181
М. Əуезовтің драмалық шығармаларына зер сала отырып, оның қазақ халқына тəн ше-
шенді өнерді терең меңгергеніне куə боламыз. «Еңлік –Кебек», «Абай» трагедияларындағы
шешенді дауда əр кейіпкерге ұтымды сөз бен ұшқыр ойды сала білуі тұлғаның ойлаудың
жоғары мəдениетін терең меңгергенін көрсетеді. Тілдік тұлғаның əлеуметтік –
этникалық
белгісіне тағы да оның əр драмасында көрініс беріп отыратын əлеуметшілдігін келтіруге бо-
лады, оның ел бірлігі, бостандығы туралы ойлары үнемі драмаларының бойында көрініс та-
уып отырады.
Тілдік тұлға құрылымын анықтайтын жеке – даралық параметрі оның өзіне ғана тəн ав-
торлық қолтаңбасын
анықтайтын идеялық көзқарасы, сөз саптауы арқылы ажыратылады.
Вербалды-семантикалық деңгейде тілдік тұлғаның күнделікті дəстүрлі тілді меңгеру дең-
гейі анықталады. Бұл деңгейге автордың өзіндік сөз қолданысы, əртүрлі образдар көрінісінің
қолданылу дəрежесі, тілдік тəсілдердің сонылығы, түр
жаңалығы, семалар ерекшеліктері
енеді. Бұл тілдік тұлғаның бастапқы таным көрінісін ашатын деңгей болғандықтан, ол кейде
нөлдік деңгей деп те аталып, тілдік тұлғаның тілді қолдану ерекшелігі басым түрде əңгіме бо-
лады. Қ.Жаманбаева «Тіл қолданысының когнитивтік негіздері» еңбегінде А.Байтұрсынұлы
көрсеткен тіл толғау шарттарын осы деңгейге енгізеді: 1. Сөз дұрыстығы; 2. Сөйлемдерді
орайластырып, құрмаластыру; 3.Тіл
анықтығы; 4. Тіл дəлдігі; 5.Тіл көрнектігі [4,19]. Бұл
деңгейде, əсіресе, жекелік метафора мен мақалдар, қанатты сөздер, фразеологизмдер ерек-
шелігін қарастырған жөн .
Тұлғаның белгілі бір лексикалық бірліктерді таңдауы оның рухани əлемінің бейнесін та-
нытып, тілдік құзіретін білдіреді. Олай болса, біз үшін М. Əуезовтің тіліндегі кірме сөздерді,
көп мағыналы сөздер құрылымынан өзіндік мағына таңдап қолдануын, жеке ассоциацияла-
рының жүйесін қалыптастыруын, зерттеу оның вербалды-семантикалық деңгейдің өзінде-ақ
оның тілдік тұлғасына тəн ерекшеліктерді табуға көмектесіп, кейінгі деңгейлерді таразыла-
уға негіз қалайды.
Бұл тарауда Ю.Н. Караулов тұжырымдаған «өзінде психологиялық та, əлеу-
меттік, этикалық құндылықтары арқылы, дискурсы арқылы сіңірген толыққанды тұлға» [5]
мəселесін сөз етпекшіміз.
Тілдік тұлғаны зерттеуде тұлғаның дүниетаным мазмұны негізгі аспектінің бірі болып
табылып, ауызша диалогта мінез шашыраңқы көрінгенімен, уақыт өте ол жинақталады. Бұл
дискурстың нышаны. Дискурс – бұл хабарлама, оны қолданушы адамның көзқарасы мен сөй-
леу əрекеті. Дискурс жазушының көркем танымы арқылы ішкі жəне сыртқы əлемін жасаған
тұлға үлгісі ретінде сөйлейтін əдеби шығармадағы кейіпкердің айтқан сөздерінің жиынтығы.
Шығарма мазмұнына, ондағы кейіпкерлердің мінездеріне берілген тілдік құрылымының, дү-
ниетанымының, өмірлік мұраттарының мəтіндегі көрінісіне қарап, когнитивтік жəне праг-
матикалық деңгейінің нəтижесін, тұлға құндылығының жүйесін анықтауға болады [5]. Осы-
лайша, əдеби кейіпкердің мінезі мен тілін көрсету арқылы шығарма авторы бізге тұтас тілдік
тұлға ретінде көрінеді.
«Сөздің ерен ұстасы» деген баға алған М.О.Əуезов əрбір
жазған шығармасының тілі-
не аса жоғары талап қойып, сол биіктерден өзін жарқырата көрсеткен суреткер. Академик
З.Қабдолов М.О.Əуезов туралы, оның шығармаларының тілі туралы: «...бүтін бір мектеп
боларлық шұрайлы тіл», - деп көрсетуі тегіннен тегін айтылмаса керек. Жазушы шығарма-
сын зерттеген көптеген ғалымдар, мейлі олар əдебиетшілер болсын, я тілшілер болсын оның
шығармаларының тіл байлығына, ойының байлығына соқпай кеткені жоқ.. М.О.Əуезов тіл
өнерін жоғары бағалаған, сондықтан да өзі айтқандай «қиын жанр, ең жауапты жанр – драма
жанрының» жазылуына ең жоғары талап қойып отырған. Міне, сол себепті «Пьеса ішінде
сөз кеміп, іс молайсын» [6] деген басты шарт қояды.
М.О.Əуезовті тілдік тұлға ретінде танытатын қырының бірі – оның драмалық шығарма-
ларындағы суреткерлік қыры. Қазақ сөзінің дариясында ерсілі – қарсылы еркін жүзген заңғар
182
жазушы пьесаларында поэтиканың басым болуы, іс –əрекеттердің мол болуы, ал сөздің аз да
болса,
саз болып, нақтылап беру шеберлігіне қатты назар аударғанына куə боласыз [7].
Осы орайда Ғ. Слановтың мына бір сөздерін келтіре кеткенді жөн көрдік «Көп оқып, көп
тоқығанның арқасында ана тілінің түбірлерімен ұштасып жататын жаңа сөз, жаңа орамдар
табатын озғын тілмарлар тап осындай бейнетқорлардан шығады. Ал өз аулының сөздігінен
басқаға пысқырып, бұрын құлағына тимеген өзге өлкелер тілін ерсі көріп, осқырынып қарай-
тындар болса, оның сөздік қоры да тапшы, адымы да шау жатады.
Бір мысал. Сөз қорының молдығы жағынан да, тіл байлығын пайдаланудағы əр алуан
орамы, жаңа қолданыстар жөнінде де Мұқтар ағайға тілші ғалымдарымыз бен жазушы, қа-
лам қайраткерлері түгел ақ ден қоятын секілді. Орынды - ақ! Біздің ойымызша, осында екі
түрлі сыр бар- ау дейміз. Біріншіден, Мұқан «ана өлке тілге кедей, мынау бай, кəделі бұйым
онда көп те, мұнда жоқ» деп қарамастан, қай жерлің асылы болса да, іле жүріп, кəдеге жа-
райды ау дегенін жатсынбай қолдана біледі. Тегінде тілі кедейліктен өзге бір «бай» өлкеге
барып, қарызға тіл сұраған аймақ қашаннан жоқ. Шаруашылығының түріне, өзге көрші ха-
лықтармен аралас құраластығына , тұрмыс күйіне қарай əр өлкенің тілінде де ерекшелік бола
береді.
...Тілдің бояуы өте қажет нəрсе. Оқушыға ой салып, сипаттап отырған адамыңның қырла-
рын ашуға да аса қажет бояуы бар, нəрлі сөздер əдебиет қайраткерлерінің мүддесіне көбірек
жараса керек. Мұқаң тілдегі қасиеттер осындай қағидаға жүгінгеннен болып отыр-ау деймін.
...Ол кісі əр өлкенің байырға сөздерден жарасымды қолданып жүргенін мысалдардан айқын
көреміз.
Мұқаңның лексиконында «сəт сапар», «сын сағат» тəріздес жаңа тіркестер көрінген
сайын əдебиетшілеріміз іліп əкетіп қолданып жүр.
Мұқаңның əдеби тілімізді ұстарту, дамыту жөнінде сіңірген еңбегі мол. «Шынжыр қа-
тар бір топ патшалар» дегенін алайық. «Шынжыр қатар» деген жаңа атау. Бұл
Мұқаң тапқан
көп игінің бірі. Тек «бір топ патшалар» деген көкейге қоныңқырамайды. «Бір топ» болғасын
ақ көптікті көрсепей ме? Ендеше «патшаға» тағы да көптік жалғаудың керегі бар ма? «Бір топ
кісі», «бір топ жаңы», «бір топ құс» деп айтыла бермейтін бе еді? Əлде Мұқаң мұны əдейі
солайша алып отыр ма?»
[8]
Өзімізге дейінгі жазушы тілін зерттеген əдебиетші, тілші ғалымдардың салған сүрле-
уімен тіліміздегі байырғы сөздердің қолданылуы, кірме сөздер, бұны орыс тілінен /орыс тілі
арқылы үнді-еуропа тілдерінен енген, араб, парсы тілдерінен енген деп жəне жазушының тек
өзінің ғана əрі стильдік, əрі жанрлық, əрі əдеби шеберлігін көрсететін сирек қолданылған
сөздер тобы
деп жіктегенді жөн деп таптық.
Достарыңызбен бөлісу: