28
Нұржамал Оралбай қазақ тіл білімінің жазу тарихы, графика, орфография мəселелерімен,
қазақ тілінің морфологиясы жəне сөзжасам салаларын зерттеумен шұғылданған. Ғалым Н.О-
ралбай сөзжасамдық мағынаны ғылымға қалай кірді, қай мəселемен кірді деген сияқты сау-
алдарға жауап
беру арқылы тарихи шолу жасап, ғылымда бірінші рет дəлелдеген.
Қазақ тіліндегі етістіктің аналитикалық форманттары теориясы
қазақ тіл білімінде
тұңғыш
талданып,
жан-жақты қарастырылуы,
осы ілімнің негізінің жасалып,
қалыптасуы
жəне дамуы Н.Оралбайдың есімімен байланысты. Ол алғаш қазақ
тіліндегі етістіктің анали-
тикалық форманты теориясын ашты.
Ғалымның 200-дей еңбегі-ғылыми мақалаларын, монографияларын, оқулықтарын, оқу
құралдарын, пəн бағдарламаларын еліміздің ЖОО-дағы студенттер пайдалануда.
Ортаға салынатын салиқалы ой, талас пікірлердің тіл ғылымының дамуына тамшыдай
болса да үлес қосатынына сенім білдіремін. Осы конференцияда талқыланатын қазақ тілінің
болашағына арналған ойлар, латын əліпбиіне қатысты мəселелер, сонымен қатар қазіргі за-
манда рухани жаңғыру аясында Елбасымыздың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында:
«Барлық жастағы азаматтарды қамтитын білім беру ісінде өзіміздің озық жүйемізді құруды
жеделдету қажет» – деп айтылған.
Құрметті Нұржамал апай! Сондай озық жүйелердің негізін салған Сіз сияқты ғалымда-
рымыз аман болсын!
Конференция жұмысына сəттілік пен шығармашылық табыс тілеймін!
Достарыңызбен бөлісу: