29
тұрғыда айтарлықтай өзгешеліктері бар, жаңа бағыттағы қазақ тілін өздігінен үйренушілерге
арналған «Қазақ тілін үйренеміз» атты еңбегі, орыс мектептеріндегі
қазақ тілі мамандығына
арнап, 1996 жылы жазған «Орыс тіліндегі мектепте қазақ тілін оқыту əдістемесі» атты оқу-
лық, қазақ тілі жəне қазақ тілінің əдістемесі мамандықтары бойынша Тəуелсіздіктің алғашқы
жылдарында кандидаттық жəне докторлық диссертациялар қорғайтын арнайы диссертаци-
ялық кеңестің ашылуына ұйтқы болып, оның жұмысын ұйымдастырып басшылық жасауы,
бүгінгі таңда жаңа талаптарға жəне жаңа білім мазмұнына сай жалғасын тауып қарқынды
дамып отырған игі істердің бірі болып отыр.
Профессор Н.Оралбай еліміздегі жəне шет елдердегі басқа ұлт өкілдерінің ана
тілімізді үйренуіне қыруар еңбектерімен белсене араласқан ұлтжанды ұстаз.
Олай де-
уімізге 1987 жылы Алматы қаласында шыққан қазақ тілін үйрену курсының бағдарлама-
сы, 1989 жылы жарық көрген «Қазақ тілін үйренеміз» атты кітабы, 1998 жылы Анкара
қаласында жарық көрген «Қазақша үйренеміз» атты түрік студенттеріне арналған оқу-
лығы дəлел. Қазіргі таңда бұл оқулықтарды шетелдердегі студенттер қолдануда. Өзге
ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйретудің маңыздылығы бүгінгі күні – заман талабынан туып
отыр. Осы тараптан алғанда, ғалымның еңбектерінің берері мол деп нақ сеніммен айта
аламыз.
Аса қадірлі Нұржамал Оралбай! Сізді мерейтойыңызбен құттықтай отырып, өмірдегі бар-
лық жақсылықтарды тілейміз! Бала-шағаңыздың, шəкірттеріңіздің рахатын көріп, аман-есен
жүре беріңіз!
Достарыңызбен бөлісу: