресатқаəртүрліинтенцияларменжəнеолардыжалға-
стырушыбайланыстарарқылыжеткізілетінібелгілі.Тағыбірескеретінжағдай,ауызшадис-
курстажазбашадискурсқақарағандадискурстықайрықшабелгілер(маркерлер)онесекөбірек-
кездеседі.Оныңішінде,ауызшасөйлеудіңресмитүрінеқарағандаоныңбейресмитүріндеекіе-
секөпбайқаладыекен.Бұлауызба-ауызсөйлеутіліндегікоммуниканттардыңкөңіл-күйінің-
кейдеымдау,денемүшелерініңқимылысекілдібейвербалдыққұралдарменинтонацияарқылы-
берілуінедебайланыстыболыпкеледі.
Дискурсадамойыныңшындықөмірдегіболыпжатқанбелгілібірəрекеткебайланыстытіл-
діккөрінісіболғандықтан,осытілдікəрекеттісипаттаудатілдіңсинтаксистік,лексикалықжə-
несемантикалықдеңгейлеріменбіргеинтонацияныңдакөрінісберуітабиғиүрдіс.Олайболса,-
дискурстыңинтонациялықкөрінісінайқындауоныңқұрылымдықзаңдылықтарынашуғажəне-
берілгенақпараттыңдұрысжеткізілуінемүмкіндікберерісөзсіз.
Бүгінгі күні ситуацияға, адамның қызметіне, дискурсқа қатысушыларына, мəтінге, фак-
торлардың мазмұнына қарай жіктелген дискурстың жүздеген типтері бар.
Т.И.Попованың ойынша, дискурс – белгілі бір объект аясына қатысты ойлаудың тілдік
тəжірибесі. Ол екі бастаудан құралады:
1. қарым-қатынас аясы мен əрекет формасымен анықталатын мазмұн;
2. айтушының мазмұндық бастауға қатынасы.
Дискурс мазмұны функционалдық стильдердің
негізінде жатқандықтан, олармен
тығыз байланыста болады. Айтушының дискурс мазмұнына қатынасы сөйлеу субъек-
тісінің қатынас классификациясында көрініс табады.
Бұл қатынас бейтарап, экспрес-
сивтік /эмоционалды боялған болады. Осы екі бастау (оқиғалы-мазмұнды жəне жекелік
(личностный) негізінде Т.И.Попова диктумды жəне модустық дискурстардың классифи-
кациясын береді.
Диктумдық дискурсқа ғылыми дискурс, кəсіби қарым-қатынас дискурсымен күнделік-
ті қарым-қатынас жағдайында ақпаратты сұрау (запрос) жəне алу дискурсын жатқызады.
Достарыңызбен бөлісу: