Атты Халықаралық ғылыми-əдістемелік конференция материалдары


ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНІҢ ІРІ МАМАНЫ



Pdf көрінісі
бет18/255
Дата19.12.2023
өлшемі2.56 Mb.
#487056
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   255
Оралбаева

ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНІҢ ІРІ МАМАНЫ
Б.Əбдіғазиұлы –
Филология жəне көптілді білім беру
институтының директоры, филол.ғ.д., профессор 
Құрметті əріптестер!
Еңбекқорлығы мен тума талантының арқасында халқының ардақты қыздарының біріне 
айналған, қазақ тілі ғылымының өсіп-өркендеуіне, бүгінгі кең айдынға құлаш ұруына жарғақ 
құлағы жастыққа тимей қызмет еткен апаларымыздың бірі – ардақты ана, ұлағатты ұстаз, 
Қазақстан республикасына еңбегі сіңген ғылым қайраткері, филология ғылымының докторы, 
профессор Нұржамал Оралбай. Ғалым ананың өмір жолы, тындырған істері ұлтына өнеге, 
халқына мақтаныш.
Н.Оралбай 1949 жылы Абай атындағы КазПИ-ді қызыл дипломмен бітіріп, Ғылым Ака-
демиясының Тіл білімі институтына аспирантураға қалдырылды. 1952 жылы аспирантураны 
бітіргеннен кейін өзі оқып білім алған КазПИ-ге келіп 1975 жылға дейін ұстаздық қызмет 
атқарды. Осы кезең ішінде «Октябрьден кейінге қазақ жазуларының тарихы» тақырыбын-
да кандидаттық диссертация (1956), «Қазақ тіліндегі етістіктің аналитикалық формалары» 
тақырыбында докторлық диссертация (1971) қорғап, 1976 жылы Ғылым Академиясының Тіл 
білім институтына шақырылып, онда аға ғылыми қызметкер, бас ғылыми қызметкер қызмет-
терін атқарды. 1989 жылы туған институты Абай атындағы КазПИ-ге кафедра меңгерушілі-
гіне шақырылып, проректор қызметін де атқарды.
Профессор Н.Оралбай – қазақ тіл білімінің ірі маманы. Оның ғылыми ізденістерінің 
бағытын бірнеше салаға жіктеп-саралауға болады. Солардың ішінде ең бір өнімді қазақ грам-
матикасының ірі-ірі салалары: морфология жəне сөзжасам. 


30
Нұржамал Оралбайдың аналитикалық форма идеясы, теориясы қазақ тілі морфология-
сында қалыптасқан. Н.Оралбайдың қазақ тіл білімінің зерттелуіне, дамуына қосқан үлесінің 
бірі – қазақ тілі сөзжасамының дербес сала ретінде танылуы дəлелденуімен байланысты. 
Қазақ тілінің сөзжасамы бүгінде қазақ тіл білімінің бір саласы ретінде ғылыми-теори-
ялық негізі қаланған, ұстанымдары мен қағидалары айқындалған. Қазақ тілінің сөзжасамы 
бойынша Нұржамал Оралбайдың жетекшілігімен бірнеше ғылыми зерттеу жұмыстары жа-
зылды. 
Тіл теориясы мен əдістемесі бойынша бүгінде Нұржамал Оралбайдың жетекшілігімен 
20-ға жуық ғылым докторлары, 60-тай ғылым кандидаттары дайындалған. Нұржамал Орал-
бай өзінің мектебін қалыптастырған ұлағатты ғалым-ұстаз. Бүгінгі 90-жылдық мерейтой-
ымен шын жүректен құттықтай отырып, Нұржамал Оралбайға тек қана таусылмас бақыт 
тілейміз, аман-есен шəкірттеріне мақтаныш болып жүре беруіне тілектеспіз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   255




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет