Атты Халықаралық ғылыми-əдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет188/255
Дата19.12.2023
өлшемі2.56 Mb.
#487056
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   255
Оралбаева

Қатысымдық құзіреттілігі жоғары оқу орындары студенттерінің қазақ тілінде тілдік 
қатынас жасауы, ұғынысуы, түсінісуі, өмірлік түрлі ситуацияларда сөйлесім əрекеті арқылы 
өз ойын жеткізуі жатқызылады.


327
Қатысымдық құзіреттілік арқылы студенттер сөйлесім əрекетінің барлық түрлерін мең-
геруі тиіс. Студенттер тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым, тілдесім үдрістері бойынша 
айтылған ақпараттардың мазмұнын, кез-келген ортада өзінің пікірін еркін айтуға дағдыла-
нып; мəтіндегі ақпараттарды толық түсініп оқи алуы тиіс.
Қатысымдық құзыреттілік жеке тұлғаның рухани өсуін қалыптастырады, адамдарды 
түсіне білуіне көмектеседі.Сондықтан оқу орны алдына мақсат қоя білетін, анық та дұрыс 
сөйлей білетін, өз ойын жарыққа еркін шығара алатын, түсіне жəне түсіндіре білетін білік-
ті маманды еңбекке аттандырады.Білім алушының қатысымдық құзіреттілігін дамыту үшін 
сұрақ – жауап, диалог, қатысым жүзеге асырылады.
Сөйлеу жаттығулары қабылдауға, ойлауға, еліктеуге жəне сөйлеу үлгілерін есте сақтауға 
бағытталып, тіл үйренушілерді белсенді сөйлеу əрекетіне жетелейді. Қатысымдық жаттығу-
лар дайындық жаттығуларынан бірсыпыра күрделі, оларды шығармашылық жаттығулар деп 
те атауға болады. Шет тілін жеделдете үйрету кезінде сөйлеу жаттығулары өте жиі қолда-
нылады, өйткені бұл жаттығуды орындау үшін тіл үйренушінің белгілі тілдік білімі, сөздік 
қоры, пікірлесу тəжірибесі болуы керек. Қатысымдық жаттығулар арқылы олардың бəрі де 
əрі қарай дамытылады, сондықтан мұнда да жаттықтыру əрекеті жалғастырады, бірақ ол 
күрделену, дамыту, қалыптастыру бағытында жүргізіледі. Ауызша жаттығу студенттің оқу 
материалын ауызекі баяндауға дағдылану мақсатын көздейді Қазіргі кезде шет тілін ком-
муникативті функционалды бағытта оқытылуы тиіс. Сондықтан тілдің қатысымдық маха-
низмінмашу қажет. Яғни , оның сөйлеу процесіндегі, сөйлем құрудағы, мəтін бойынша əн-
гіме құрастырудағы рөлі амал – құралдар арқылы меңгертіледі. Шет тілін білу қазіргі таңның 
басты мəселесі. Сабақта бұл мəселені шешу жолдарының бірі-əр түрлі əдіс-тəсілдерді тиімді 
қолдана отырып, жаңа технологияларды енгізу. Бүгінгі таңда əрбір жаңашыл оқытушы үшін, 
сыни тұрғысынан ойлау əдісі кез келген стратегияларға құнды, əрі бағалы. Бұл стратегия 
қызығушылын арттыра отырып, оқытушының тығырыққа тірелетін сəттерінен арылтады. 
Сұрақ қою, ой шақыру, білім көпірі, бес жолды өлең, еркін жазу, білемін, үйренгім келеді,біл-
гім келеді, Венн диаграммасы, пікірталас, болжау, Автор орындығы, топтастыру, т.б, страте-
гиялық қолдану студенттердің мотивациясын оятып, ынталандыра түсері сөзсіз. 
Əдебиеттер
1. Оразбаева Ф.Ш. Тілдік қатынас: теория жəне əдістемесі : оқу құралы.– Алматы: РБК, 
2000. – 208 б.
2. ҚұдайбергеновК.С. Құзырлылық тұлға дамуының сапалық критерийі // Білім сапасын 
бағалаудың мəселелері: əдіснамалық негізі жəне практикалық нəтижесі. Халықаралық ғыл.-
практ. конф. материалдары. – Алматы: ББЖ КБАРИ, 2008. 30-36 б.
3. Қаңлыбаева Д.Т. Оқушыларға коммуникативтік құзыреттілік білім берудің негіздері 
// Білім əлемінде. № 4(4). 57-60б.


328


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   255




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет