Атты Халықаралық ғылыми-əдістемелік конференция материалдары


ПРОБЛЕМАЛЫҚ ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ СТУДЕНТТЕРДІҢ



Pdf көрінісі
бет189/255
Дата19.12.2023
өлшемі2.56 Mb.
#487056
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   255
Оралбаева

ПРОБЛЕМАЛЫҚ ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ СТУДЕНТТЕРДІҢ 
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ
Ж.М.Қырықбаева
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
Бұл мақалада қазақ тілін проблемалық əдіс арқылы оқытудың кейбір ерекшелігі қара-
стырылады. Проблемалық əдісті қолдану арқылы оқытушы студенттің ойлау қабілетін, 
шығармашылығын, интеллектуалдық танымын дамытудың тиімді жолдарына тоқтала-
ды.Проблемалық əдістің шығармашылық ерекшелігі- оқытушы білімді даяр күйінде баяндай 
бермей, студенттердің алдына белгілі бір проблемалық міндет қойып, оны өздеріне шеш-
тіруге бағыттауы болып табылады. Жас ұрпақтың шығарымпаздық ізденістерін артты-
рудағы проблемалық оқыту əдісінің маңызы туралы сөз етіледі.
Тірек сөздер:проблема,проблемалық жағдаят, проблемалық оқыту, проблемалық оқы-
ту технологиясы проблеманы шешу, проблемалық сұрақтар жүйесі, интеллектуалдық та-
ным, шығармашылық тұрғыдан, педагогикалық үрдіс, білім мен дағды, студент тұлғасын 
қалыптастыру, танымдық тапсырмалар жүйесі
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында оқыту формасын, əдістерін, техно-
логияларын таңдауда көп нұсқалық қағида атап көрсетілген. Бұл білім беру мекемелерінің 
оқытушыларына өзіне оңтайлы нұсқаны қолдануына, педагогикалық үрдісті кез келген үл-
гімен құра беруіне мүмкіндік береді.Қазіргі уақыттағы оқу-тəрбие үдерісінің ерекшелігі 
оқушының,студенттің тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқу технологияларын ұтымды 
қолданысқа алуы.
Бүгінгі заманғы білім берудің басты мақсаты- мамандарды əлемді шығармашылық тұрғы-
дан өзгертудің əдістемесімен қаруландыру. Осы тұрғыда ғылыми міндеттерді дəстүрлі емес 
əдістермен шешудің жолы ретінде проблемалық оқыту жүйесін қолдануға болады. Пробле-
малап оқыту жүйесі – студенттердің ой – өрісін,логикалық ойлау қабілетін, шығармашылық 
əрекетін дамытуға негізделген. Проблемалық оқыту - оқытудың əдіс-тəсілдерін қолдана 
отырып,білімді шығармашылық тұрғыдан меңгеруге негізделген дидактикалық жүйе.Осы 
проблемалық оқытудың негізін салушылар мен зерттеушілер: американдық Джон Дьюи мен 
оның шəкірті В.Клипатрик, орыс ғалымы
М. Махмутов. Олардың негізгі идеясы: Проблема қойып, оны шешу арқылы оқып үйрену; 
Қазақ тілі пəнін проблемалық оқыту мəселесін сөз етпестен бұрын «проблема» ұғымына 
анықтама беретін болсақ,қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде былай деп көрсеткен: «Пробле-
ма –зерттеуді,шешуді керек ететін күрделі мəселе,міндет».Проблема деп шешілуін студент-
терден білім алу үшін белгілі əрекеттерді талап ететін тапсырмалардың, теориялық немесе 
тəжірибелік мəселелердің əртүрлілігін түсінуге болады.
Мұндағы басты міндет – студенттердің ойлау жүйесін өздерінің шығармашылық қа-
білеттері арқылы жəне игерген білім қорын одан əрі тереңдетуге қажетті зейін – зердесін 
тəрбиелеу болып табылады.
Проблемалық оқытудың мақсаты: -Студенттердің теориялық ойлау қабілеттері мен дағ-
дыларын дамыту; -Студенттердің белсенді ізденіс нəтижесінде игерген білімдері мен дағ-
дыларын есте берік сақтату; -Түрлі проблемаларды шеше білетін білімді студент тұлғасын 
қалыптастыру; - Кез-келген нақты қызмет саласында өз ерекшелігі болатын кəсіби проблема-
лық ойлау жүйесін қалыптастыру жəне дамыту; - Берілген материалды студент интеллекту-
алды-танымды түрде қабылдап,саналы,шығармашылық түрде құрылған шешім шығара білу;
Əдістемелік жүйе ретінде оқытушының танымдық тапсырмалары мен көрнекі құрал-
дардан проблемалық оқытудың мəні құрылады.Проблемалық оқытудың мəні-проблемалық 


329
жағдаят туғызу мен студенттердің оқу проблемасын дербес шешулері бойынша іс-əрекет-
терін басқару, яғни оқыту түрі.Проблемалық оқыту кезінде оқытушы ізденіс жұмыстарын 
ұйымдастырады, оның барысында жаңа білім, іскерліктерді меңгеріп, жалпы қабілетін, зерт-
теу белсенділігін дамытады, шығармашылыққа үйренеді, оқу мен оқыту сипаты өзгереді.
М.И.Махмутов: «Білім мен білім алу əрекеті арасындағы өзара байланыс студент өзі 
білмейтін нəрсемен танысқанда, оны түсінуге тырысқанда пайда болатын қайшылықтардан 
шығу жолын іздегенде ғана тығыз болады,өйткені ол жаңа білімді игеру барысында ізденіс 
жасап, əрекет етеді»,-деп көрсетеді [4]. Мұндай жағдайдан шығу білімді меңгерудің жолын 
құрастыру кезінде туындаған проблеманы шешу үшін ойлану қабілетін дамытқанда ғана 
іске асады. Демек, проблемалық оқыту ғана білім алушылардың шығармашылық ойлауын 
дамытады деген сөз.Студенттершағын зерттеу, шығармашылық-тəжірбиелік жұмыстармен 
айналысады.Сонда,проблемалық оқыту процесі былай жүреді: • Проблемалық жағдай жасау 
жəне мəселе қою. • Мəселені шешу жолдарын ұсыну. • Мəселелердің дұрыстығын дерек-
тер арқылы тексеру. • Нəтижелерді қорыту: жаңа білім, іскерліктерді студенттердіңбұрынғы 
білім, іскерліктеріне қосу жəне оларды теория мен тəжірибе арқылы бекіту. 
Проблемалық оқытудың негізгі ерекшелігі – мұнда оқытушы білімді дайын түрде баян-
дап бермейді,студенттердің алдына проблемалық міндет қояды.Шешімді жəне шешу құралда-
рын оқушы өзі іздестіруі тиіс.Проблемалық оқытуды ойдағыдай іске асыру үшін студенттерге 
ұсынатын проблемалық сұрақтар жүйесін жасап шығу қажет. Онда кез келген сұрақ пробле-
малы бола бермейді əрі проблемалы сұрақтың жауабы дайын болмайды.Сондықтан онысту-
дент міндетті түрде өзі іздеуі шарт. Ол сұрақ баланың сана-сезімінде қиындық туғызуы қажет.
Студент іштей түйсінген ойлау қиыншылығы проблемалық жағдаят деп аталады.Проблема-
лық жағдаятты құру үшін жаңа білім мен əрекетті таныстыратын теориялық жəне практикалық 
тапсырмалар беру қажет. Əр түрлі жағдаяттарды құру іс-əрекеттің артуына,шығармашылықпен 
жұмыс жасауына мүмкіндік береді.Жағдаятты құруда төмендегі басты қағидалар басшылыққа 
алынады: - тапсырма студент білетін білімге негізделуі тиіс,яғни тапсырманың жас ерекшелік-
терге,білім деңгейге байланысты болуы; - проблемалық оқытудың негізі мəселелі сұрақ болған-
дықтан, студенттің ізденісін тудыратын түрлі сұрақтардың тізбегі керек; -студенттің ізденім-
паздық қабілеті мен саналы түрде дамуына əсерін тигізетін -танымдық тапсырмалар жүйесін 
қолдану; - логикалық ой тудыратын суреттер,көрнекі құралдарды пайдалану.
Проблемалық жағдайларға қойылатын негізгі талаптар: - Студенттердің танымдық əре-
кеті мен дербестікті дамытуға бағытталуы; - Оқу ақпаратының сəйкестілігі; - Проблеманың 
күрделі болуы; - Талдауда қайшылықтардың кездесуі.
Проблемалық оқыту технологиясын дұрыс іздене білгенде, ол - студенттердің тілін да-
мытуға; -ойлау – таным қызметін дамытуға; -өздігінше жұмыс істеу біліктерін қалыптасты-
руға; -қоршаған ортада болып жатқан қоғамдық – саяси өзгерістерге өздігінше баға беруге 
мүмкіндік береді. 
Проблемалық оқыту басқа да технологиялар сияқты өзінің жағымды жəне жағымсыз та-
раптарға ие.Оның тиімділігі: - Студенттердің логикалық ойлау қабілетін арттырады; - Оқу 
еңбегіне қызығушылығын арттырады; - Оларды өздігінен саналы жұмыс істеуге үйретеді; - 
Берік білімге, оқытудың жоғары нəтижесіне жеткізеді; - Қорытынды жасауға жəне өзіне-өзі 
баға беруді қамтамасыз етеді.
Кемшілігі: -жоспарланған нəтижеге жету көп уақытты талап етеді; - студенттердің та-
нымдық іс-əрекеттерін жүйелі басқару қиынға соқтырады.
Проблемалық оқытудағы студенттің шығармашылық іс-əрекетін былай тұжырымдауға 
болады: - Оқу материалының мазмұнын талдау, саралау; - Проблеманы ашу арқылы шығар-
машылық еңбекке қол жеткізу; - Қорытынды жасау жəне өзіне-өзі баға беру;
Дəстүрлі оқытумен салыстырғанда проблемалық оқытудың мынадай өзіндік ерекшелік-
тері байқалады: - жаңа ұғымды түсінуде,оқу мəселесін шешу жолымен студенттің интел-


330
лектуалды мүмкіндігі күшейеді; - қиын жағдайдан,оқиғадан шығу жолы ретінде ,студенттің 
саналы ойлау қабілеті дағдыланады; - Студенттің эмоционалдық,ізденімпаздық белсенділігі 
артады; - Интеллектуалды іс-əрекет үрдісінде студентте танымдық қабілет пайда болады; 
- Ойлау,есте ақтау,елестету,іздену сияқты психологиялық категориялар белсенді түрде 
қалыптасып, студенттің дамуына өзіндік əсерін тигізеді; - Жағдаятты баяндау барысында 
тілдік қоры да дамиды.
Бүгінгі оқу ісіне қойылатын заман талабы - өзіндік ой-тұжырымы бар, логикалық ойлау 
қабілеті дамыған, өз көзқарасы мен пікірін ашық айта алатын, ақпараттар ағымынан қажетін 
іріктеп ала білетін, қоғамдық ортаға икемді, өз жолын дұрыс таңдай алатын жас ұрпақты тəр-
биелеу.Бұл міндетті жүзеге асыруда барлық пəндер өз үлесін қосады.Соның бірі өзім сабақ 
беретін Қазақ тілі пəні студенттердің білімін арттырып, ынталандырып, зейінін тұрақтан-
дыратындай жаттығулар жүргізуге негізделген пəн болғандықтан, студенттердің дүние та-
нымын жетілдіру мақсатында сабақта «проблемалық оқытутехнологиясын» қолданамын.
Мақсатым – студенттерді белсенділікке,өз бетімен білім алуға,ізденуге,өздерін тұлға ретін-
де сезіне білуге үйрету. Оқытушы сабаққа дайындық барысында алдымен, пəнге арналған 
типтік оқу бағдарламасымен танысуы керек жəне қажетті көрнекіліктер- кестелер, сызба-
лар, үлестірме,деректемелер, дидактикалық материалдарға, білім беру əдіс-тəсілдеріне көңіл 
бөледі.Проблемалық оқыту кезінде оқытушы ізденіс жұмыстарын ұйымдастырады.Оның 
барысында студенттер жаңа білімді меңгеріп, жалпы қабілетін, зерттеу белсенділігін дамы-
тады, шығармашылыққа үйренеді.Оқытушы сабақ тақырыбына байланысты конспект,про-
блемалық сұрақтар мен шешімдерді де қарастырады. Өйткені қазақ тілі пəні бойынша алға 
қойған негізгі мақсатым- студенттердің өздері өтіп жатқан тақырыптарынан алған білімдерін 
жинақтай білуге,оны есте сақтауға,ізденуге,өзіндік талдауға жəне өзіндік тұжырымдай білу-
ге дағдыландыру болып табылады. 
Проблемалық оқытуды дұрыс ұйымдастыру үшін проблемалық жағдаят туғызу керек.
Осы əдісте оқытушы кейбір теориялық материалды баяндай отырып, тақырыпқа байланысты 
мəселелерді студенттердің өздерінің шешуіне жағдай жасайды,яғни проблемалық жағдаят 
туғызады. Оқытушы осындай проблемалы жағдай туғызып, оның шешімін іздеуге студент-
терді бағыттайды. Сөйтіп, студент өз оқуының субьектісіне айналады, соның нəтижесінде 
ол жаңа білім игеріп,жаңа əрекет əдістерін меңгереді. Студенттер сабақ барысында салы-
стырмалы түрде проблемалық жағдайлардың себебін, ұқсастығы мен салдарын анықтау 
жəне қажетті сұрақтардың шешімдерін табуға бағыт алады. Жалпы, проблемалық оқытуға 
негізделген тапсырмалардың қай түрі болмасын, студенттердің шығармашылық қабілетін
дарынын дамытуға бағытталады. Дəріс беру іскерлікті, ізденімпаздықты, оқушылардың 
байқау қабілетін жетілдіруге, сонымен бірге сөздік қорын молайтуға мүмкіндіктер береді.
Айталық,проблемалы жағдайларды оқу үрдісінің барлық кезеңдерінде , яғни жаңа тақы-
рыпты түсіндіру, жаңа сабақты бекіту, тексеру кезінде ойластыруға болады. Ал, студенттер 
оқытушының дəрісін тыңдайды, тапсырмаларды орындайды, жəне қажетті əдебиеттермен 
танысады.Проблемалық оқытуда оқытушы студент білуге тиісті таным- түсінікті өзі айтып 
бермейді, қайта шəкіртке іздетеді. Кезінде грек данасы Сократтың алдына қойған мақсаты 
білімнің өзі емес, адамдардың білім алуға деген ықыласын ояту, білімге ынтықтыру болған 
екен.Сондықтан тиісті тақырып бойынша проблемалық сұрақтарды шешудің нұсқаларын қа-
растырып, оны шешу шəкірттің үлесіне тиісті болмақ.Жаңа білімді игеру барысында білім 
алушы өздігінен ізденіп жəне оны практикада қолдана алуына мүмкіндік алады.Сонда бұл 
проблеманы шешу, түрлі проблемалық жағдаятты талдау, күрделі мəселенің түйінін тарқату, 
тəжірибеде сынау нəтижесінде қол жеткен таным- түсінікті менгеруді білім алушының алған 
білімі деп танитын боламыз. Проблемалық оқытудың алғы шарттарын С.Л Рубенштейн, Н.А 
Мечинская, Г.С Костюк, А.М Матюшин т.б. өз еңбектерінде: «Жаңа ұрпақ жастары білім 
қорын қабылдап, өзінің танымдық қабілеттерін тек өздерінің белсенділігімен, өзіндік іздену-


331
лерімен ғана дамыта алады» деген болатын.Олай болса, студенттердің ынтасы мен дүниета-
нымдық шығармашылық қабілеттерін арттыру жəне ақыл-ойды қалыптастыру мақсатында 
проблемалық оқыту əдістерін қолданудың өзіндік ролі бар деп айтуға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   255




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет